Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) зейнетакы мен жәрдемақы мөлшерлері айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін күн көріс мөлшерінің 1,06 коэффициентінен аспайтын зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.
Тармақ 2
2. 2006 жылға арналған әлеуметтік көмек көрсету мөлшері айына 700 теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне әлеуметтік көмек қалалық бюджеттен төленсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Борисов Петр Евгеньвич).