О внесении дополнений в решение районного маслихата «О регламенте Есильского районного маслихата» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Есіл аудандық мәслихаттың регламенті туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабы 3 тармағы 5 тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Мәслихат алдында әкімдердің есебі туралы» Жарлығы негізінде аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 3с-3-21 (2004 жылғы 6 ақпанда тіркелген тіркеу № 1137) «Есіл аудандық мәслихаттың регламенті туралы» оның 2005 жылғы қазандағы №143 «Аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістермен 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 3с-3-21 (2005 жылғы 3 қарашадағы тіркеу № 13-6-12) «Үшінші сайланған Есіл аудандық мәслихатының регламенті туралы» аудандық мәслихаттың шешімдері өзгерістермен қоса келесі мазмұндағы 61.1 тармағымен толықтырылсын: «61.1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Мәслихат алдында әкімдердің есебі туралы» Жарлығына сәйкес жартыжылда 1 реттен сирек емес әкімдердің жүктелген міндеттер мен тапсырыстарды орындау туралы есебі тыңдалады. Есептің нәтижелері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды».
Тармақ 2
2. Нақты шешім Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әділет басқармасында тіркелгеннен бастап күшіне енеді.