Біржолғы талондардың күны мен сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біржолғы талондардың құны мен сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-ІІ Кодексінің 369, 373, 491 баптарына, және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЬІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданындағы базарларда тауарларды өткізу құқығына біржолғы талондардың құны № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ара - тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы жарнама (көрнекі) обьектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың “Біржолғы талондардың құны туралы” 2004 жылғы 14 шілдедегі № 7-6 шешімінің күші жойылсын.