Об организации и проведении учебно - полевых сборов в оборонно - спортивном оздоровительном лагере Уланского района с юношами допризывного и призывного возрастов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлан ауданында спорттық - қорғаныстық сауықтыру лагерлерінде әскерге шақыру жасындағы жігіттермен далалық оқу - жаттығу жиынын өткізуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағңі жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33- бабьшың 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 11- бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадагы № 1340 «Алғашқы әскери, дайындық туралы» қаулысына сәйкес оқушылардың алғашқы әскери дайындық сабағында алған теориялық білімдерін практика жүзінде бекіту мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы мамыр айының 15-нен 20-на дейін Ахмирово кентіндегі 27943 әскери бөлімшесінің аясында алғашқы әскери дайындық өтпеген әскерге шақырылатын жастағы жігіттермен және жалпы білім беретін орта мектептердін 10 сынып оқушыларымен спорттық-қорғау сауықтыру лагерінде өткізіліетін далалық оқу-жаттығу жиыны 6 күндік мерзімде өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандағы мектеп директорлары мен ауылдық округтермен кенттер әкімдері жиын өтетін жерге әскерге шақырылатын жастағы жігіттерді жеткізу мен алып-қайту кезінде сақтандыру жағдайын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Спорттық-қорғау сауықтыру лагерінің бастығы болвп, Мәрсеков атындағы отра мектебнің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы- үйымдастырушысы Мүхамедиев Мүрат Оразғалиевич тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Аудандык оқу бөлімі (Абдуллина Н.А.) далалык оқу-жаттығу жиынына оқушыларды дайындау жұмысын ұйымдастырумен қатар СҚСЛ штатына сәйкес тәжірибелі оқытушы-ұйымдастырушысыларды бөліп, олардың далалық оқу-жаттығу жиынына уақтылы келуін қамтамасыз етсін. Жиын өткізу мерзімінде жігіггердің алғашкы әскери дайындықтарын бақылауды, жиынға қатысатындарды 3 уақыт тамақтандыруды және тамақ дайындайтын орыy меп тәжірибелі аспаздаррмен қамтамасьп етсін.
Тармақ 5
5. Санитариалық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік департаментінің Ұлан аудандық басқармасы (Илюбаев Х.Ж., келісім бойынша) жиын өткізілетін жерде санитарлық тазалық сақталуын қамтамасыз етумен қатар, дайындалған тағамдардың сапасы мен ас дайындау орныңың санитарлық жағдайын қатаң қадағалауға алсын.
Тармақ 6
6. Ұлан аудандық орталық аурухана (Сагатов Т.С., келісім бойынша) лагерлік жиынға қатысушылардың денсаулығын тексеруге дәрігерлік қызметкер жіберсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі ( Калетаев Д.А., келісім бойынша) оқу- жаттығу жиыны өтетін уақытта лагер аймағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Саниязов Б.К., келісім бойынша) оқу- жаттығу жиынын өткізу жоспарын әзірлеп оны орындаушыларға жеткізсін. Спорттық - қорғаңыстық сауықтыру лагерінде методикалық - оқытуға басшылық етсін. Жастарды жиынға шақыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Аудандық спорт және дене мәдениеті бөлімі ( Амренов С.К.) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп спорт түрлерінің инструкторларымен қамтамасыз етуге және СҚСЛ ұйымдастыру жұмысына тікелей қатынасып, жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеуге көмек көрсетіп, жарыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. У. Сейсембинаға жүктелсін. Келісілген Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д. Қалетаев «12» мамыр 2006 ж Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б. Саниязов «12» мамыр 2006 ж Аудандық аурухананың бас дәрігері Т. Сагатов «12» мамыр 2006 ж Мемлекеттік санитарно- эпидемиологиялық бақылау департаметінің аудандық басқармасының бастығы Х. Илюбаев «12» мамыр 2006 ж