Тарбағатай ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау ережесін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау ережесін бекіту туралы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күтіп ұстау Ережесі бекітілсін. (қоса берілген).
Тармақ 2
2. Осы ереже Тарбағатай аудандық әділет басқармасында тіркелгеннен бастап, заңды күшіне енеді.
Басқа 3. Тарбағатай ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күіп ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 19-7 шешімімен бекітілген Тарбағатай ауданының елді мекендерінде үй жануарлары мен хайуандарын күіп ұстау ЕРЕЖЕСІ Осы ереже “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына, “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі № 339 Заңына, Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексіне сәйкес дайындалған. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ереже Тарбағатай ауданындағы жануары иелеріне, сонымен қатар ведомствалық бағыныштылығы мен жеке меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың бәріне де қатысты.
Тармақ 2
2. Жануарларды күтіп устаудың міндетті шарттары мыналар:
Тармақша 1
1) жергілікті жерлерде ветеринария мамандары жануарларды 2-3 айлығынан бастап тіркеу және қайта тіркелуін, аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы егулер, диагностикалық зерттеулер және паразиттік ауруларға қарсы тексеру және профилактикалық емдеуді қамтамасыз ету (әр тоқсан сайын дегелментизациялау). Қайта иелікке алынған жануарлар бір апта ішінде тіркеліп және бір айлық карантинге қойылу кереж. Ауылдық округтердің ветеринария инспекторы мен мал дәрігерлері белгіленген үлгіде ветеринарлық паспорт береді. (Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің 2003 жылдың 2 сәуіріндегі № 164 бұйрығымен бекітілген), сонымен қатар жануарларды асырау Ережесімен таныстырады.
Тармақша 2
2) Санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық - санитарлық ережелерді сақтау, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу.
Тармақша 3
3) Ауданда және ауданнан шеткері аумақтарға жануарларды сату және тасымалдау, ауылдық округтердің ветеринария инспекторы мен мал дәрігерлерінің берген ветериңариялық паспортының негізінде егілген күні, диагностикалық зерттеулері, дегелментизацияланған күні көрсетілген ветеринарлық куәліктің немесе белгіленген үлгідегі ветеринарлық анықтаманың рәсімдеуі арқылы беріледі.
Тарау 2. 2. Жануарлар иелерінің міндеттері Жануарлар иелерінің міндеттері мыналар:
2. Жануарлар иелерінің міндеттері Жануарлар иелерінің міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) оларды биологоиялық ерекшеліктеріне сәйкес күтіп ұстау, жануарларға адамгершілікпен қарау, қараусыз, азықсыз және сусыз қалдырмау, ауырған жағдайда дер кезінде мал дәрігерлеріне хабарлап ветеринарлық көмек көрсету.
Тармақша 2
2) Оларды үстайтын және серуендету орындарында тиісті санитарлық жағдайды сақтау, аулаларды, подьездерді, торшарларды, спорт және балалар алаңдарын, жолдарды, саябақ тротуарларын, саябақтарды, демалыс орындарын және молаларды ластамау, ластаған жағдайда арнайы тазалығыштардың (күрекше, пакет) көмегімен міндетті түрде тазалық жүргізу.
Тармақша 3
3) Ауылдық округтердің ветеринария мамандарының талабы бойьшша жануарларды диагностикалық зерттеулер және емдеу - алдын ала ектіруге уақытында әкеліп тұру.
Тармақша 4
4) маңайдағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдану.
Тармақша 5
5) жануардың опат болған жағдайында немесе иесі ауысқанда ауылдық округтің ветеринария инспекторына хабарлау;
Тармақша 6
6) адамдарды немесе жануарларды иттер, мысықтар тістеп алған жағдайда оларды ветеринарлық мамандардың бақылауымен тексеру және карантин жариялау, ауылдық округтің ветеринарлық инспекторына және ауданның санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау қызмет орындарына міндетті түрде хабарлау;
Тармақша 7
7) үй жануарларының өлекселерін шашпау, оларды мал моласына көму
Тармақша 8
8) жануарларды союды, сою алдындағы және сойғаннан кейінгі мүшелерін және ішкі ағзаларын тексерусіз іске асыруға жол бермеу
Тармақша 9
9) сойылған малдың залалсыздандырылмағдн қалдықтарын, ауыл шаруашылық малының іш тастаған, өлі туған төлдерін иттерге, мысықтарға жеткізуге жол бермеу.
Тармақ 4
4. Жануар иелері Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен, тізімге енгізілген аса қауіпті аурулардан басқа, емдеуге алдын алуға, диагностикаға, дезинфекцияға, дизенсекцияға сонымен бірге инвазиялық ауруларға қарсы егіп, емдеу және ауыл шаруашылық жануарларын ұрықтандыруға келісім негізінде төлемақы төлеуге міндетті.
Тарау 3. 3. Жануар иелерінің қүқықтары
3. Жануар иелерінің қүқықтары
Тармақ 4
4. Азаматтардың және жануар иелерінің жеке меншігі мемлекет қорғауына алынады.
Тармақ 5
5. Жануарларды иесінен ажырату Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітіп, тізімге енгізген жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралу қаупінен басқа жағдайда, тек иесінің келісімімен және соттың шешіміммен іске асырылады.
Тармақ 6
6. Мал иесі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізім бойынша адамдар мен малдың денсаулығына қауіп туғызатын жағдайларға байланысты малды, малдан алынатын өнімдіер мен шикізатттарды жоюдан келтірілген зияндарды өндіріп алуға қүқылы.
