Күндізгі бөлім оқушыларының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы Күшін жойған
Басқа 0
Күндізгі бөлім оқушыларының
қала ішіндегі қоғамдық көлікте
(таксиден басқа) жеңілдікпен
жүруі туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
Тармақша 1
1) жалпы білім беру оқу орындарының бірінші сныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушылары – тегін жүру (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
Тармақша 2
2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылары, кәсіби мектептердің, колледж оқушылары – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа).
Тармақ 2
2. Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының, кәсіби мектептерінің, колледж оқушыларының келесі санаттарына 2006 жылдың жазғы маусымына (2006 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін) қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру сақталсын:
Тармақша 1
1) жетім балалар;
Тармақша 2
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 3
3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
Тармақша 4
4) мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек балалар;
Тармақша 5
5) көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар;
Тармақша 6
6) ата-анасының біреуінен айырылған балалар;
Тармақша 7
7) жалғызбасты аналардың балалары.
Тармақ 3
3. 2006 жылға арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының «Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру» 06.2.464.008.100 бағдарламасының, кіші бағдарламасы бойынша 11 200 мың теңге көлемінде қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Борисов Петр Евгеньвич).