Төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-11 санды Заңының 31-бабының 1- тармағының 17-тармақшасын басшылыққа ала отырып және төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимыл жасаудың аудандық жүйесін одан әрі жетілдіру, тұрғындар мен аумақтарды апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден және күтпеген қайғылы жағдаяттардан қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесінде жергілікті органдардың, аудандық ұйымдардың және меншік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі
ведомствоаралық аудандық комиссия құрылсын (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі
ведомствоаралық аудандық комиссия туралы Ереже» бекітілсін (№ 2
қосымша).
З. Осы қаулымен құрылған ведомствоаралық аудандық
комиссияның дербес құрамы Абай аудандық мәслихатының кезекті сессиясында бекітуге үсынылсын.
Тармақ 3
3. «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия туралы» аудан әкімінің 2005 жылғы 18 шілде № 831 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Жүнісжановқа жүктелсін.
Басқа 5. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық
аудандық комиссияның құрамы
Абай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы « 30 » наурыздағы
№ 966 қаулысына № 1 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық
аудандық комиссияның құрамы
Жүнісжанов Нұрғазы Әнуарұлы
аудан экімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Утепов Оралбек Мағауияұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (өз келісімімен)
Верлишев Хусман Химранұлы
аудан экімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Мамырбаева Қанымкүл Садыққызы
«Қазақтелеком» ААҚ аудандық бөлімінің директоры (өз келісімімен)
Мырзабеков Сағадат Сағатбекович
Слямбеков Фурхат Талғатұлы
аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі бастығының міндетін атқарушы (өз келісімімен) аудандық электр жүйесі мекемесінің бастығы (өз келісімімен)
Битенова Қазима Қажымүханбетқызы
аудандық орталық емхананың бас дәрігері (өз келісімімен)
Әбеуов Серікхан Зейноллаүлы
аудандық аумақтық басқармасының бастығы (өз келісімімен)
Асқатов Айдар Асқатүлы
аудандық қаржы бөлімінің бастығы (өз келісімімен)
Ерденбеков Талғат Ерденбекұлы
аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы (өз келісімімен)
Куликенов Қалибек Сейсекеевич
№ 49 өрт сөндіру мекемесінің бастығы (өз келісімімен)
Белібаев Ардақ Сағадиұлы
«Қазакселденқорғау»дың аудандық бөлімшесінің бастығы (өз келісімімен)
Аппарат басшысының
міндетін атқарушы:
¥.Қуанышбаев
Басқа 6. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі Абай аудандық
ведмоствоаралық комиссиясы туралы
Абай ауданы әкімдігінің
2006 жылғы « 30 » наурыздағы
№ 966 қаулысына № 2 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі Абай аудандық
ведмоствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алып ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық Абай аудандық комиссиясы (ары қарай-комиссия) консультативтік-кеңес беруші орган болып табылады және апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жасау мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өкілеттілігін жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар жасау болып табылады:
Тармақша 1
1) аудан аумағында апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген
табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы біртүтас мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу;
Тармақша 2
2) апаттардан, сұрапыл бүліншіліктерден, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардан туындайтын төтенше жағдайлардан тұрғындардың, аудан аумағының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа шаралардың жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру мен дамыту саласында біртүтас техникалық саясатты жүргізу;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлардың алдын алу мен әрекет етудің аудандық жүйесін жетілдіру мен онан ары дамытудың негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлардың алдын алуға, тұрғындар мен аудан аумағының төтенше жағдайлардан қорғалуына және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған мақсатты және ғылыми- техникалық аудандық бағдарламалардың жобаларын жасауды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) аппаттардың, сұрапыл бүліншіліктердің, күтпеген табиғи және басқа қайғылы жағдаяттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау, медициналық сауықтыру мэселелері бойынша аудандық басқармалардың, комитеттердің, жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелерінде көршілес аудандармен бірлескен қызметтің бағыттарын белгілеу.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің тапсыруы бойынша комиссия мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өз құзыры шеңберінде аудандық аймақтық ведомстволық мемлекеттік билік органдары, меншік түріне қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар және басқа шаруашьілық жүргізуші құрылымдар міндетті түрде орындауға тиісті хаттамалар түрінде
шығарылатын шешімдер қабылдауға;
Тармақша 2
2) комиссяның құзырына жататын қажетті заң актілерінің жобаларын жасауға қатысуға:
Тармақша 3
3) комиссияның қүзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың, аудандық басқармалардың, департаменттердің, комитеттердің және шаруашылық жүргізуші құрылымдардың лауазымды адамдарын тыңдауға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқару органдарынан, аудандық басқармалардан және
шаруашылық жүргізуші субъектілерден олардың қызметі туралы
комиссияның жұмысына қажетті ақпаратты сұрауға;
Тармақша 5
5) аудан кэсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келісіп) төтенше жағдайлардың алдың алу мен жою мәселелері бойынша талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындауға тартуға.
5. Комиссияның төрағасы аудан экімінің орынбасары болып табылады, оны аудан экімі тағайындайды.
Тармақ 6
6. Комиссия өзінің қызметін төрағасы бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.
Комиссияның мәжілістері қажетіне қарай тоқсан сайын бір рет өткізеледі.
Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді.
Комиссия мәжілістерінің аралығында шешімдері оның төрағасы немесе оның орынбасары аудан аумағында орындалуға міндетті тиісті нұсқаулар мен тапсырмалар түрінде қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету Абай ауданы экімінің аппаратына жүктеледі.
Тармақ 8
8. Аудан әкімінің шешуін талап ететін мәселелер бойынша комиссия белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 9
9. Өз құзырына сәйкес комиссия қабылдайтын шешімдер ұсыныстық сипатқа ие.
Тармақ 10
10. Комиссия өзі қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер бойынша аудан экімін хабардар етіп отырады.
Аппарат басшысының
міндетін атқарушы:
¥.Қуанышбаев