Об установлении размера ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Жекелеген қызмет түрлеріне арналған белгіленген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 394 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жекелеген қызмет түрлеріне арналған белгіленген жиынтық салық ставкалары мөлшері бекітілілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Балқаш қаласы бойынша салық комитеті (Омаров Р.Қ.) жекелеген қызмет түрлеріне арналған белгіленген жиынтық салық ставкаларың төлемдерінің түсімін толық қамтамасыз ету бойынша барлық шаралары қолдансын.
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 16 ақпандағы №17/175 «Қызметтің кейбір түрлеріне кесімді жиынтықталған төлемдер мөлшерін бергілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркеу нөмірі 174, «Балқаш өңірі» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №20 санында, «Балхашский рабоыий» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №24 санына жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қала әкімі Токушев Қ.А. 06.03.2006ж.
Балқаш қаласы бойынша
салық комитетінің
төрағасының м.а. Мукеева Р.Т. 06.03.2006ж.
Басқа 5. Балқаш қаласында орналасқан салық салу объектілерінің бір бірліктерінен жекелеген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтықталған салық ставкаларының мөлшерлері
Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 26 сәуірдегі
№ 32/294 шешімімен
бекітілген қосымша
Балқаш қаласында орналасқан салық салу объектілерінің бір бірліктерінен жекелеген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтықталған салық ставкаларының мөлшерлері
№
Көрсетілетін қызметтер
Белгіленген жиынтықталған салық (БЖС) салу объектілері
Бекітуге ұсынылатын бір объектіге БЖС көлемі
1.
Ойын бизнесі саласында
Ойын мекемесі өзінің тарапталық өкілдері арқылы қатысатын, азарттық ойындарды жүргізуге арналған ойын үстелі
1000
Ойын мекемесі өзінің тарапталық өкілдері ұйымдастырушы және (немесе) бақылаушы ретінде қатысатын, азарттық ойындарды жүргізуге арналған ойын үстелі
200
Ақшалы ұтыспен ойын автоматтары
100
Тотализатор кассасы
-
Букмекерлік кеңсе кассасы
222
2.
Ақшалы ұтыссыз ойын автоматтары бойынша
Ақшалы ұтыссыз ойын автоматтары
20
3.
Боулинг (кегельбан) бойынша
Ойын жолы
265
4.
Картинг бойынша
Карт
-
5.
Бильярд бойынша
Бильярд үстел
100
6.
Лото ойынын ұйымдастыру бойынша
Лото ойынын ұйымдастырушы
-
Ескерту:
1. Белгіленген жиынтық салық (БЖС) көлемі салық салу объектілерінің бір бірліктеріне есептік айлық көрсеткішпен (ЕАК) анықталған және ЕАК мөлшеріне қарай өзгереді.