О порядке организации и проведения лотерей (кроме государственных) на территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзудiң Тәртiбi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 шілдедегі N 939 қаулысымен
Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыруды және өткiзудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды
(мемлекеттiктен басқа) ұйымдастырудың және өткiзудiң қоса берiлiп
отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы Тәртiп
бекiтiлген уақыттан бастап 10 күндiк мерзiмде лотереяларды тiркеу және
оларды өткiзуге өздерiнiң лицензия алу қажеттiгi туралы қолданыстағы
лотереяларды ұйымдастырушыларды хабардар етсiн.
Тармақ 3
3. Берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының аумағында
лотереяларды (мемлекеттiктен басқа)
ұйымдастыру мен өткiзудiң
ТӘРТIБI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 қазандағы
N 1326 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының аумағында
лотереяларды (мемлекеттiктен басқа)
ұйымдастыру мен өткiзудiң
ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. Лотереяны өткiзу шартында мынадай мәлiметтер болуы керек:
лотереяны ұйымдастырушының атауы, лотереяны шығару мақсаты;
лотереяны өткiзудiң күнi мен орны (ұтыс таралымы);
лотереяның түрi мен үлгiсiнiң сипаттамасы;
лотереяны ұйымдастыру технологиясының сипаттамасы;
лотерея билеттерiн жасау мен сатудың тәртiбi;
шығарылған лотерея билеттерiнiң жалпы сомасы, оның iшiнде
ұтыстарды төлеуге бағытталатын сомасы мен процентi;
билеттер саны және олардың нөмiрленуi;
ойын аяғына дейiнгi тұрақты сома бойынша бiр билеттiң теңгедегi
құны;
таратушыларға берiлетiн делдалдық сыйақының мөлшерi (олардың
табыстары есебiнен ұйымдастырушылар айқындайды);
ұтыстар бойынша жүлделiк қорды бөлудiң тәртiбi;
заттай ұтыстардың атаулары, олардың саны мен құны;
ақшалай ұтыстардың саны мен сомасы;
ұтыстарды алудың тәртiбi мен мерзiмi;
заттай ұтыс иелерiне олардың қалаулары бойынша құнын қолма-қол
ақшалай алу құқығын беру;
сатуға шығарылған билеттердiң, сатылғандары мен сатылмағандарының
есебiн жүргiзу тәртiбi;
сатылмаған билеттердi кәдеге асырудың тәртiбi (жою, басқа
таралымдарда пайдалану);
алынбаған ұтыстарды сақтау және ұтыстарды алу мерзiмi бiтуi
бойынша оларды алу тәртiбi;
бақылаушы органдарға құжаттар ұсыну тәртiбi;
лотерея билеттерiн жасау, тасымалдау, сақтау процесiнде ұрланудан
сақтаудың тәртiбi;
ұрланған билеттердi ойынға қатыстырудан шығару тәртiбi; лотерея билеттерiн облыстар бойынша орналастырудың алдын ала жоспары.
Тармақ 2
2. Лотереяларды ұйымдастырушылар, егер сатылған билеттердiң саны немесе басқа жағдайлардан оның өткiзiлуiне мүмкiндiк болмаса, лотерея билеттерiнiң иелерiне сомаларды қайтару тәртiбiн ескеруi керек.
Тармақ 3
3. Азаматтардың мүдделерiн қорғау мақсатында, сатылған лотерея билеттерiнiң жалпы сомасының кем дегенде 50 процентi, қолданыстағы заңдарға сәйкес ұтыстарды алатын жерiне төлету арқылы ұтыстарды төлеу бойынша табыс салығын ұстай отырып ұтыстарды (жүлде қорын) төлеуге бағытталады.
Ұтыстарды төлеуге жiберiлген сома шегерiлген табысқа қолданыстағы заңдарға сәйкес салық салынады.
Тармақ 4
4. Халыққа лотерея билеттерiн сату қатаң ерiктi негiзде және лицензияда ескерiлген аумақ шегiнде жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Лотереяларды дайындау және өткiзу бойынша барлық ұйымдастыру шараларын, лотерея немесе олардың функцияларын атқаратын билеттердi сатуды аталған лотереяны өткiзу шарттарына сәйкес жауапты ұйымдастырушылар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлетiн лотереяларды (таралымды, бiр сәттiк) өткiзу мерзiмi мен орнын оны ұйымдастырушылар лицензия берушi органдардың келiсiмi бойынша айқындайды.
Тармақ 7
7. Таралымды лотереяларды өткiзу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) өткiзу тәртiбi туралы" нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Лотереяларды өткiзу және өткiзiлген лотереялар бойынша ұтыстарды төлеу жауапкершiлiгi лотереяларды ұйымдастырушы лауазымды тұлғаларға жүктеледi.
Тармақ 9
9. Ұтыс шыққан лотерея билеттерi бiр ай iшiнде сараптан өткiзiледi.
Тармақ 10
10. Лотерея шарттарына, оның тұжырымдамасы мен технологиясына нұқсан келмейтiн өзгерту енгiзу қажет болған жағдайда ұйымдастырушы лотереяның өзгерген шарттарын қайта тiркеуге мiндеттi.
Тармақ 11
11. Әр таралымды бөлек өткiзгендiгi туралы есептi лотереяны ұйымдастырушылар лицензия берушi органдарға тираж өткеннен бастап 15 күннен кешiктiрмей, бiр сәттiк лотереялар өткiзiлген жағдайда - ай сайын бередi (есеп беру нысаны Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы Нұсқаулыққа сәйкес).
Тармақ 12
12. Сатылған лотерея билеттерiн лотереяны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 63 "Лотерея өткiзу туралы мәлiметтер" қаулысына сәйкес бекiтiлген N 1-Л нысаны бойынша есепке алады.
Тармақ 13
13. Сатылмаған лотереяларды, егер ондайлар болса, сатушылар
лотереяны ұйымдастырушыларға қайтарады, олар есепке алуға және жоюға
жатады, ол құжатпен актiленiп расталады.
Тармақ 14
14. Қандай да болсын себептермен ойнатылмаған лотерея
билеттерiнiң сомасын қайтару осы лотерея билеттерi ойнатылмайтыны
құлақтандырылғаннан кейiн 20 күннен кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы
керек.
Тармақ 15
15. Қандай да болсын себептермен өткiзiлмей қалған лотереяға
қатысушылардың ақшалай қаржыларын қайтаруға, өткiзiлетiн лотереяны
ұйымдастырушылар, оларға барлық қаржылық және заңдық жауапкершiлiк
жүктеле отырып, кепiлдiк беруге тиiс.
Басқа 20. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 қазандағы
N 1326 қаулысына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында лотереялар өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 сәуiрдегi N 383 қаулысы.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 сәуiрдегi N 383 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қарашадағы N 1103 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 517-құжат).
Тармақ 3
3. "Республикада "Жолың болғай" спорттық лотерея ойынын және "Табыс сәтi" компьютерлiк ойынын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 9, 112-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасында халықаралық Олимпиада лотереясын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 сәуiрдегi N 321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 164-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 сәуiрдегi N 383 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 тамыздағы N 875 қаулысы.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасында "Спортлото" аймақтық кәсiпорындарының тұрақты ойналатын спорт лотереяларын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 9-құжат).