Тасқынға қарсы іс-шаралар өткізу туралы
Аудан аумағындағы Қарауыл, Шаған, Ащысу, Қарашоқы өзендерінің ағынды су аймағында және олардың жылғаларындағы, таулардағы қардың қарқынды еруі өзендердегі су деңгейінің құрт көтерілуін туғызуы ықтимал. Шара қолданбаған жағдайда, елді мекендер, кәсіпорындар, ауылшаруашылығын жүргізуші субъектінің кешендері мен әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық белгілегі объектілер, жолдар, көпірлер қауіпті жағдайда қалуы мүмкін. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 Заңының 13 бабы негізінде және көктемгі су тасқынынан халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудан экономикасына зиян келудің алдын алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тасқынға қарсы іс-шаралар өткізу туралы от 30.03.2006 г. № 967 (Тасқынға қарсы іс-шаралар өткізу туралы)
1. Су тасқынына қарсы 2006 жылға арналған іс-шаралар бекітілсін. Осы шараларды орындау ауыл әкімдерінен, аудандық аумақтық ауылшаруашылық басқармасынан (Әбеуов С.З) (өз келісімімен), ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен (Рахимов Б.Б), «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Битенов Т.Қ) (өз келісімімен), «Қазселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (Белібаев А.С) (өз келісімімен), аудандық метеорология станциясының (Бекежанова Р.Д) (өз келісімімен) басшыларынай сұралсын.
2. Ауыл әкімдері, аудандық аумақтық басқармасы (Әбеуов С.З) (өз келісімімен), ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен (Рахимов Б.Б), «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Битенов Т.Қ) (өз келісімімен), «Қазселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (Белібаев А.С) (өз келісімімен), аудандық метеорология станциясының (Бекежанова Р.Д) (өз келісімімен) бастықтары объектілер мен елді мекендер үшін тасқын болуы ықтимал қауіпті аймақтардағы жағдайды тұрақты түрде бақылауды ұйымдастыру сұралсын. Қалыптасқан жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын ала ескерту шараларын қолдану мақсатында аудан әкімі аппаратына апта сайын баяндап тұрсын.
3. Ауыл әкімдері тасқын жағдайы туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгілесін, су тасқыны кезеңінде жағдайға жедел басшылық-жасау жөніндегі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасарының басшылық етуімен жұмысшы топтарын құрсын, олардың дербес құрамы, тұрақты болатын орнын белгілесін, кезекші көлік бөлсін. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген аудандық бюджеттің қаражаты есебінен әрбір ауылда жанар-жағар май қорлары жасалсын. Қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен аудан әкімі аппаратында тәулік бойы кезекшілік үйымдастырылсын, ақпарат күн сайын төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға беріліп тұрсын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген аудан бюджеті қаражаты есебінен жағалауларды бекіту және дамбаларды тазарту жұмыстарын орындау, темір-бетон конструкцияларын және басқа материалдар қажет болатын жерлерге дер кезінде жеткізіліп, қорлар жасау жөнінде шаралар қолданылсын, карьерлер, көлік және тиеу техникасы дайындалсын.
4. Ауыл әкімдері, аудандық электр жүйесі мекемесі (Слямбеков Ф) (өз келісімімен) электр берілістері желілерінің бағандары мен трансформаторлық подстанциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін аудан әкімі аппаратына 2006 жылғы 10 сәуір айына дейін тапсырылуы сұралсын.
5. «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Битенов Т.Қ) (өз келісімімен), ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Рахимов Б.Б) (өз келісімімен) жергілікті маңызы бар жолдардағы су өткізгіштердің, көпірлердің, автомобиль жолдарының жағдайын зерттеуін және қар суының көпірлер, өткізгіш құрылғылар арқылы бөгетсіз өтуі қамтамасыз етілуін және осы себептерге байланысты жолдар бойынша қозғалыстың үзілуіне жол бермеулерін жүзеге асыру сұралсын.
6. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Битенова К.К) (өз келісімімен) зардап шеккен аудан тұрғындарына алғашқы жәрдем көрсету үшін дәрі-дәрмек қорын құрсын, төтенше жағдайлар болған орынға дәрігерлік қызметшілер қажет болған жағдайда жеткізуді, зардап шеккендерді көшіруді қамтамасыз етсін.
7. Қарауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы (Бекбатыров Н), «Риза» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры (Байжүманов М) (өз келісімімен), ауыл көшелеріндегі су өткізгіш құрылғылардың тазалануы мен су келуі ықтимал жерлердегі топырақ үйінділерін қалпына келтіруді ұйымдастырсын.
8. Аудандық № 49 өрт мекемесі (Куликенов Қ.С.) (өз келісімімен), тасқын ағысы басталған кезде барлау, кұтқару жұмыстарын жүргізу үшін дайын тұруды қамтамасыз етсін.
9. «Қазақтелеком» ААҚ аудандық бөлімшесі (Мамырбаева Қ.С) (өз келісімімен) тасқын қаупі туатын аймақтағы елді мекендермен тұрақты телефон байланысын орнатуыл және тасқын басталысымен ауылдық округтермен тәулік бойы «кезекшілік қабылдау режимінде» тұрақты радио байланысын орнатуы сұралсын.
10. Аумақтық басқармасы (Әбеуов С.З) (өз келісімімен), жұқпалы аурулардың бұрқ ете түсуін болдырмау мақсатында мал қорымдарын күзету мен қашылауды күшейтуді ұйымдастыруы сұралсын.
11. Тасқынға қарсы шараларға жедел басшылық жасау және осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Н.Ә. Жүнісжановқа жүктелсін.
12. 0сы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізіледі.
13. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 2 сәуірдегі № 376 «Қызылсуға қарсы шаралар туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 967 қаулысына
қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссияның тасқынға қарсы іс-шарасы
№
р/с
Шаралар
Орындау
Мерзімі
Орындаушы
1.
Су тасқыны жайылуы мүмкін қауіпті жерлерді анықтау
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен, «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
2.
Су ағар, бөгеттер, көпірлердің жағдайын тексеру, тазалау
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
3.
Халықты, елді мекендерді, коммуналдық және әлеуметтік нысандарды су тасқынынан сақтау іс-шараларын ұйымдастыру
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
4.
Гидротехникалық және инженер- геологиялык құрылыс жағдайларын анықтау
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
5.
Электр және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, тасқындар кезінде олардың сақталуы жөңінде шаралар жасау
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
6.
Су тасу және жолдардың бұзылуы ықтимал аймақтарда орналасқан
елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек қорларын жасау
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен),
«Казселденқорғау»-дың
аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
7.
Жанар-жағар майдың қажетті қорын жасау
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
8.
Қарауыл, Саржал, Құндызды, Арқат, Токтамыс ауылдарындағы селден қорғау құрылыстарын күшейту
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
!9-
Ауылдық округтерде қауіпті учаскелерде тәулік бойы, кезекшілік ұйымдастыру
сәуір-
мамыр
Ауыл әкімдері, «Дерикар» ЖШС (өз келісімімен), «Казселденқорғау»-дың аудандық бөлімшесі (өз келісімімен)
Аудан әкімі аппараты
басшысының міндетін
атқарушы:
¥. Қуанышбаев