Об утверждении Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы "Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" жариялануға тиіс «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ҚАҒИДАЛАРЫ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2006 жы­л­ғы 25 ма­мыр­да­ғы N 124 Жар­лы­ғы­мен БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, келісімшарт бойынша әскери қызметті және резервтегі әскери қызметті өткеру тәртібін айқындайды. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар – дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
Тармақша 2
2) жауынгерлік даярлық бойынша жиын – жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;
Тармақша 3
3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға резервтегі әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
Тармақша 5
5) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;
Тармақша 6
6) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия.
Тарау 2. 2-тарау. Әскери қызмет өткеру
2-тарау. Әскери қызмет өткеру
Тармақ 3
3. Бейбіт кезде және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарында оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызметі бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сәйкес ерікті тәртіппен келісімшарт бойынша әскери қызмет және резервтегі немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді. Уәкілетті органдардың бірінші басшылары Қағидаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді.
Тармақ 5
5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және әскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің (мекеменің) құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға (бітімгершілік операцияларына), жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, терроризмге қарсы операцияларға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайды.
Тармақ 7
7. Әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртіптік жарғыда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы
3-тарау. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы
Тармақ 8
8. Әскери қызметтің басталуы:
Тармақша 1
1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін – жергілікті әскери басқару органынан (астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қаланың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту) орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күн;
Тармақша 2
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;
Тармақша 2-1
2-1) резервтегі әскери қызметке кіргендер үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы шыққан күн;
Тармақша 3
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына түскендер үшін, егер оған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – ұландарды қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындары үшін әскери, арнаулы оқу орны бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетел әскери, арнаулы оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
Тармақша 4
4) негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарында оқудың екінші курсын бітірген ұландар үшін – əскери, арнаулы оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа көшіру және кадет ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап саналады.
Тармақ 9
9. Әскери қызмет мерзімдері «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген және:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің аяқталу мерзімінің соңғы айының соңғы күнінен кешіктірілмей;
Тармақша 2
2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, келісімшарттың аяқталу мерзімінің соңғы айының тиісті күні;
Тармақша 3
3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды немесе жиындарды, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күні не резервтегі әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен шығарылған күннен бастап аяқталады. Әскери қызмет мерзімінің аяқталуы ондай күн болмайтын айға тура келген жағдайларда көрсетілген мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады. Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына), сондай-ақ әскери қызметтен шығару бірінші басшының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына және азаматтық қорғау органдарына ауысуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады.
Тармақ 10
10. Әскери қызметшінің әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі қылмыстық немесе әкімшілік жазаны өтеу уақыты оның әскери қызмет мерзіміне есептелмейді. Әскери қызметшілердің әскери бөлім (мекеме) орналасқан жерді немесе қызмет (әскери жиындар) орнын нақты тастап кету уақыты, сол сияқты оның белгіленген мерзімде әскери қызмет (әскери жиындар) орнына негізсіз келмеуі – әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кету кезеңінің басталуы, әскери қызметшінің өзінің әскери бөлімге (мекемеге), әскери басқару органдарына немесе құқық қорғау органдарына келу уақыты не оны ұстап алу уақыты оның аяқталуы болып табылады.
Тармақ 11
11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің (еңбек сіңірген жылдарының) жалпы ұзақтығы оның әскерге шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да әскери қызметінің барлық уақытын, сондай-ақ әскери жиындардан өту, ал резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу уақытын қамтиды. Әскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік есептеумен де, жеңілдікті есептеумен де жүргізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Келісімшарт жасасу және оның қолданысын тоқтату
4-тарау. Келісімшарт жасасу және оның қолданысын тоқтату
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының азаматы әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) уәкілетті лауазымды адаммен ерікті түрде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша жазбаша түрде:
Тармақша 1
1) жоғары офицерлер құрамының штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтындарды қоспағанда, уәкілетті органның бірінші басшысымен;
Тармақша 2
2) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының (жоғары офицерлер құрамын қоспағанда) штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – әскери бөлімнің (мекеменің) командирінен (бастығынан) бастап және одан да жоғары тиісті уәкілетті лауазымды адаммен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік орта, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түсетіндер – осы оқу орнының бастығымен;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) басқа мемлекеттің орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына (әскери факультетке) түсетіндер – Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде оқу мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің бастығымен;
Тармақша 6
6) ұлан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында оқудың үшінші курсына ауысқан кезде –осы оқу орнының бастығымен жасайды. Атқаратын әскери лауазымдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен келісімшарттар осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жасалады. Уәкілетті органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының азаматтарымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті лауазымды адамдарды айқындайды.
