Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Заңының 373-бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша салық комитетінің ұсынысы бойынша аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалардан әрбір қызмет көрсеткен күндері үшін алынатын біржолғы талондардың құны Ақжайық ауданы бойынша салық комитеті жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері бойынша белгіленіп, көрсетілетін әртүрлі қызмет түрлерінің тізбесі мен осы қызметпен айналысушылардың бір күндік салық төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім 2006 жылғы 1-қаңтардан күшіне енеді.
Басқа 3. Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Қосымша
Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 24 ақпандағы
№20-5 шешімімен бекітілген
Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
Тармақ 1
1. Газет және журналдар сату (1030-4,3%) – 45 теңге
Тармақ 2
2. Тұқым және екпелі өсімдіктерді сату (1030-4,3%) – 45 теңге
Тармақ 3
3. Бау-бақша өнімдерін сату (1030-4,3%) – 45 теңге
Тармақ 4
4. Қосалқы шаруашылықтардағы бау-бақша өнімдерін сату (1030-4,3%) – 45 теңге
Тармақ 5
5. Саяжайда өсірілген гүлдерді сату (1030-4,3%) – 45 теңге
Тармақ 6
6. Жеке трактор иелерінің жерді өңдеу жөнінде қызмет көрсету (1030-16,3%) – 168 теңге
Тармақ 7
7. Автокөлігімен жүк тасымалымен айналысушылардан (лицензиялық тасымалдаудан басқа) (1030-16,3%) – 168 теңге
Тармақ 8
8. Жеңіл автокөлігімен кісі тасумен айналысушылардан
Тармақша 1
1) ауыл ішінде (1030-10%) – 103 теңге
Тармақша 2
2) ауданнан тысқары жерлерге (1030-16,3%) – 168 теңге
Тармақ 9
9. Базарда сауда жасайтын жеке тұлғалардан алынатын біржолғы талондардың құны (1030-10%) – 103 теңге