Вопросы Комитета по защите растений Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1266 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, ферромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия), оның функциялары, сондай-ақ тарату рәсімдері жүргізілгеннен кейін қалған мүлкі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетіне беріле отырып таратылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Комиссияны тарату рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 498 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi комитеті (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi құзыретінің шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. Комитеттiң аумақтық органдары болады. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкiметінің актiлеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлдiк берiлген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында міндетті күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитетінің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 📌 ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.
Тармақ 7
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 8
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi комитетi" мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсіне аударылады.
Тарау 2. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) өсiмдiктердi қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) өсiмдiктердi қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру
Тармақша 3
3) өсiмдiктерді қорғау саласында ғылыми, нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өсiмдiктерді қорғау саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық байланыстарды дамытуға қатысу болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғауда ғылымның, техниканың жетiстiктерiн, әдiстемелiк ұсынымдарды, нормативтiк құқықтық актілерді, кешенді аймақтық жүйелерді әзiрлеудi және енгiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы жерлерінің фитосанитарлық жағдайын байқауды, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін, арамшөптерін, ауруларын анықтауды және олардың пайда болуы мен дамуы туралы уақтылы хабарлауды ауыл шаруашылығы ұйымдарын ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болжамдармен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) өз құзыретiне сәйкес, қалыптасып отырған фитосанитарлық жағдайды ескере отырып, қорғау iс-шараларының көлемi мен өсiмдiктердi қорғау құралдарын пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау пестицидтердi ұтымды және қауiпсiз қолдану, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдiстердi кеңінен пайдалану жөнiндегi талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерiне, ауруларына, сондай-ақ арамшөптерге қарсы күрес жөніндегі iс-шараларды уақытылы жүргiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) ұйымдар мен басқа да жерді пайдаланушылардың өсiмдiктердің зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттiк бюджеттің есебiнен қаржыландырылатын iс-шараларды жүргiзуінің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы өнiмдеріне және қоршаған ортаның объектiлерге пестицидтердiң қалдықты мөлшерiнiң болуына бақылау және төрелік токсикологиялық талдаулар жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) химиялық, биологиялық және басқа да өсімдіктерді қорғау құралдары, сондай-ақ химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге арналған механизациялау құралдары қозғалысының мемлекеттік есебін жүргізеді және олардың жылдық және перспективалық қажеттілігін әзірлейді;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне, ауруларына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды республикалық бюджеттен қаржыландыру, қалыптасып отырған фитосанитарлық жағдайды ескере отырып ол қаражатты бөлу туралы ұсыныс әзірлейді және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға қатысады;
Тармақша 10
10) пестицидтердің, басқа да препараттардың биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігін, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданудың, адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз, токсикологиялық, гигиеналық және экологиялық регламенттерін бағалау жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) оларды тіркеу және қолдану аясын кеңейту үшін пестицидтердің және басқа да препараттардың перспективалық құрамын айқындайды, сондай-ақ олардың адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсері анықталған жағдайда, бұрын тіркелген препараттарды пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12
12) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша тіркеулік сынақты және пестицидтерді тіркеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
Тармақша 13
13) биологиялық лабораториялар мен биофабрикалардың мамандандырылған желілерінде энтомофагтар мен микроорганизмдердің пайдалы түрлерін көбейтуді және оларды қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) орталық және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де мүдделі ұйымдармен өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) бұқаралық ақпарат құралдарында өсімдіктерді қорғау жөніндегі білімдерді насихаттайды;
Тармақша 16
16) Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді лицензиялауды келісуге қатысады;
Тармақша 17
17) өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен конвенциялардың жобаларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
Тармақша 19
19) заңдармен өзіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады;
Тармақ 12
12. Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпарат, оның ішінде есеп деректерін сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) барлық жер пайдаланушылардың егістіктер мен екпе өсімдіктердің, тұқымдық және көшеттік материалдардың фитосанитарлық жағдайы туралы, өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арашөптерге қарсы күрес бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы қажетті материалдар мен мәліметтерді талап етуге;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің шегінде ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларынан, сондай-ақ азаматтардан анықталған нормативтік құқықтық актілердің бұзылуын жоюды талап етуге;
Тармақша 4
4) өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және өз құзыретінің шегінде бекітуге;
Тармақша 5
5) ұйымдарды, ғалымдарды және мамандарды өсімдіктерді қорғау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу үшін тартуға;
Тармақша 6
6) нормативтік актілерді, басқа да құжаттарды әзірлеу жөніндегі топтар мен комиссияларды құруға, өсімдіктерді қорғау мәселелері бойынша конференциялар, кеңестер, семинарлар шақыруға және өткізуге;
Тармақша 7
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы басқару құрылымын және мемлекеттік бақылауды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 8
8) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкі
3. Комитеттің мүлкі
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Комитеттің төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттің штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 6
6) Комитеттің атынан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 7
7) Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының қарауына өсімдіктерді қорғау мәселелері жөнінде материалдар дайындайды;
Тармақша 8
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Комитеттің жанынан өсімдіктерді қорғау мәселелерінің негізгі бағыттары мен даму тұжырымдамаларын қарау үшін ғалымдардың, жоғары білікті мамандардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдерінің қатарынан консультативтік-кеңесуші орган - ғылыми-техникалық кеңес құрылады. Ғылыми-техникалық кеңестің жеке және сандық құрамын және ол туралы ережені Комитеттің төрағасы бекітеді.
Тарау 5. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау комитетінің Құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 498 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау комитетінің Құрылымы Басшылық Фитосанитарлық қадағалау бөлімі Мониторинг және қаржы бөлімі Тіркелген сынақтарды ұйымдастыру және пестицидтерді мемлекеттік тіркеу бөлімі
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 498 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктерді қорғау мемлекеттік қызметі органдарының құрылымы туралы" Қазақ КСР-і Министрлер Кабинетінің 1971 жылғы 16 қарашадағы N 642 қаулысы.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен орман алқабын химиялық биологиялық қорғау құралдарын, ферромондарды және өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі N 608 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 29, 429-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 шілдедегі N 608 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 37 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2 12-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, ферромондар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері және орман екпе ағаштарының өсуін реттегіштерді сынау мен тіркеу жөніндегі республикалық комиссия туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 сәуірдегі N 399 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 15, 122-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегі N 651 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2,8-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).