О создании Государственного учреждения "Государственный авиационный центр" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекеме қызметiнiң мәнi Қазақстанның азаматтық авиациясы үшiн ұшу құрамын, Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерiнiң Әскери институты үшiн әскер жасына дейiнгi адамдарды бастапқы даярлауды, сондай-ақ ұшу дайындығы мен әуе кеңiстiгiнде ұшуларды орындауға байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Бiлiм және ғылым министрлiктерi және Астана қаласының әкiмдiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. "Мемлекеттiк авиациялық орталық" мемлекеттiк мекемесi.".
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.