Қолданыстағы ред. 20.04.2006

Материалдық көмек көрсету туралы от 20.04.2006 г. № 57 (Материалдық көмек көрсету туралы)

0

Материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағын 14 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Теректі ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына материалдық көмек көрсету, төмендегіде көрсетілген азаматтарға рұқсат етілсін:

1

1) аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға жылына бір-рет отбасының табыстарына қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде материалдық көмек көрсетілсін;

2

2) жерлеуге төленетін материалдық көмек, азамат қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан, 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде материалдық көмек көрсетілсін;

3

3) бейбіт уақытында әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына, отбасының табысына қарамастан ай сайын 1000 теңге мөлшерінде матералдық көмек көрсетілсін.

2

2. №1 қосымшаға сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын (жалғанды).

3

3. Теректі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 наурыздағы «Материалдық көмек көрсету» туралы №38 қаулысы жойылсын.

7. Аудан әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

Аудан әкімдігінің
2006 ж. 20.04 №57
қаулысына №1 қосымша
Аудан әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

1

1. 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 256 қаулы (мемлекеттік тіркеу №1920, 07.01.2003 ж.; 01.02.2003 жылы «Ауыл жаңалығы-сельская новь» атты №5 аудандық газетінде жарияланған);

2

2. 2003 жылғы 27 наурыздағы «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №45 қаулы (мемлекеттік тіркеу №2095, 22.04.2003 ж.; 03.05.2003 жылы «Ауыл жаңалығы-сельская новь» атты №18 аудандық газетінде жарияланған);

3

3. 2003 жылғы 29 тамыздағы «Бейбіт уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы» №130 қаулы (тіркеу №2282, 16.09.2003 ж.; 04.10.2003 жылы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» атты №9 аудандық газетінде жарияланған);

4

4. 2004 жылғы 29 наурыздағы «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №33 қаулы (тіркелу №2614, 15.04.2004ж.; 01.05.2004 жылы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» атты №33 аудандық газетінде жарияланған );

5

5. 2004 жылғы 14 қазандағы «Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Материалдық көмек көрсету туралы» № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №128 қаулы (тіркелу №2784, 29.10.2004 ж.; «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» атты №20 аудандық газетінде жарияланған ).