Об оказании единовременной социальной помощи участникам, инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 3) тармақшасы 64 бабына, Қазақстан Республикасы «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының1) тармақшасы 1 тармағы 31 бабына, «2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеуден өткен күні 2005 жылғы 23 желтоқсан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-30, «Житикаринские новости» газетінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 26 санында жарияланған) 2005 жылғы 20 желтоқсандағы Жітіқара аудандық мәслихатының № 251 шешіміне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне - 5000 мың теңге;
Тармақша 2
2) соларға теңестірілген адамдарға - 1030 теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Әкімдік қаулысы Жітіқара ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2005 жылғы 29 наурыздағы № 147 әкімдік қаулысының (мемлекеттік тіркеуден өткен күні 2005 жылғы 21 сәуір, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-1, «Авангард» газетінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 31 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.