Об утверждении Правил использования средств, предусмотренных в районном бюджете по программе «Разработка технико-экономических обоснований местных бюджетных инвестиционных проектов (программ) и проведение его экспертизы» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджетте «Жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу мен оларға сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасында Біріңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджетте 003 «Жергілікті инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау және оған сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың ұсынылып отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиісті.
Басқа 3
Щучье ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № а-4/182 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Аудандық бюджетте 003 «Жергілікті инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау және оған сараптама жүргізу» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржыны пайдаланудың Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 «Қазақстан Республикасында Біріңғай бюджеттік классификацияларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындалды және аудандық бюджетте қарастырылған 003 «Жергілікті инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау және оған сараптама жүргізу» бағдарлама бойынша қаржыны пайдаланудың тәртібін айқындайды (бұдан әрі - бағдарлама).
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде экономикалық жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті орган айқындайтын техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және оған сараптама жүргізуге қаржыландыру көзделетін жергілікті инвестициялық жобалардың тізбесі - (бұдан әрі - тізбе) негізінде жергілікті инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жүргізу қаржыландырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі
2-тарау. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібі
Тармақ 3
3. Экономикалық жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламада көзделген ақшаны жергілікті инвестициялық жобаларын дайындауға және жүзеге асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне-жергілікті атқарушы органдарына бойынша бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттік комиссияның шешімі негізінде экономикалық жоспарлау жергілікті уәкілетті орган аудандық әкімдіктің бекітуіне жобалар бойынша қаржыландыру көлемі көрсетілген тізбені енгізеді.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі экономикалық жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті орган аудандық әкімдіктің қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім қалыптастырады. Бюджетті орындау бойынша жергілікті уәкілетті орган жоспарлы тағайындауларды көрсетілген бағдарламадан атқарушы агенттіктердің тиісті бюджеттік бағдарламаларына ауыстыру арқылы міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді.
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және оған сараптама жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шараларды іске асыруды және тізбеге сәйкес тиісті аудандық бағдарламалар шеңберінде көрсетілген іс-шаралардың іске асырылуын қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері «Бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы есепті дайындау және тапсыру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289, Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2003 жылы 15 тамызда № 2448 болып тіркелген, бүйрығымен бекітілген үлгі бойынша бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы экономикалық жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті органға ай сайын әр айдың 5-іне дейін, жыл сайын есеп берген жылдан кейінгі келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде есепті ұсынуы тиіс.