Тармақ 13
13. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кірген кезде келісімшарт жасалады. Келісімшарт бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшімен басқа келісімшарт:
Тармақша 1
1) Заңның 19-бабында айқындалған құрам өзгерген;
Тармақша 2
2) әскери, арнаулы оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған;
Тармақша 3
3) Заңның 26-бабының 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнына түсер алдында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіні теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығаруға негіз болып табылмайтын әскери оқу орнынан шығарылған;
Тармақша 4
4) әскери қызмет мерзімі ұзартылған;
Тармақша 5
5) бір уәкілетті органнан екіншісіне ауыстырылған жағдайларда жасалады.
Тармақ 14
14. Келісімшарт кемінде екі данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және оны жасасқан адамдар қол қояды. Келісімшарт жасасқан лауазымды адамның қолы мөрмен расталады, бұл ретте бірінші данасы келісімшарт жасасқан адамның жеке ісіне тігіледі, ал екінші данасы оған қолын қойғызып беріледі. Келісімшарт әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, олардан босату, әскери қызметтен шығару, сондай-ақ оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан әрі – лауазымды адамдар тізбесі) сәйкес осы құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның бұйрығы шыққан күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымды адамдар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 15
15. Келісімшарт Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда қолданысын тоқтатады. Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалған келісімшарттардың күші әскери қызметшілер Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жасқа толғанға дейін қолданылады.
Тармақ 16
16. Әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті одан әрі келісімшарт бойынша өткеруге ниет білдірген әскери қызметші қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға кемінде екі ай қалған мерзімде белгіленген тәртіппен әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді. Лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызмет, резервтегі әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы өзіне осындай құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның шешімі бұйрықпен ресімделеді және әскери қызметшінің назарына жазбаша түрде қолын қойғызып жеткізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызмет, резервтегі әскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда әскери қызметшінің назарына бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама қолын қойғызып жеткізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен шығу туралы шешім қабылдаған әскери қызметші келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын уәкілетті лауазымды адамды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етеді. Әскери қызметші жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша қосымша демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталған жағдайда әскери қызметші демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде жаңа келісімшарт жасасады немесе осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери қызметтен шығарылады.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиісті лауазымдағы әскери қызметті келісімшарт жасамай өткереді. Олардың келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мәртебесі сақталады. Көрсетілген лауазымға тағайындалғанға дейін әскери қызметшілердің осы санатымен жасалған келісімшарттардың қолданысы тоқтатылады.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметші лауазымынан босатылғаннан кейін ол осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.
Тарау 5. 5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттарды іріктеу
5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттарды іріктеу
Тармақ 19
19. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау;
Тармақша 2
2) медициналық куәландырудан өту;
Тармақша 3
3) дене дайындығы деңгейінің сәйкес келуін айқындау;
Тармақша 4
4) кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау;
Тармақша 5
5) психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.
Тармақ 20
20. Әскери қызметте болмаған, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) өтініш береді. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде тұратын, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ғана өтініш береді.
