«Об очередном призыве граждан на воинскую службу» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды әскери қызметке кезекті шақырту туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының негізінде, 1988 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ мұрсат мерзімі өткен, жасы асып кеткен азаматтарды көктемгі (сәуір-маусым), күзгі (қазан-желтоқсан) мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу және шақырылушыларды әскери бөлімдерге жоспарлы түрде атқару үшін аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мына мекен-жайда шақыру пунктті ұйымдастырылсын: Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі 3 үй.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20-бабына сәйкес шақыру комиссиясының кұрамы бекітілсін (1- қосымша). Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28-баптардың талаптарын қатаң басшылыққа алсын. Аудандық шақыру комиссиясына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды 2006 жылғы 1 сәуірден және 1 қазаннан бастау міндеттелсін, шақыру комиссиясының жұмысы кезінде шақыру комиссиясының барлық мүшелері қызметтік міндеттерін атқарудан және жұмыстарынан босатылады. Шақыру комиссиясының төрағасы Шәкерханов Р.Н. комиссия мүшелерi толық болмаған жағдайда комиссия отырысын өткізу жағдайын болдырмасын, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңындағы талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бұланды ауданы қорғаныс icтepi бөлімінің бастығы капитан Р.Н.Шәкерхановқа және әскери қызметшілерді шақыру және контракт бойынша шақыру бөлімшесінің бастығы старшина П.П.Шабалинге азаматтарды шақыру комиссиясына шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық аурухананың бас дәрігepi Г.К.Садуақасовқа (келісімі бойынша) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес:
Тармақша 1
1) шақырылушыларға медициналық куәландыру жүргізу үшін шақыру комиссиясының қарамағына қажет мөлшерде дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлер болсын;
Тармақша 2
2) Шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылушылардың денсаулығына қосымша тексеру жүргізу үшін аудандағы емдеу мекемелерінің стационарларында резервте орындар ұстасын;
Тармақша 3
3) Бұланды аудандық қорғаныс icтepi бөлімінің жоспары мен есебіне сәйкес 3.04.2006ж. және 1.10.2006 жылдан бастап ауданның емдеу мекемелері арқылы барлық шақырылушылардың кеуде ағзаларын флюрографиялық тексеруден өткізу, электрокардиограмма, қажет анализдер өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Бұланды ауданының шақыру пункті Бұланды ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша қажетті медициналық және шаруашылық жабдықтарымен қамтамасыз етілсін, кейін ол медициналық және шаруашылық мүліктер Бұланды ауданы шақыру пунктінің балансына берілсін.
Тармақ 5
5. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, оқу орындары мен ауылшаруашылық құрылымдардың басшыларына:
Тармақша 1
1) шақырылушылардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету, іс сапардағы және демалыстағы адамдар шақыртылып, шақыру комиссиясынан өту үшін Бұланды ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру, стационарлық тексеру, сондай-ақ анализ тапсыру кезінде шақырылушыларды жұмыстан босату;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының еңбек туралы" Заңының 76-бабы 4-тармағына сәйкес мерзімді әскери кызметке шақырылған азаматтармен толық есеп айырысу;
Тармақша 4
4) 3.04.2006 ж. және 2.10.2006 жылдан бастап шақыру учаскесінде жұмыс icтey үшін техникалық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын (2-қосымша).
Тармақ 6
6. Азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізілген соң шақыру комиссиясының тізімі бойынша жасөспірімдер дәрігері Куклина О.А. емдеуді қажет ететін шақырушыларды емдеу мекемелеріне бекітіп, келесі шақыруға дейін олардың емделуін қамтамасыз етсін, олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені шешу үшін резервте рентген пленкаларын ұстасын.
Тармақ 7
7. Ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақыруға жататын адамдарға жеке шақыру қағаздарын тапсырып бepciн және Бұланды ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі көрсеткен күнде олардың шақыру комиссиясына келуші қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері, қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім аудандық және облыстық шақыру комиссиясына шақырылушыларды жеткізу ұшін автокөлік бөлу жөнінде шаруашылық субъектілерінің басшыларына тапсырыс берciн (келісімдері бойынша) (3-қосымша).
Тармақ 9
9. Мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іздестіру және аудандық әскери комиссариатқа жеткізу үшін кезекші машина бөлінсін (келісімдері бойынша) (4-қосымша).
Тармақ 10
10. Аудандық ішкi icтep бөлімінің бастығы аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде шақыру пунктінде және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына атқару кезінде жиналу пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін (кесте қосымша беріледі). Аудандық ішкі icтep бөліміне келмеген шақырылушыларды іздестіру және ауданның қорғаныс icтepi жөніндегі бөліміне жеткізу үшін жедел топ курсын (келісімі бойынша).
Тармақ 11
11. Медициналық комиссиядан өту және оларды атқару кезінде шақырылушыларды облыстық жиын пунктіне жеткізу үшін Бұланды ауданының қорңаныс icтepi жөніндегі бөлімнің қарамағына қосымша кестеге сәйкес аудандық ішкі істер бөлімінің бір қызметкерін жіберсін.
