О проведении трехмесячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың елді мекендерін санитарлык тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықты өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 14-1) тармақшасына, «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы №361 Заңы 19 бабы 2 тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың 20 сәуірінен 20 шілдесіне дейін облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлық өткізілсін (ілгеріде-үшайлық).
Тармақ 2
2. Қоса берілгендер бекітілсін:
үшайлық қорытындыларын шығару жөніндегі облыстық комиссияның құрамы;
үшайлықты өткізу жөніндегі іс- шаралар жоспары; үшайлықтың қорытындыларын шығару ережелері.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Петропавл қаласының, ауылдық округтердің әкімдері үшайлықты өткізу жөніндегі тиісті іс-шараларды әзірлесін.
Тармақ 4
4. Ішкі саясат департаменті үшайлықты өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялап тұрсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
Казақтан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше
жағдайлар жөніндегі департаменттің
бастығы
М. Мұсабаев
2006 жыл «6» 04
Қазақстан Республикасы Көлік және
Комммуникация министрлігі Көліктік
инфрақұрылымды дамыту комитеті
Солтүстік Қазақстан облыстық
басқармасының бастығы
А. Жанкин
2006 жыл «6» сәуір
Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі
қоршаған ортаны қорғау облыстык
аумақтық басқармасының бастығы
Б. Кенжегөзин
2006 жыл «» __________
Басқа 6
Облыс әкімдігінің 2006 жылғы
«17 » сәуірдегі № 77 қаулысына
қосымша
Облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтьш қорытындысын шығару жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Развин
Сергей Владимирович
-Облыс әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы
Назмұтдинов Мәлік Ягофарұлы
-Солтүстік Қазақстан облысы құрылысы департаментінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Исенеев Кайырғали
Қапезұлы
-Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Дмитриенко Петр Гаврилович
- Солтүстік Қазақстан облысы табиғат ресурстары және табиғатты
пайдалануды реттеу департаментінің бастығы
Сыздықов
Кайыргелді Садықұлы
- Солтүстік Қазакстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бастығы
Чжен
Александр Моисеевич
Солтүстік Қазакстан облысы сәулеттік - құрылысты мемлекеттік
бакылау басқармасынын бастығы
Кенжегөзин Біржан Балқожаұлы
- Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны корғау министрлігі қоршаған ортаны корғау облыстық
аумақтык басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Мұсабаев Марат Шамшәріпұлы
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Басқа 7
Облыс әкімдігінің 2006 жылғы
«17 » сәуірдегі № 77 қаулысына
қосымша
Облыстың елді мекендерін санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықты өткізу жөніндегі іс-шаралардын жоспары
Тармақ 1
1. Елді мекендердің көшелерін, тұрғын үйлердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жанындағы және орамындағы жерлерін, қыстан қалған қалдыктарын тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Петропавл каласының, аудандардың, ауылдық округтардың әкімі.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары.
Тармақ 2
2. Үй кұрылыстарының қоғамдык, өндірістік үйлердін қасбеттерін, тұрғын үйлердің, кәсіпорындар және ұйымдардың коршаулары мен аулаларын тәртіпке келтіру үшін кажетті шаралар қабылдасын.
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкімі.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары.
Тармақ 3
3. Сумен қамтамасыз ету және суды бөлу обьектілерінің санитарлык гигиеналық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізсін, оларды тиісті жағдайға жеткізсін (су құбыры мен канализациялардың тазарту ғимараттары, насостық станциялар, су қорының резервуарлары, су арын мұнаралары, жер астынан су алатын жерлер, кұдыктар, су колонкалар).
Петропавл қаласының, аудандардаң, ауылдық округтардың әкімі.
«Есіл су» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша).
«Петропавл су» ашық акционерлік қоғам.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншікте тұрған, келешекте пайдалану үшін жарамсыз және бос үйлердің бұзылуын, одан кейін олардың бөлінген орынға
шығарылуын қамтамасыз етсін. Коммуналдық меншікте тұрған, аяқталмаған құрылыс объектілерін аумактардан шығару бойынша жұмысты жүргізсін.
Петропавл қаласының аудандардың, ауылдық округтардың әкімі. Кэсіпорындардың және ұйымдардың басшылары.
Тармақ 5
5. Тұрмыстық қатты калдықтар төгетін жерлерді, ки коймаларды мал қабірлерін тиісті санитарлык жағдайға келтірсін. Жасырын жиналган кокыс орындарын жойсын. Төгетін жерлерге біршші және екінші сыныпты кауіпті калдықтарды шығаруға жол бермесін .