Тармақ 21
21. Өтініште:
Тармақша 1
1) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның туған күні, айы мен жылы, тұрғылықты жері;
Тармақша 2
2) азамат келісімшарт жасасуға ниет білдірген уәкілетті органның атауы, әскери бөлім (мекеме);
Тармақша 3
3) келісімшарт жасасу көзделетін мерзім көрсетіледі. Өтінішпен бірге азамат:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі бланкіде сауалнама деректерін;
Тармақша 2
2) өзі қол қойған өмірбаянын;
Тармақша 3
3) жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттарының көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелерін);
Тармақша 5
5) бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесін;
Тармақша 6
6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
Тармақша 7
7) өзіне және зайыбына (жұбайына) табыстар мен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтерді;
Тармақша 8
8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездемені ұсынады. Құжаттарды қабылдаған кезде тиісті лауазымды адам құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқаларымен салыстырады (салыстыру үшін ұсынған жағдайда) және түпнұсқаларды азаматқа қайтарады. Әйелдерді қоспағанда, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери кафедрада (әскери факультетте) оқымаған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери даярлықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.
Тармақ 22
22. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі. Өтініші тіркелген және қарауға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттың Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тексеріледі. Резервтегі әскери қызметке кіретін кандидаттың Заңның 40-2-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тексеріледі. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңның 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді. Уәкілетті органдарда кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу көзделетін әскери қызметті өткеру үшін кандидаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеру жүргізіледі. Оларды мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеру аяқталғаннан кейін ғана мұндай кандидаттарды әскери қызметке қабылдау жүргізіледі. Мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеруді ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) жүктеледі.
Тармақ 24
24. Жергілікті әскери басқару органы немесе әскери бөлім (мекеме) кандидатқа жеке іс ресімдейді.
Тармақ 25
25. Медициналық куәландыруды астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссиясы жүргізеді. Уәкілетті органдар басшыларының келісімі бойынша кандидаттарды медициналық куәландыру ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 26
26. Медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларымен айқындалады.
Тармақ 27
27. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін адам үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) іріктеу комиссиясы қарайды. Іріктеу комиссиясы кандидат білімінің ол қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына, кандидаттың дене дайындығының уәкілетті органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға, кәсіби және психологиялық іріктеу деректері негізінде лауазымға тағайындалу үшін кандидаттың кәсіби жарамдылығының сәйкес келуін тексереді. Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды тиісті мамандар жүргізеді. Бұл ретте тексерілетін кандидаттардың зияткерлік даму деңгейі, әскери қызмет өткеруге психологиялық тұрғыдан жарамдылығы, әскери қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке басының қасиеттері бағаланады. Іріктеу комиссияларын құру және оның жұмыс тәртібін, кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 28
28. Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша нақты әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:
Тармақша 1
1) «ұсынылады»;
Тармақша 2
2) «ұсынылмайды».
Тармақ 29
29. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін кандидаттарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен арнайы тексеру жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уәкілеттіорганның басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолданып тексеру жүргізіледі. Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуді құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органдар ұйымдастырады.
Тармақ 30-1
30-1. Тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен лауазымдарға резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға қатысты уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық зерттеу қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Кандидатты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіздер:
Тармақша 1
1) Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін арнайы тексеру нәтижелері немесе кандидаттың оны өтуден бас тартуы;
Тармақша 3
3) дене дайындығы деңгейі бойынша талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 4
4) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізу нәтижелері болып табылады.
Тарау 6. 6-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін әскери қызметшілер қатарынан кандидаттарды іріктеу
6-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін әскери қызметшілер қатарынан кандидаттарды іріктеу
Тармақ 32
32. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметші әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) (офицерлер құрамының әскери қызметшісі – әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын) баянат береді.
Тармақ 33
33. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметшінің баянаты тіркеледі және оны әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қарауға қабылдайды. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) әскерге шақыру бойынша, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшінің баянатын қарайды және ол бойынша он жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Тармақ 34
34. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) баянатты қарап:
Тармақша 1
1) кандидатты медициналық куәландырудан өткізу;
Тармақша 2
2) кәсіптік және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындаған тәртіппен арнаулы тексеру жүргізу;
Тармақша 4
4) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен әскери лауазымдарға кандидаттармен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 5
5) кандидаттың білім, кәсіптік және дене даярлығы деңгейінің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексеру;
Тармақша 6
6) әскери қызметшінің кандидатурасын әскери бөлімнің (мекеменің) іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.