Тармақ 12
12. Шақыру жөніндегі ic-шараларды өткізуге байланысты шығындар аудандық бюджетте 2006 жылға көзделген қаржы есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 14
14. Бұланды ауданының Әділет басқармасында 10.05.2005 жылда №1-7-5 тіркелген және аудандық «Бұланды жаршысы» газетінің 10.06.2006 жылдағы 24- санында жарияланған «Азаматтарды мерзімді әскери кызметке кезекті шақыру туралы» аудан әкімдігінің 22.04.2005 жылдағы №а-4/110 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 15
15. Қаулы 3.04.2006 жылдан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 16
16. Қаулы Бұланды ауданының Әділет басқармасында тіркелген соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс. Ескертусіз келісілді: Бежин А.И. – аудан әкімінің орынбасары 20.04.2006 ж. Ескертусіз келісілді: Еслямова А.Қ. – аудан әкімінің орынбасары 20.04.2006 ж. Ескертусіз келісілді: Шәкерханов Р.Н. - Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы 20.04.2006 ж. Ескертусіз келісілді: Шабалин П.П. – Әскери қызметшілерді шақыру және контракт бойынша шақыру бөлімінің бастығы 20.04.2006 ж. Ескертусіз келісілді: Садуақасов Ғ.Қ. – Аудандық аурухананың бас дәрігері 20.04.2006 ж. Ескертусіз келісілді: Изимов С.А. – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы 20.04.2006 ж.
Басқа 25. Комиссия мүшелері
Аудан әкімінің 2006 жылғы 20.04. № а-4/71 Азаматтарды әскери қызметке кезекті шақырту туралы қаулысына 1-қосымша Шақыру комиссиясының КҰРАМЫ Шәкерханов Руслан Нүсіпханұлы - Бұланды ауданының қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы Маулиев Кайрат Маулиулы - аудан әкімі аппаратының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері Садуақасов Тайбасар Телегенұлы - аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі, шақыру комиссиясының аға дәрігері Қанаева Тансық Ғалымжанқызы - аудандық емхананың медбикесі комиссия хатшысы Апсаметов Еркеш Құсманұлы - аудандық iшкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
Басқа 26
Аудан әкімінің 2006 жылғы 20.04. № а-4/71 «Азаматтарды әскери қызметке кезекті шақырту туралы қаулысына» 2-қосымша Шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін Макинск қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарынан техникалық қызметкер ретінде жұмысшылар мен қызметкерлерді тарту ЕСЕБІ Р/с Мекеменің атауы Саны 1 Қала әкімінің аппараты 3 4.04.06ж. бастап 5.08.06ж. дейін.
Басқа 27
Аудан әкімінің 2006 жылғы 20.04. № а-4/71 «Азаматтарды әскери қызметке кезекті шақырту туралы қаулысына» 3-қосымша Облыстық бақылау комиссиясына шақырылушыларды тасымалдау үшін автобус бөлу ЕСЕБІ Р/с Мекеменің атауы Саны Ескерту 1. «Макинск элеваторы» акционерлік қоғамы 2. “Ағаш өңдеу зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3. Аудандық телекоммуникация торабы 4. Аудандық электр желілері 5. «БАТ» жеке меншік кәсіпорыны
Басқа 28
Аудан әкімінің 2006 жылғы 20.04. № а-4/71 «Азаматтарды әскери қызметке кезекті шақырту туралы қаулысына» 4–қосымша Шақырылушыларды іздестіру және шақыру комиссиясына жеткізу үшін мемлекеттік мекемелерден кезекші машиналар бөлу ЕСЕБІ Р/с Мекеменің атауы Кезекшілік уақыты 1. Бұланды ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімі 3.04. бастап 7.04.06 ж. дейін 5.06. бастап 9.06.06ж. дейін 2. Салық комитеті 10.04.бастап 14.04.06 ж. дейін 12.06.бастап 16.06.06 ж. дейін 3. Аудандық қазынашылық бөлімі 17.04. бастап 21.04.06 ж. дейін 19.06. бастап 23.06.06 ж. дейін 4. Макинск оқy-өндірістік комбинаты 24.04. бастап 28.04.06 ж. дейін 26.06. бастап 29.06.06 ж. дейін 5. Бұланды ауданының каржы бөлімі 2.05. бастап 5.05.06 ж. дейін 3.07. бастап 7.07.06 ж. дейін 6. Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 8.05. бастап 12.05.06 ж. дейін 10.07. бастап 14.07.06 ж. дейін 7. Аудандық мәдениет үйі 15.05. бастап 19.05.06 ж. дейін 17.07. бастап 21.07.06 ж. дейін 8 Аудандық білім бөлімі 22.05. бастап 26.05.06 ж. дейін 24.07. бастап 28.07.06 ж. дейін 9 «Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының Бұланды филиалы 29.05. бастап 2.06.06 ж. дейін 31.07. бастап 4.08.06 ж. дейін