Об установлении ставок акциза и ставок фиксированного суммарного налога на игровой автомат с денежным выигрышем Күшін жойған
Басқа 0
Ақшалы ұтысы бар ойын автоматтарына
арналған акциз ставкасын және тіркелген жиынтық салық ставкасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-II Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Кодексінің 258 бабы 4 тармағына және 394 бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақшалы ұтысы бар ойын автоматтарына арналған акциз ставкасы жылына 50 АЕК (айлық есептеме көрсеткіші) мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ақшалы ұтысы бар ойын автоматтарына арналған тіркелген жиынтық салық ставкасы жылына 500 АЕК (айлық есептеме көрсеткіші) мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Шемонаиха аудандық мәслихатының мына шешімдері күшін ойлы деп есептелсін:
«Ақшалы ұтысы бар ойын автоматтарына арналған акциз ставкасы туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 13/12-III шешімі (2005 жылғы 14 наурызда Әділет Департаментінде тіркелді, тіркеу нөмірі 1216, 2005 жылғы 1 сәуірде «ЛЗ Сегодня» газетінің № 13 санында жарияланған);
«Ақшалы ұтысы бар ойын автоматтарына арналған тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы № 13/13-III шешімі (2005 жылғы 14 наурызда әділет Департаментінде тіркелді, тіркеу нөмірі 2219, 2005 жылғы 1 сәуірде «ЛЗ Сегодня» газетінің № 13 санында жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді және 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.