О ставках акцизов на игорный бизнес Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын бизнесіне арналған акциздер ставкалары туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 258 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» 2000 жылғы 28 қаңтардағы №137 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы №137 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» 2005 жылғы 5 қазандағы № 1001 қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақшалы ұтыс ойын автоматтарына бір жылға арналған акциз ставкасы 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ойын үстеліне бір жылға арналған акциз ставкасы 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Тотализатор кассасына бір жылға арналған акциз ставкасы 160 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Букмекерлік кеңсе кассасына бір жылға арналған акциз ставкасы 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 16 ақпандағы № 17/174 «Ойын бизнесіне арналған акциздер ставкалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 1740, «Балқаш өңірі» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №20 санында, «Балхашский рабочий» газетінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №24 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К) жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қала әкімі Токушев Қ.А. 06.03.2006ж. Балқаш қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы м.а. Мукеева Р.Т. 06.03.2006ж.