Тармақ 35
35. Кандидат мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмысты көздейтін лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін қаралған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру жүргізіледі. Осындай кандидаттармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу және әскери лауазымға тағайындау олар бойынша мемлекеттік құпияларға рұқсаттамаға арнайы тексеру аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау (іріктеу) комиссиясының ұсынымы бойынша әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретіндер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетіні (сәйкес келмейтіні) туралы шешімді қабылдайды. Шешім әскери қызметшіге қол қойғызып жеткізіледі.
Тармақ 37
37. Ресімделгеннен кейін құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келісімшарт жасасу үшін уәкілетті лауазымды адамға қарауға ұсынылады.
Тарау 7. 7-тарау. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімдерін ұзарту кезінде келісімшарттар жасасу
7-тарау. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімдерін ұзарту кезінде келісімшарттар жасасу
Тармақ 38
38. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшінің баянаты бойынша уәкілетті органның басшысы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда әскери қызмет мерзімін онымен жаңа келісімшарт жасасу жолымен бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.
Тармақ 39
39. Әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде:
Тармақша 1
1) кәсіби даярлығы және атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 2
2) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеру үшін жарамдылығы ескеріледі.
Тармақ 40
40. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген адамдар әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс әскери қызмет мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын мерзімде уәкілетті лауазымды адамға жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді. Баянатпен бірге: атқаратын лауазымы бойынша қызметтік мінездеме; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы ұсынылады.
Тармақ 41
41. Уәкілетті органның бірінші басшысының әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді және келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын әскери қызметшінің назарына жеткізіледі.
Тармақ 42
42. Әскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама әскери қызметшінің назарына ол әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға немесе қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын қолын қойғызып жеткізіледі. Әскери қызметші демалыста, емделуде, қызметтік іссапарда болған кезде хабарлама тұрақты әскери қызмет орнына келген күні жеткізіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Әскери лауазымдарға тағайындау
8-тарау. Әскери лауазымдарға тағайындау
Тармақ 43
43. Әскери қызметшіні әскери лауазымға, оның ішінде штаттан тыс құрамның әскери лауазымына тағайындау уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін мемлекеттік орган әскери лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары негізінде, әскери қызметшінің білім, кәсіби даярлық деңгейі, қызметтік жұмыс тәжірибесі, денсаулық жағдайы және осы Қағидаларда көзделген өзге де мән-жайлар ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 43-1
43-1. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшісі штаттан тыс құрамның әскери лауазымына тағайындалған кезде бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және студенттерді әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жүктелген лауазымдық өкілеттіктерді орындау үшін әскери кафедраға (әскери факультетке) іссапарға жіберіледі.
Тармақ 44
44. Әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау оларды негізгі немесе бір бейінді әскери-есептік мамандық бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс. Бір бейінді әскери-есептік мамандықтар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді. Әскери қызметшілерді олар үшін жаңа әскери-есептік мамандық бойынша әскери лауазымдарда пайдалану қажет болған кезде оларды осы лауазымдарға тағайындау алдында тиісті қайта даярлау жүргізілуге тиіс.
Тармақ 45
45. Әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуына 5 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери лауазымда болу уақыты оның бірінші басшысының шешімімен анағұрлым ұзақ мерзімге белгіленуі мүмкін. Әскери қызмет өткеру шарттары мен ерекшеліктеріне байланысты уәкілетті органның бірінші басшысы әскери лауазымдардың жекелеген санаттарына бір лауазымда болу уақытын аз мерзімге белгілеуі мүмкін. Атқаратын әскери лауазым бойынша міндеттерін орындау үшін қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің кәсіби қасиеттерін ескере отырып, лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес лауазымға тағайындау құқығы берілген уәкілетті лауазымды адамның шешімі бойынша әскери қызметші әскери қызмет мүддесінде осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен лауазымында екінші мерзімге қалдырылуы мүмкін. Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – лауазымдар тізбесі) үшін әскери лауазымда болу мерзімі белгіленбейді.
