Об утверждении Правил использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов частного предпринимательства Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті камтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.
Басқа 3
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылгы 26 сәуірдегі № І72 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару кұқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға (бұдан әрі - МК) бекітіліп берілген мүліктер болып табылады.
Тармақ 3
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету МК-ның өз кәсіпкерлік тәуекеліне сақтандыру жүргізуі жағдайында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кепілдік мүлікті іріктеу және оны бағалау
2. Кепілдік мүлікті іріктеу және оны бағалау
Тармақ 4
4. Облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жыл сайын кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді жүргізеді және объектілердің атауы, олардың орналасқан жері, теңгерімдік құны мен объектілер жай-күйінің басқа да деректері көрсетілетін коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекітеді.
Тармақ 5
5. Тізбені жасаган кезде "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес несиелерді кепілдік қамтамасыз етуге несие ұйымдарының қоятын талаптарына сәйкес коммуналдық меншік объектілерін бағалау жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебіне несие берілетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебіне несие берілетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі коммуналдык меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебіне несие берілетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі Комиссия) құрады.
Тармақ 7
7. Комиссияны әкім немесе оның орынбасары басқарады.
Тармақ 8
8. Комиссияның жеке құрамының саны кем дегенде бес адамнан тұратын болуы керек.
Тармақ 9
9. Комиссия жұмыс органының функциялары коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті атқарушы органдарға жүктеледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді; өз құзыретінің шегінде Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін тіркеуді жүзеге асырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іріктеуге қатысуға інімдерін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеуді жүзеге асыру екі кезеңде жүргізіледі. Жобаларды іріктеудің алдын-ала сатысында жұмыс органы сараптама жүргізуге және оларды несиелендіру мүмкіндіктері туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржылық көзқарастар тұрғысынан талдайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады. Жұмыс органы несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтінімдерді, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
Тармақ 12
12. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың арасынан сарапшылар мен консультанттарды жұмыс істеуге тартады; уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастырады; қажетті ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді ала алады.
Тармақ 13
13. Жобаларды іріктеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлік субъектісінің бюджет алдында берешегінің болмауы;
Тармақша 2
2) қолайлы несие дерекқорының болуы, егер ол болса;
Тармақша 3
3) жобаның, өңірді дамытудың индикативті жоспарына және өңірде жеке бизнесті дамытудың басым бағыттарына сәйкес келуі.
Тармақ 14
14. Комиссия несие ұйымдарының он қорытындыларын алған өтінімдерді, олар тіркелген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қарайды.
Тармақ 15
15. Комиссияның төрағасы Комиссия отырысын қажеттілігіне қарай шақырады. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы үштен екі дауыспен қабылданады. Комиссияның шешімдеріне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге кұкылы, ол білдірілген жағдайда жазбаша жазылып, Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
Тармақ 16
16. Несиелеуге арналған жобалар мен ұсынымдарды іріктеу кезінде Комиссияның мүшелері кабылдаган шешімдер үшін, олар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауап береді.
Тармақ 17
17. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне кепілдікті қамтамасыз етуді беруден бас тартылған жағдайда, жұмыс органы жобаларды іріктеудің тиісті кезеңінен кейін, 3 күн мерзімде бас тартудың негізін көрсете отырып, жеке кәсіпкерлік субъектісін жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
Тарау 4. 4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
Тармақ 18
18. Комиссияның хаттамалық шешімі МК-ның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Жеке кәсіпкерлік субъектілері несие алған кезде МК кепілдік беруші болып табылады.
Тармақ 20
20. МК, жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған кезде, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес несие ұйымымен және жеке кәсіпкерлік субъектісімен ипотекалық шарт жасасады.
Тармақ 21
21. Ипотекалық шартта кепілді мүліктің нысанасы, бағаланған құны, негізгі міндеттеменің мәні, оның мөлшері мен орындалу мерзімі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде МК-ның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыруы, сондай-ақ кез келген тараптың мәлімдеуі бойынша ипотекалық шартта қол жеткізілуі тиіс және заңнамада тыйым салынбаған өзге де жағдайлар көрсетілуге тиіс.
Тармақ 22
22. Объектілер кепілдікті қамтамасыз етуге пайдаланылғаны үшін МК- ға алынған несие сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде айына жеке кәсіпкерлік субъектілері төлейтін сыйақы белгіленеді.