Об утверждении Квалификационных требований к лицензированию деятельности по организации и проведению лотерей (кроме государственных) на территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды (мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 шілдедегі N 939 қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995
жылғы 17 сәуiрдегi N 2200
Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды
(мемлекеттiктен басқа) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi
лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Лицензиялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн лицензия түрлерiн
лицензиялық қызметтiң көлемiне, оның iс-қимыл жасау уақыты мен
аумағына қарай лицензиар айқындайды деп белгiленсiн.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды
(мемлекеттiк емес) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi
лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 қазандағы
N 1325 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды
(мемлекеттiк емес) ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi қызметтi
лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Лицензиялық қызмет субъектiлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақ 1
1. Лотереяны ұйымдастырушының соңғы жылдағы қаржылық жай-күйiн
растайтын аудиторлық қорытындының болуы.
Тармақ 2
2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi шарттардың болуы.
Тармақ 3
3. Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi нұсқаулық және
әдiстемелiк материалдардың болуы.
Тармақ 4
4. Таралымды өткiзу жөнiндегi шарттардың (таралымдық және бiр
сәттiк лотереялар үшiн) болуы.
Тармақ 5
5. Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу үшiн қажеттi өзiнiң немесе
жалға алған материалдық-техникалық базаның болуы:
лотереяны өткiзетiн заңды тұлғаның офисiне арналған үй-жай;
лотерея билеттерiн сақтауға арналған үй-жай;
лотерея билеттерiн сатуға арналған мамандандырылған үй-жай;
ұтыс заттарын сақтауға арналған үй-жай;
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында мiндеттi түрде лицензияланатын қызметтiң түрi - Лотереяны ұйымдастыру мен өткiзу туралы жазба болуға тиiс.
Тармақ 7
7. Заңды тұлғаның лауазым иелерi сотталмаған болуға тиiс.