Тармақ 46
46. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған азамат қатардағы жауынгерлер немесе сержанттар құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы кадет және курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.
Тармақ 47
47. Әскери, арнаулы оқу орнына немесе әскери оқу орнының адъюнктурасына, магистратурасына не докторантурасына қабылданбаған әскери қызметшілер өздерін көрсетілген оқу орнына түсу үшін жіберген әскери бөлімдерге (мекемелерге), бұрынғы әскери лауазымдарына қайтарылады.
Тармақ 48
48. Әскери, арнаулы оқу орындарын немесе әскери, арнаулы оқу орнының адъюнктурасын, магистратурасын не докторантурасын бітірген әскери қызметшілер қажетті білім деңгейі бар адамдар атқаруға тиіс, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесінде (бұдан әрі – әскери лауазымдар тізбесі) аталған әскери қызметшілердің әскери атақтарына тең немесе оларға қарағанда анағұрлым жоғары әскери атақ сәйкес келсе, әскери лауазымдарға тағайындалады. Көрсетілген әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай әскери қызметшілер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге әскери лауазымдарға тағайындалады (ерекше жағдайларда одан әрі әскери лауазымға тағайындау үшін командирдің (бастықтың) қарамағына қабылданады).
Тармақ 49
49. Әскери лауазымдарға тағайындау кезінде мынадай шарттар сақталады:
Тармақша 1
1) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының штаттық-лауазымдық санаттарындағы әскери лауазымдарға, оның ішінде штаттан тыс лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалады. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында көрсетілген әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері тағайындалуы мүмкін. Бос әскери лауазымдар болмаған кезде әскери, арнаулы оқу орындары мен әскери кафедра (әскери факультет) бітіргендерді қоспағанда, сержанттар құрамының әскери қызметшілері өздерінің келісімі бойынша қатардағы жауынгерлер құрамының әскери лауазымдарына тағайындалуы мүмкін;
Тармақша 2
2) тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағына қабылданған әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау, егер "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі;
Тармақша 3
3) егер әскери қызметшіге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе ол көрсетілген рұқсаттамадан айырылған жағдайда ол мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге берілетін рұқсаттамамен байланысты емес әскери лауазымға белгіленген тәртіппен тағайындалады.
Тармақ 50
50. Бос әскери лауазымдарға төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері не азаматтар уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) лауазымдық айлықақы атқаратын әскери лауазымына сәйкес белгіленеді. Штаттан тыс құрамның бос әскери лауазымдарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен запастағы немесе отставкадағы азаматтар уақытша тағайындалуы мүмкін. Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) осы әскери лауазымдарға әскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа лауазымдарға тағайындалады, ал басқа лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда – белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылады.
Тармақ 51
51. Әскери қызметшілер жоғары, тең немесе төмен әскери лауазымдарға тағайындалады.
Тармақ 52
52. Әскери лауазым, егер оған бұрынғы әскери лауазымға қарағанда, әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымның анағұрлым жоғары деңгейі немесе анағұрлым жоғары әскери атақ, ал әскери лауазымдар мен әскери атақтар тең болған кезде – әскери басқару органының анағұрлым жоғары деңгейі сәйкес келсе, жоғары болып саналады.
Тармақ 53
53. Әскери қызметшіні жоғары әскери лауазымға тағайындау қызметі бойынша жоғарылату тәртібінде жүргізіледі. Жоғары әскери лауазымға тағайындау кезінде жоғары әскери лауазымға жоғарылату үшін резервте тұрған, өзі әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы осындай әскери лауазымға ұсынған, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіптік біліктіліктерін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен немесе бұдан бұрын ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты төменгі әскери лауазымға тағайындалған әскери қызметшіге басым құқық беріледі.
Тармақ 54
54. Әскери лауазымдар, егер оған әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымдардың тең деңгейлері, тең әскери атақтар, сондай-ақ әскери басқару органдарының тең деңгейі сәйкес келсе, тең болып саналады.
