Об определении предприятия для трудоустройства лиц, осужденных к наказанию в виде привлечения к общественным работам Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарға қатыстыру түрінде жазалауға сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорынды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қылмыс Кодексінің 42-бабын, Қазақстан Республикасының Қылмыс-атқарушы Кодексінің 30-бабының 1-тармағы, 33-бабын іске асыру мақсатында Қамысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға қатыстыру түрінде жазалауға сотталған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорны ретінде "Қамысты" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қамысты" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорына (Төлегенов В. С.):
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға қатыстыру түрінде жазалауға сотталған тұлғалардың еңбегін пайдаланғанда, сотталғандармен қоғамдык жұмыстар орындаған үшін жергілікті бюджетке ай сайын қаржы каражат аударылсын;
Тармақша 2
2) сотталғандармен орындалған жұмыстардың көлемін және құнын кәсіпорында қолданыстағы бағалау бойынша бөлек есептелсін;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыстар демалыс күндерде және сотталған адам негізгі жұмысында немесе оқуда бос болған күндерде күніне төрт сағаттан артық емес және екі сағаттан артық емес жұмыс күндердегі оқудың немесе жұмыстың аяқталуынан кейін орындалады;
Тармақша 4
4) аймақты көріктендіру, жайларды жинау, жүкті тиеу-түсіру жұмыстарды, сотталғандардан ешбір арнайы дайындықты міндет етпейтін коғамдық жұмыстарының түрлері деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовқа жүктелсін.