О корректировании средней урожайности (продуктивности), среднего уровня производственных расходов, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орташа түсімді (өнімділікті), өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 20 пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда, нормативтік карточкада келтірілген осы орташа түсімді (өнімділікті) өндірістік шығыстардың орташа деңгейін, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Харахорина Е.О.) және «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Төребаева З.Ш.) әлеуметтік көмекті уақытылы тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нүғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.