Тармақ 55
55. Әскери қызметшіні тең әскери лауазымға тағайындау:
Тармақша 1
1) ротациялау тәртібінде;
Тармақша 2
2) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты;
Тармақша 3
3) әскери қызметшіні әскери қызметте мақсатқа сәйкес пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянаты бойынша, Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша отбасылық-мүліктік жағдайды зерттеп-қарау актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;
Тармақша 5
5) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 56
56. Әскери лауазым, егер оған бұрынғы әскери лауазымға қарағанда, әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымның төмен деңгейі немесе төмен әскери атақ, ал лауазымдар мен әскери атақтар тең болған кезде – әскери басқару органының анағұрлым төмен деңгейі сәйкес келсе, төмен болып саналады.
Тармақ 57
57. Төмен әскери лауазымға тағайындау:
Тармақша 1
1) әскери қызметшінің келісімімен: ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты – оның даярлық бейініне тең бос әскери лауазым болмаған кезде; Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша; әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша; әскери қызметшінің жеке баянаты бойынша; Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, командирдің (бастықтың) қарамағында болған кезеңде;
Тармақша 2
2) әскери қызметшінің келісімінсіз: аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша бір сатыдан төмен емес; қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде тәртіптік жарғының 97-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша тәртіптік реттілікте бір сатыдан төмен емес; офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына уақытша тағайындалған қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамдарының әскери қызметшілері осы әскери лауазымдар қысқартылған немесе бұл әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалған жағдайларда; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 57-1
57-1. Әскери қызметшіден әскери лауазымынан бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны алу оны бұрын атқарған әскери лауазымына қайта қабылдауға алып келмейді.
Тармақ 58
58. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындаған, әскери лауазымнан босатқан, командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдаған, қызметтен шығарған, әскери атақ берген, оны төмендеткен, одан айырған кезде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша ұсыным немесе басқа да құжаттар (баянат, ауыстыру жоспары, бөлу жоспары) ресімделеді.
Тармақ 59
59. Қамаққа алу түріндегі жазасын өтеп жатқан әскери қызметшілер жоғары тұрған әскери лауазымға тағайындалмайды.
Тарау 9. 9-тарау. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу
9-тарау. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу
Тармақ 60
60. Қызметтік қажеттілікке байланысты әскери қызметшіге ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлімде (мекемеде) өзі атқармайтын, тең немесе жоғары әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелуі мүмкін:
Тармақша 1
1) бос (тағайындалмаған) әскери лауазым бойынша – әскери қызметші атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатылады, бірақ атқаратын әскери лауазымынан босатылмайды және оған міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазымы бойынша ақшалай ризық төленеді;
Тармақша 2
2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазым бойынша – оны атқаратын әскери қызметші уақытша болмаған немесе оны атқаратын әскери қызметшіні әскери лауазымынан шеттеткен жағдайда, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге жүктелуі мүмкін. Бұл ретте әскери қызметшіге ол атқаратын әскери лауазым бойынша ақшалай ризық төленеді.
Тармақ 61
61. Әскери қызметшіге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады. Бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару мерзімі үш айдан аспауға тиіс. Бос әскери лауазымды шұғыл атқару қажет болған кезде әскери лауазым тұрған әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар бастықты жазбаша хабардар етіп, тиісті құрамның әскери қызметшілеріне бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды үш айдан аспайтын мерзімге жүктеуіне рұқсат етіледі.
Тармақ 61-1
61-1. Осы Қағидалардың 60-тармағының 1) тармақшасына және 61-тармағына сәйкес бос әскери лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілуге тиіс лауазымдар тізбесінде көрсетілген лауазымдарға қатысты қолданылмайды. Қызметтік қажеттілік мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілуге тиіс лауазымдар тізбесінде көрсетілген бос әскери лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару үш айдан аспайтын мерзімге орынбасарлардың біреуіне, ол болмаған кезде осы әскери басқару органдарының басқа лауазымды адамдарына жүктеледі.
