Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах района имени Габита Мусрепова Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері бекітілсін.
Басқа 2. Ғабит Мусірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері
2006 жылғы 12 сәуірдегі аудандық маслихаттың № 27-5 шешімімен бекітілді Ғабит Мусірепов атындағы ауданның елді мекендерінде жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелері
Тармақ 3
Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытудың мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына және басқа да нормативтік-құқытық актілерге сәйкес әзірленді
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже малдарды, иттерді, мысықтарды (әрі қарай жануарлар) иелеріне, соның ішінде жеке және занды тұлғалар меншік түрлеріне қарамастан, өз қызметтерін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында іске асыратын ұйымдармен кәсіпорындарға қарасты болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрған орынға қарай қолда ұстаған жануарларды міндетті түрде және жыл сайын идентификациялау, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау, диагностикалық зерттеулерге өңдеу жасау.
Тармақ 3
3. Жануарлардың сатылуы, әкелінуі, әкетілуі тек паспорт және бекітілген үлгідегі ветеринариялық куәлік болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 4
4. Жануарларды сояр алдында малдәрігерлік байқаусыз жануардың союын, сатылуын болдырмау және сойғаннан соң жануарлардың ұшасымен мүшелерін ветеринарлық-санитарлық экспертизадан өткізу.
Тармақ 5
5. Адам және жануарлар денсаулығына қауіп төнетін, жануарлар азық-түлігі шикізаты қауіп төну дәрежесіне байланысты міндетті түрде алынуы, жойылуы, немесе залалсыздандыру (зарарсыздандыру) мал дәрігерлігі бойынша мемлекеттік уәкілетті органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген.
Тармақ 6
6. Қоғамдық орындарда, иелерімен дүкен, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары және тағы басқа қоғамдық жерлерде, байлаулы тұрған жануарлардан басқа иесі қасында болмаған жануар қаңғыған болып есептеледі, және міндетті түрде ұсталынуы тиіс.
Тармақ 2
2. Мал иесінің міндеттері
Тармақ 7
7. Иелер міндетті:
Тармақша 1
1) жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жанашырлықпен қарап, қараусыз қалдырмауға, ауырып қалған уақытында мал дәрігеріне келіп көрсетуге;
Тармақша 2
2) жануарларды ұстау орындарында тиісті санитарлық жағдайды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік малдәрігерлігі қызметтер мамандарының талаптары бойынша жануарларды қарау, құжаттандыру, идентификациялау, диагностикалық реттеу мен профилактикалық егулер жасау үшін әкелуге;
Тармақша 4
4) айналадағы адамдарды қоршаған жануарлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға: байлауда және арнайы бөлінген жерлерде ұстауға, ескерту маңдайшалары болып, аулалар мен қоршалған торларда (вальер) ұстауға;
Тармақша 5
5) жануарлардың ауырғанында немесе өлгенінде, адамдар мен жануарларды иттер (мысықтар) тістеп алған жағдайда медициналық және малдәрігерлік мекемеге жедел түрде хабар беруге.
Тармақ 8
8. Жануарлар өлген кезде, өлікті арнайы белгіленген орында (өлік орнында) малдәрігері маманы зерттейді.
Тармақ 9
9. Көшені кесіп, магистраль жанынан өткен кезде өткен жануарлар иесі жол-көлік оқиғасы және жануарлардың өлімін болдырмау үшін сақтандыру шараларын қолдану керек.
Тарау 3. 3. Жануарлар иесінің құқықтары
3. Жануарлар иесінің құқықтары
Тармақ 10
10. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады.
Тармақ 11
11. Жануарлар қолданыстағы заңнамаларда қаралған сот шешімі бойынша және де заңды түрде иесінен алып койылуы мүмкін.
Тарау 4. 4. Иттерді және мысықтарды ұстау
4. Иттерді және мысықтарды ұстау
Тармақ 12
12. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) жануарларды жайлы орында, соның ішінде пәтерде ұстау зоогигиеналық мал дәрігерлік-санитарлық нормаларды сақтап жүргізуге;
Тармақша 2
2) шарттарды орындаған жағдайда жануарларды барлық көлік түрлерімен орын ауыстыруға, жолаушыларға тиышсыздық көрсеткен жағдайда: байлау, тізгінеу, тұмылдырық, тор;
Тармақша 3
3) иттерді табындарда, аңға шыкканда айтақтағанда, үйрету алаңдарында тізгінсіз, тұмылдырықсыз ұстауға; арнайы ұйымдармен жедел пайдалану кезінде.
Тармақ 13
13. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жануарларды көпшілік пайдаланатын жерде тұмылдырықсыз серуендетуге;
Тармақша 2
2) жануарлардың көпшілік пайдаланатын қоғамдық орындарды подъездерді, саты алаңдарын, спорт, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды ластауына.
Тарау 5. 5. Ауылшаруашылық және үй жануарларын ұстау
5. Ауылшаруашылық және үй жануарларын ұстау
Тармақ 14
14. Үй жануарлары пайдаланыстағы нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған қоршалған аумақта, басқа объектілерден алшақ жерде ұсталуы керек.
Тармақ 15
15. Ауылшаруашылық жануарларды ұстау және көбейту мал дәрігерлік (мал дәрігерлі-санитарлық) ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізілуі керек.
Тармақ 16
16. Ауылшаруашылык жануарлар иелері жануарларды ұстау және өсіру кезінде зоотехникалық және мал дәрігерлік-санитарлық талаптарды орындау, және мал шаруашылығы қалдықтарымен қоршаған ортаны ластауды болдырмау керек.
Тармақ 17
17. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) ауру, зерттелмеген, вакцинацияланбаған жануарлардың коғамдық табында жайылуына;
Тармақша 2
2) жануарлардың көше, алаң және басқа да көпшілік пайдаланатын, арнайы жануарларды жаюға бекітілген орындардан басқа орындарда жайылуына;
Тармақша 3
3) су таситын орындарда жануарларды суаруға (ұңғылар, құдықтар, су башнясының санитарлық зоналары);
Тармақша 4
4) жануарларды адам демалатын жағажай орындарында, өзенде жуындыруға.
Тарау 6. 6. Жауапкершілік
6. Жауапкершілік
Тармақ 18
18. Осы Ережені бұзған жануарлар иесі оның іс-қимылы қылмыстық жауапкершілікті тартпаса, «Әкімшілік құкық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 310, 311 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.