О создании районной конкурсной комиссии по отбору проектов для организации оплачиваемых общественных работ направленных на поддержку и создание рабочих мест Қолданыста
Басқа 0
Жұмыс орындарын қолдауға және құруға бағытталған төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жобалар таңдау бойынша аудандық конкурстық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасынын 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының 13 - тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін» орындау мақсатында, Үлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыс орындарын қолдауға және құруға бағытталған төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жобалар тандау бойынша аудандық конкурстық комиссия келесі құрамда құрылсын:
Назигуль Усеровна Сейсембина - аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрайымы;
Алгиза Дуйсембиновна Ибраимова - аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары;
Галия Габдуалиевна Омарбекова - аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлім меңгерушісі, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Нурзани Баяхметовна Тусубжанова - аудандық қаржы бөлімінің бастығы;
Амангельды Сергазин - аудандық ауыл шаруашылыкбөлімінің бастығы;
Ержан Турсынович Турганов - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
Тармақ 2
2. Жұмыс орындарын қолдауға және құруға бағытталған төленетін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру үшін жобалар таңдауды өткізу туралы Ережесі бекітілсін
(қосымша).
Тармақ 3
3. Үлан ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 880 «Жұмыс орындарын қолдауға және құруға бағытталған төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жобалар таңдау бойынша аудандық конкурстық комиссия құру туралы» қаулысының ( тіркеу нөмірі 1733, 2004 жылғы 15 мамырдағы №22 “¥лан таңы” аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Басқа 5. Жұмыс орындарын қолдауға және құруға бағытгалған төленетін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру үшін жобалар таңдау бойынша аудандық
конкурстық комиссия құру туралы
Ұлан ауданы әкімдігінің
2006 жылғы « 17 » сәуірдегі
№ 22 қаулысына қосымша
Жұмыс орындарын қолдауға және құруға бағытгалған төленетін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру үшін жобалар таңдау бойынша аудандық
конкурстық комиссия құру туралы
Ереже
Осы Ереже бюджет қаржысы есебінен жұмыс орындарын қолдау және құруға бағытталған конкурстың негізінде төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарын таңдау бойынша аудандық конкурстық комиссияның қызметін регламенттейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін» орындау және халықты жұмыспен қамту саясатын белсенді іске асыру бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында конкурс жүргізудің келесі тәртібі белгіленеді:
Тармақ 1
1. Аудандық конкурстық комиссия күнпарақтық жыл ағымында 2 рет конкурс өткізуге құқылы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық төленетін жұмыстар ұйымдастыру бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру конкурс өтерден бір ай бұрын аудандық газетте жарияланады.
Тармақ 3
3. Кез келген нысанды меншіктегі ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарының конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Ұйымдар мен кәсіпорындар конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға өтініш береді.
Тармақ 5
5. Өтініштерді қабылдау конкурс өткізуге бір күн қалғанда аяқталады.
Тармақ 6
6. Төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін ұйымдар мен кәсіпорындарды таңдауда келесі көрсеткіштер ескеріледі:
- жаңа жұмыс орындарын құру және бар жұмыс орындарының сақталуы;
- қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы бірақта (бір жылдан кем емес);
- қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысы жұмыс берушімен бірлесіп қаржыландыру мөлшері;
- қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың 50% кем емес тұрақты жұмыс орынға 12 ай мерзімнен кем емес еңбекке орналастыру;
- қоғамдық маңыздылығы;
- жұмыс киіммен және арнайы бұйымдармен қамтамасыз ету;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- еңбекақыны уақытында төлеу;
Тармақ 7
7. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және бір данасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберіледі.
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Ш. Оксумбаева