Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшысына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 18-1-бабына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік корғау мақсатында, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулык бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындаулына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қамысты ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 78 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде нұсқаулық
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «14» сәуірдегі
№ 98 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі осы ңұсқаулық (одан әрі - Нұсқаулық) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмыс берушілермен (меншік нысандарына қарамастан) негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін олардың еңбегін төлеуге жұмыс берушілердің шығындарын ішінара өтеп, жергілікті атқарушы органмен келісім-шарт негізінде жұмыс берушімен жасалатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар - Қазақстан Республикасының «Халыкты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген және әлеуметтік корғауды талап ететін тұлғалардың топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнама актілері таратылады.
Тармақ 4
4. «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халыктың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруда жәрдем береді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыска орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыска орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілермен жұмыссыздарды меншікті қаражаты есебінен еңбек ақы төлеу арқылы уақытша жұмыс орындарына қабылдау жолымен жергілікті бюджет қаражатының есебінен еңбек ақыға шығындарды ішінара өтеумен ұсынылады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. «Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге шарттарды жұмыс берушілермен жасайды.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбеқ ақыларына арналған бюджет қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында Қамысты аудандық әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөнінде комиссия жазбаша өтініштердің негізінде халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша тараптардың міндеті, жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбек ақының мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздерін ұстайтын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнінде қызметтерді көрсетуге шарттың негізінде саны мен мамандықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналастырудың басым құқығына халықтың нысаналы топтарына кіретін аз қамтылған жұмыссыздар ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбек ақысы жұмыс берушімен ай сайын жеке еңбек келісім шартымен сәйкес және орындалатын жұмыс түрі мен көлеміне қарай жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге жіберілген жұмыс берушілердің шығыстары жергілікті бюджеттің қаражатынан алты айдан аспайтын мерзімге жалақының ең төменгі 50 пайыз мөлшерінде өтеледі. Бюджеттік қаражаттарды аудару бойынша есеп айырысулар жұмыс берушінің есеп айырысу шоттарына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жалақы заңнамамен белгілеген тәртіпте салықтар салынады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыска орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге өзінің жұмсалған шығынын өтеуге жергілікті бюджеттен ақшалай түсімдерді пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ңұсқаулықты сақтауға бақылау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.