Об утверждении Положения о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат) және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) Заң күшi бар Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 278-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПАҮЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 18-тармағы.
Басқа 3. БЕКIТIЛГЕН Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ i
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi және күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Ереже құрылған, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн бюджетке алым төлеу мен есептеме жасау, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуге заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлiгiн тексеру, оларға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы тiркеу нөмiрiн бере отырып тiркеу куәлiгiн беру, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тармақ ii
II. Алым төлеушiлер
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеушiлер болып табылады.
Тармақ iii
III. Алым төлеуден босату
Тармақ 5
5. Тiркеу алымын төлеуден мыналар босатылады: Азаматтық кодекс (жалпы бөлiм) күшiне енгенге дейiн құрылған және Азаматтық кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ережелерге сәйкес әдiлет органдарында қайта тiркелуге жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi; Азаматтық кодекс (жалпы бөлiм) ресми түрде жарияланғанға дейiн Азаматтық кодексте (жалпы бөлiм) көзделмеген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған және Азаматтық кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған заңды тұлғалар. IҮ. Алым ставкалары
Тармақ 6
6. Бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын құрылған мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiн олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған бiр есептi көрсеткiштiң мөлшерiнде алынады. балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) тіркеу үшін алым, оны төлеген күнгі қолданылған есеп көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алынады; Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған есептi көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерiнде алынады. Өзге де заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған есептi көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiнде алынады. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.15. N 640 қаулысымен. Ескерту. 6-тармақтың 3,4-абзацтарының күші 2001 жылғы 4 шілдеден 10 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің 2001.06.01. N 751 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының бiрiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) қайта тіркеу үшін алым 50 пайыз, ал оларға мемлекеттік (есепті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі берілген жағдайда - Ереженің 6-тармағының үшінші абзацында көзделген ставканың 25 пайызы мөлшерінде алынады. Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының екiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады. Өзге де заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының үшiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-7-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.08.19. N 1264 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 2-абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.15. N 640 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым алымды төлеген күнгi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде алынады. Ү. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу және тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын бергенi үшiн алымды тiркеу (қайта тiркеу) немесе дубликатты беру туралы өтiнiш бергенге дейiн дербес төлейдi.
Тармақ 10
10. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу үшiн, сондай-ақ оларға тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын бергенi үшiн алым жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне аударым жасауға жатады.
Тармақ 11
11. Тiркеушi органға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта
Тармақша тiркеу
тiркеу), заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң дубликатын бергенi үшiн алым төленгенi туралы квитанция немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi табыс етiледi.
Тармақ 12
12. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартқан кезде төленген алым қайтаруға жатпайды.
Тармақ 13
13. Осы Ереженiң 5-тармағында белгiленген жағдайлардан басқа кезде алым сомасын төлемей тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асыруға тыйым салынады. ҮI. Жауапкершiлiк
Тармақ 14
14. Алымды дұрыс, толық әрi уақтылы төлеу жауапкершiлiгi төлеушiге жүктеледi.
Тармақ 15
15. Тiркелмеген заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салынады, ал мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өтпеген қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады. ҮII. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеуге бақылау жасау
Тармақ 16
16. Бюджетке алымды толық төлеуге және уақтылы аударуға бақылау жасауды тiркеу органдары жүзеге асырады.