О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарды дайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес, Ақмола облысы әкімінің 2005 жылғы 24 ақпандағы №3 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарды дайындау туралы» Ақмола облысы Әділет департаментінде 2005 жылдың 9 наурызында №3059 нөмірімен тіркелген шешімін негізге алып, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қала, Красногорский кенті, село, селолық округ әкімдері, Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша):
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әсқери-техникалық мектебі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Щучьедегі филиалына әскерге шақырылушылар ішінен курсанттардың сапалы жасақталуын қамтамасыз етсін.
оқу жылына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін әскери-техникалық мамандар даярлау жоспары уақытында бекітілсін.
аудандық медициналық комиссиямен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандығын алуы бойынша курсанттардың әскери қызметке жарамдылығын медициналық куәландырылуын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы білім беру бөлімі дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұдайы ұйымдастырсын және оқу жылының аяғында олардың спорттық нормативтерін тапсыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскери-техникалық мамандардың дайындалу жағдайы туралы аудан әкімі аппараты, ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің 2005 жылғы 20 маусымдағы №24 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери-техникалық мамандарды дайындау туралы», Есіл ауданы Әділет басқармасында 2005 жылдың 1 шілдесінде №1-11-12 нөмірімен тіркелген шешімінің күші жойылсын
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім Ақмола облысы Есіл ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануы
КЕЛІСІЛГЕН:
Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы
Есіл аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері
Ковгар Надежда Ивановна
аудандық кеңесші-диагностикалық
емхананың меңгерушісі
Паршин Константин Геннадьевич
Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
Басқа 7. Аудандық медициналық комиссиясының
Құрамы
Аудан әкімінің 2006 жылғы
20 наурыздағы №6 шешіміне
қосымша
Аудандық медициналық комиссиясының
Құрамы
Мұхамеджанов аудандық орталық аурухананың хирург - Марат Кәжетұлы дәрігері, комиссия төрағасы (келісімі бойынша)
Грибова Клавдия Николаевна - аудандық кеңесші-диогностикалық емханасының медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)
Комиссия мүшелері:
Ахмерова аудандык Зүлфия Мұхаметқалиқызы - кеңесші-диагностикалық емхана офтальмолог-дәрігері (келісімі бойынша)
Грабощук Наталья Михайловна - аудандық кеңесші-диагностикалық емхананың психиатр-дәрігері (келісімімен)
Грибанова Милана Степановна - аудандық кеңесші-диагностикалық емхананың жүйке аурулары-дәрігері (келісімі бойынша)
Жағапаров аудандық Марат Бранұлы - орталық ауруханасының хирург-дәрігері (келісімі бойынша)
Қайсарбеков Манарбек Орынбекұлы - аудандық кеңесші диагностикалық емхананың тіс дәрігері (келісімі бойынша)
Қойшыбаева Жібек Қабдешқызы - аудандық кеңесші-диагностикалық емхананың терапевт-дәрігері (келісімімен)
Языков Юрий Николаевич - аудандық кеңесші-диагностикалық емхананың дерматолог-дәрігері (келісімі бойынша)