Об утверждении схемы зонирования земель города Экибастуза, поправочных коэффициентов к ставкам земельного налога по городу Экибастузу Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласының жерін аймаққа бөлу сұлбасы, Екібастұз қаласы бойынша жер салығының мөлшеріне түзету коэффициенттері туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының жер Кодексі" Кодексінің 8 бабының, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 338 бабының, Екібастұз қаласы әкімінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 558/1-11 ұсынысы негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының жерін аймаққа бөлу сұлбасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы бойынша жер салығының мөлшеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Екібастүз қалалық мәслихатының (II шақырылған XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы "Екібастүз аймағы бойынша елді мекендердің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салынатын базалық салық ставкаларын түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2003 жылы 25 сәуірде 1752 нөмірімен тіркелген, 2003 жылы 22 мамырда № 20 "Вести Экибастуза", 2003 жылы 15 мамырда № 20 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) № 2.114 шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Басқа 4. Екібастүз қаласы бойынша жер салығының мөлшеріне түзету коэффициенттері
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезекті XXV сессия) 2006 жылғы 25 сәуірдегі «Екібастұз қаласының жерін аймаққа бөлу сұлбасы, Екібастұз қаласы бойынша жер салығының мөлшеріне түзету коэффициенттері туралы» № 338/25 шешіміне қосымша Екібастүз қаласы бойынша жер салығының мөлшеріне түзету коэффициенттері Аймақтың нөмірі I II III IV Түзету коэффициенті 1 1,2 1,3 1,5