Тармақ 7
7. Үй жануарларын, құстарды, араларды ұстау.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылық үй жануарлары, құстар және аралар түрғын үйлерден, жеке секторлардан, мектеп аумағынан, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, стадиондардан, қоғамдық тамақтану, сату, азық түлік мекемелерінен, көп пәтерлі үйлерден жаппай демалыс орындарынан, артезиан қүдығынан, өзен жағалауларынан белгіленген үлгі бойынша арнайы жабдықталған жабық үйлерде оқшау ұсталуы керек. Бір қабатты қапталдасқан үйлерде үшатын құстарды және араларды үстау, осы үйде тұратын көрші отбасылардың келісімімен ветеринарлық - санитарлық ережелер сақталған жағдайда ғана рұқасат етіледі.
Тармақ 9
9. Елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруден өткізіп және оларға ветеринарлық паспортты рәсімдеуді қамтамасыз етілуі тиіс.(ауыл шаруашылық Министрлігінің 2003 жылдың 02 сәуіріндегі №164 бұйрығы)
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылық жануарларын, азық түліктерді және өнімдерді, мал азықтарын ветеринарлық жолдама құжаттарынсыз сырттан кіргізбей және шетке шығармау керек.
Тармақ 11
11. Мал ұстайтын орындарда тазалық сақтау, уақытында дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, дератизациялауды жүргізу, көңді жем-шөп қалдықтарын және қоқсықты арнайы бөлінген орындарға уақытында шығару қажет.
Тармақ 12
12. Жабайы және үй хайуандарын зообұрыштарда және мектепке деиінгі мекемелерде, мектептерде, кооперативтерде ұстау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Тарбағатай аудандық аумақтық басқармасының рұқсатымен іске асырылады.
Тармақ 13
13. Малдарды көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, парктер, және басқадай жаппай қолдану орындарында серуендетуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 14
14. Жануарлар (ірі қара, жылқы) жазғы кезеңде ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен табындарға бөлініп, қойлар мен ешкілер басқа жануар түрлерінен жеке ұйымдастырылған отарларда ұсталып, бағылады.
Тарау 15. 4. Иттер мен мысықтарды күтіп үстау.
4. Иттер мен мысықтарды күтіп үстау.
Тармақ 15
15. Жеке үй шаруашьшығында иттер шарбақталған аумақтарда ұсталып, аулауға кіру есігінде иттердің бары туралы сақтандыру жазулары болу керек.
Тармақ 16
16. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерімен, қыстық және жаздық демалыс мекемелеріндегі “жан-жануарлар бұрыштарында” иттерді, мысықтарды және басқа хайуандарды ұстау санитарлық-эпидемиялогиялық және ветеринарлық қызметтің рұқсатымен іске асырылады.
Тармақ 17
17. Мекемелерде және ұйымдарда күзетші иттерді тек байланған күйде немесе торлы қорада ұстауға рүқсат етіледі.
Тармақ 18
18. Иттер мен мысықтарды көліктерде алып жүру жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда іске асырылады. Бұл жағдайда жануар не тұмылдырықта не арнайы торларда, сөмкелерде болу керек.
Тармақ 19
19. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула, саябақтарда) иесіз жүрген иттер кезбе ит болып саналады, кезбе жануарлар аулап жоятын арнайы мекемелермен міндетті түрде аулануға жатады.
Тармақ 20
20. Иттерді тек қысқа жетекке алып (қабаған иттерді тұмылдырықпен), меншік түрғын үй кооперативтерінің немесе округ әкімдерінің белгілеген орындарында серуендетуге рұқасат етіледі.
Тармақ 21
21. Жануар иелеріне тиым салынады:
Тармақша 1
1) үй жануарлары мен хайуандарын балалардың аула алаңдары, мектепке дейінгі балалар мекемелері, мектеп және оқу орындары, денсаулық сақтау обьектілері, спорт алаңдары, саябақ су тартқыш құрылыс және жағажайлар аумағында серуендетуге;
Тармақша 2
2) үй жануарлары мен хайуандарды қоғамдық тамақтану мекемесіне, азық түлік дүкендеріне, сату және өндіру залдарына әкелуге және ұстауға;
Тармақша 3
3) жануарларды қоғамдық пайдалану орындарында, подьездерде, басқыш шабағындағы торшаларда және шатырдың астында, жертөлелерде, жатахана дәліздерінде ұстауға;
Тармақша 4
4) аудан аумағында иттердің ұрысын өткізуге;
Тармақша 5
5) күшіктер мен иттерді, мысықтарды белгіленбеген жерлерде ветеринарлық анықтамасыз және олардың құжатынсыз (паспорт,тегі туралы куәлік) сатуға;
Тармақша 6
6) жануар өліктерін лақтырып тастауға және өз бетімен көмуге;
Тарау 22. 5. Жануар иелерінің осы ережені сақтамаған жағдайдағы жауапкершілігі
5. Жануар иелерінің осы ережені сақтамаған жағдайдағы жауапкершілігі
Тармақ 22
22. Ветеринарлық- санитарлық шараларды сақтамаған жағдайда жануарлар қожайыны “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 23
23. Осы ереже талаптарын бұзған жағдайда жануарлар қожайыны “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тарау 6. 6. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттері
6. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттері
Тармақ 24
24. Ветеринарлық қадағалау органдары міндетті:
Тармақша 1
1) жануар иелерінің ветеринарлық- санитарлық шараларды орындауын, орындау уақытын бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Жергілікті жерлерде мал, құс, хайуандардың ауруларының алдын алу халықты адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, аудандағы ветеринарлық-санитарлық қызметті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тармақ 25
25. Ветеринарлық қадағалау органдары жануар иелеріне ұсынылатын көмек сапасына жауап береді.
Тармақ 26
26. Жануар илеріне жануарға көрсетілген ветеринарлық көмектің сапасына ветеринарлық мекеменің ем жасаған қызметкерлері жауап береді.