Об организации тушения пожаров на территории Тарановского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таран ауданының аумағында өрт сөндіруін ұйымдастыру туралы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Занының 13-бабына 3-абзацына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Таран ауданының аумағында өрт сөндіруін ұйымдастыру жөніндегі аудандық жедел штабының қосымша берілген құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Евгенов, Юбилейный селолары, Тобыл кенті, селолық округтерінің әкімдеріне:
Тармақша 1
1) ерікті өрт құрылымдарын ұйымдастырсын, ведомстволық бағынысты аумақтарда өрт немесе қарапайым техниканы, құрал-саймандарды дайындыққа келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) елді пункттерде өрт немесе қарапайым техниканы сумен толтыру орындарын анықтасын, кірме жолларымен қамтамасыз етсін, күз-қыс кезенінде телефон, радиобайланыс жылумен және электрожабдықталған өрт немесе қарапайым техникасы аялдамасы үшін бөлмелер анықтасын;
Тармақша 3
3) егер елді пункттерде өртке қарсы су қоймалары болмаған жағдайда резервтік су қорын ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) село, кент, селолық округтерінің аумақтарында өртті сөндіру үшін күштері мен құралдарды уақытында жұмылдырсын.
Тармақ 3
3. Село, кент, селолық округтерінің әкімдеріне ведомстволық бағынысты аумақтарында ерікті өрт құрылымдарын ұйымдастыру және оларды өрт немесе қарапайым техникасымен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарды шешу үшін шаруашылық субъекттерінің басшылары жан-жақты қолдасын.
Тармақ 4
4. Таран ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 167 " Таран ауданының аумағында табиғи және техногенді сипаттағы ірі өрттерді сөндіруін ұйымдастыру туралы қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2654, "Шамшырақ" 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 3) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Е. Ещановке жүктелсін.
Басқа 10. Таран ауданының аумағында өрт сөндіруін ұйымдастыру туралы
Әкімдіктің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 119 қаулысымен бекітілген Таран ауданының аумағында өрт сөндіруін ұйымдастыру туралы Кенжебек Ерғалиұлы Ещанов - аудан әкімінін орынбасары, штаб бастығы Руслан Қасымтайұлы Ибраев - Таран ауданы бойынша төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы, өрт кауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі штаб бастығының орынбасары (келісімі бойынша) Берік Сәбитұлы Кобжасаров - Таран ауданының № 8 өрт бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Николай Иванович Нархов - "Таран ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісімі бойынша) Онғар Қорғанұлы Мусин - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маманы, штаб хатшысы Комиссия мүшелері: Бауыржан Сардарұлы Амангельдин - Тобыл станциясының бастығы (келісімі бойынша) Базылжан Сагандықұлы Ибраев - "Тобольская нефтебаза" ашық акционерлік қоғамының президенті (келісімі бойынша) Виктор Николаевич Ионенко - Таран ауданы электржүйелерінін директоры (келісімі бойынша) Александр Александрович Панин - Таран газ учаскесінің бастығы (келісімі бойынша) Валентина Сергеевна Пирог - "Таран ауданының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісімі бойынша) Сергей Николаевич Рубанов - "Тарандық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) Павел Павлович Саенко - "Таран аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісімі бойынша) Анатолий Иннокентьевич Шангин - Таран аудандық телекоммуникация торабының директоры (келісімі бойынша)