Тармақ 62
62. Әскери қызметшіге бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жүзеге асырады. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) өзі уақытша болмайтын жағдайда міндеттерді уақытша атқаруды – орынбасарларының біреуіне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейді.
Тармақ 62-1
62-1. Қызметтік қажеттілікке және бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді әскери қызметшіге жүктеудің мүмкін болмауына байланысты, осы әскери лауазымды атқаратын әскери қызметші бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған уақытта осы әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару тиісті білімі және тиісті әскери мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі бар азаматқа жүктеледі. Бұл ретте азаматтық персонал адамына (жұмыскерге) ол атқаратын әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы төленеді. Осы әскери лауазымда тұрған әскери қызметші әскери қызметке шыққан кезде азаматтық персонал адамы (жұмыскер) қызметтен шығарылады.
Тарау 10. 10-тарау. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау
10-тарау. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау
Тармақ 63
63. Лауазымынан босатылған кезде одан әрі әскери қызметті өткеру мәселелерін шешу үшін әскери қызметшілерді әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар тікелей бастықтың қарамағына қабылдайды.
Тармақ 64
64. Әскери қызметшіні командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдауға, егер "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабының 5-тармағында айқындалған жағдайларда және мерзімдерде жол беріледі.
Тармақ 65
65. Қарамағында әскери қызметшілер бар лауазымды адамдар олардың міндеттерінің тізбесін бекітеді.
Тарау 11. 11-тарау. Әскери лауазымнан босату
11-тарау. Әскери лауазымнан босату
Тармақ 66
66. Әскери қызметші ауыстырылған, ротацияланған, әскери қызметтен шығарылған жағдайда атқаратын әскери лауазымынан босатылады.
Тармақ 67
67. Әскери қызметшіні атқаратын әскери лауазымынан шығаруды лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осы әскери лауазымға тағайындауға құқық берілген уәкілетті лауазымды адам жүргізеді.
Тарау 12. 12-тарау. Әскери қызметшілерді ауыстыру
12-тарау. Әскери қызметшілерді ауыстыру
Тармақ 68
68. Әскери қызметшіні ауыстыру – бұл оның лауазымдық жағдайын немесе әскери қызмет өткеру орнын өзгерту. Ауыстыру:
Тармақша 1
1) әскери лауазымға тағайындалған;
Тармақша 2
2) ротацияланған;
Тармақша 3
3) іссапарға барған;
Тармақша 4
4) егер "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабы 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша қарамағына қабылданған;
Тармақша 5
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған;
Тармақша 6
6) бір уәкілетті органнан құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген басқасына ауыстырылған;
Тармақша 7
7) әскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше тұрақты орналасу пунктін өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 69
69. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең әскери лауазымға тағайындалған кезде әскери қызметшіні ауыстыру оның келісімінсіз, уәкілетті органның бірінші басшысы өзіне осы құқықты берген командирдің (бастықтың) шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 70
70. Әскери қызметшіні ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ол істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін ғана, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Істері мен лауазымын тапсыруды бастауды әскери бөлімнің командирі (мемлекеттік мекеменің басшысы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінділер немесе әскери қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама келіп түскен сәттен бастап, бірақ келіп түскен сәттен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген әскери қызметші үшін оның келген күнінен бастап айқындайды. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді немесе әскери қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама келіп түскен кезден бастап, бірақ ол келіп түскен кезден соң жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген әскери қызметші үшін оның келген күнінен бастап істер мен лауазымды тапсырудың басталғанын белгілейді. Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына немесе азаматтық қорғау органдарына ауыстыру олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.