Петропавл қаласының, аудандардың, ауылдық округтардың әкімі.
Тармақ 6
6. Қаңғыбас иттер мен мысыктарды аулау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Петропавл каласының, аудандардың, ауылдық окруттардың әкім.
Басқа 14
Облыс әкімдігінің 2006 жылғы
«17» сәуір № 77 қаулысымен
бекітілді
Облыстын елді мекендерін санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі үшайлықтың қорытындысын шығару ережелері
Үшайлықтың қорытындысы аудандык және қалалык комиссиялармен әрбір елді мекен және жалпы аудан бойынша ай сайын шығарылады, қорытындысы комиссия төрағасы орынбасарының атына әрбір айдың бесінші күніне дейін түсү керек.
Облыстық комиссия ай сайын, атқарылған жұмыс туралы қалалык және аудандық комиссиялар ұсынған есепті қарайды, шінара тексерулерді ұймдастырады және елді мекендерді санитарлык тазарту мен көркейту жөніндегі үшайлықты өткізудің ақырғы қорытындысын ұйымдастырады.
Бағалау 5 балдық жүйе бойынша, келесі көрсеткіштерден орта балл шығырыла отырылып жүргізіледі:
Тармақ 1
1. Аудардандың, калалардың және ауылдык округтардың шекараларын, елді мекендерге кіру жолдарын (елді мекен немесе кіру белгісі көрсеткішінің барлығы, жанасқан аумақтардың жайластырылуы) ресімдеу.
Тармақ 2
2. Жеке үй күрылыстарының жағдайы (қасбеттер, иеліктегі үй аумағының қоршауы мен санитарлық жағдайы, ең жақсы аулаларға, үйлерге байқау өткізілеме жоқ па )
Тармақ 3
3. Қоғамдық үйлердің, әлеуметтік сала және сауда объектілерінің, спорттық ғимараттардың жағдайы: қасбеттері, қоршауы, көгалдандырылуы.
Жанасқан аумақтардың шағын базарлардың, автомобильге жанар-жағармай құю станциясы, автобус аялдамаларының, жарнама жазуларының санитарлык жағдайы.
Тармақ 4
4. Өндірістік сектордың: мал фермалары, кырмандар, дәрілеу аландары, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары (қасбеттері, қоршауы, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайы) жағдайы.
Тармақ 5
5. Жолдар мен тротуарлардың, жаяу жолдардың, елді мекендердегі су өткізілудің ұсталуы.
Тармақ 6
6. Коммуналдық меншіктегі бітпеген құрылыс объектілерінің бұзылудан сақталуы және қираған ғимараттарды бұзып алу.
Тармақ 7
7. Естелік жерлерді, ескеткіштер мен коғамдық жерлеу орындарын жөндеу және ұстау.
Тармақ 8
8. Стадиондарды, сәулет ескерткіштерін жөндеу.
Тармақ 9
9. Сумен жабдыктау (су арын мұнарасының санитарлық - гигиеналық жағдайы, су тарату колонкаларының түзеулігі, олардың айналасының көтеріңкі болуы, құдыктардың санитарлык - техникалық жағдайы, олардың жаңа кұрылысы).
Тармақ 10
10. Елді мекен тұргындарының бұлақтарды, арналарды, өзен мен көлдердің жағаларын, ормандарды, ағаш көшінділерді, ауыл маңындағы тоғайларды тазалауға катысулары.
Тармақ 11
11. Тұрмыстық қатты қалдыктар төгетін жерлердің, ки коймаларының жағдайы.
Тармақ 12
12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тамактық өнеркәсіп нысаналарының, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынын, сауданың көктемгі- жазғы кезеңіндегі жұмыска дайындығы тұралы он корытындысы.
Облыстық комиссия ауданды, аудандық орталық, ауылдық округтар және елді мекендер бойынша жинаған балл есебімен бағалайды.Балды үстеп әрбір бағыт бойынша орындалған жұмыстың көлемі мен сапасына байланысты жүзеге асырылады:
100 % және одан жоғары орындалған жүмыс көлемі үшін
-5 балл
75%-тен 100%-ке дейін -4 балл
50%-тен 75%-ке дейін -3 балл
25%-тен 50%-ке дейін -2 балл
25%-ке дейін -1 балл;
Жамбыл және Уәлиханов аудандары үшін қорытынды шығарғанда, балға көгалдандыру, сумен жабдыктау объектілерінің дайындығы бағыттары бойынша 1,02 коэффициенті қолданылсын.
Облыстың елді мекендерін санитарлық тазалау және көркейту бойынша үшайлықтың жеңімпаздары сыйлықтарының түрлері мен мөлшерлері облыс әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.