Тармақ 71
71. Арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметшілерінің ауысу тәртібімен әскери қызметке кіруі Қарулы Күштердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың және азаматтық қорғау органдарының бірінші басшыларымен келісу бойынша қызметкерлер Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келген кезде, ал Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына әскери қызметке кіруі «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңның 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
Тарау 13. 13-тарау. Әскери қызметшілердің іссапарға баруы, оларды іссапарға жіберу және әскери қызметті өткеру ерекшеліктері
13-тарау. Әскери қызметшілердің іссапарға баруы, оларды іссапарға жіберу және әскери қызметті өткеру ерекшеліктері
Тармақ 72
72. Әскери қызметшілер мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде бірінші басшылармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, халықаралық ұйымдарға – қабылданған келісімдерге (шарттарға) сәйкес әскери емес лауазымдарға, ал Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының шешіміне сәйкес штаттан тыс құрамның әскери лауазымдарына іссапарға жіберілуі мүмкін. Іссапарға барған адамның әскери қызметші мәртебесі сақталады, бұрын жасалған келісімшарттың қолданысы тоқтатылмайды.
Тармақ 73
73. Әскери қызметшілердің іссапарларға баруы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппаратына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарына – әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органның актісі негізінде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша;
Тармақша 3
3) халықаралық ұйымдарға – егер қабылданған тиісті халықаралық келісімдерде және шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;
Тармақша 4
4) әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) штаттан тыс құрамының әскери лауазымдарына – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 74
74. Іссапарға барған әскери қызметшілерге көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық жалақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әскери атағы бойынша жалақылар (қосымша ақылар) төленеді. Іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету көрсетілген мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге лауазымдық айлықақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, қызмет өткерудің ерекше шарттары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар төлеу олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Өзге де төлемдер, сондай-ақ заттай мүлікпен қамтамасыз ету тиісінше әскери қызметшілерді іссапарға жіберген уәкілетті органды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Тармақ 75
75. Іссапарға барған әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілер үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда олардың атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылары, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандар үшін іссапарға барғанға дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады. Біржолғы сипаттағы қалған төлемдер бойынша іссапарға барғанға дейін әскери қызметшінің атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы есепке алынады.
Тармақ 76
76. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 77
77. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару, оларды мемлекеттік наградалармен және ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерге әскери атақтар қазіргі әскери атағында белгіленген еңбек сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін және берілетін атақ олар іссапарға барған дейін тікелей атқарған әскери лауазым үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атаққа сәйкес келген кезде олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде беріледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына білім беру ұйымдарындағы лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іссапарға барған әскери қызметшілерге білім беру ұйымы басшысының ұсынымы бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздемелерде, бірақ әскери оқу орындары үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атақтан жоғары емес әскери атақтар беріледі.
Тармақ 78
78. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандарға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 79
79. Іссапарға барған әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, осы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 80
80. Іссапарға барған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарындағы, халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан және әскери қызметшілер әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органға қайтып келгеннен кейін олар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери лауазымдарға тағайындалады немесе әскери қызметтен шығарылады.
Тармақ 81
81. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жағдайларда мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде атқаратын әскери лауазымынан босатылмай және ақшалай үлесі сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының қарамағына іссапарға жіберілуі мүмкін. Әскери қызметшілердің аталған санатына сыйлықақылар беру, зейнетақымен қамсыздандыру, жаңа келісімшарттар жасасу, әскери атақтар беру, әскери қызметтен шығару, мемлекеттік наградалармен және ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
Тарау 14. 14-тарау. Ротациялау
14-тарау. Ротациялау
Тармақ 82
82. Әскери қызметшілерді ротациялау әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 83
83. Ротациялау шарттары:
Тармақша 1
1) бір әскери лауазымда осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен артық болу;
Тармақша 2
2) бір гарнизонда (немесе климаттық жағдайы ауыр жерлердегі әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери қызмет өткеру құзыреті мен ерекшелігін ескере отырып, уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын мерзімнен артық әскери қызмет өткеру болып табылады.
Тармақ 84
84. Әскери қызметшілерді ротациялау мынадай тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. Жыл қорытындылары бойынша оларға қатысты осы Қағидалардың 83-тармағында айқындалған жағдайлар қалыптасқан әскери қызметшілерді ротациялау жоспары құрылады. Ротациялау жоспарына мынадай әскери қызметшілер:
Тармақша 1
1) Заңның 22-бабының 3-тармағында айқындалған;
Тармақша 2
2) келісімшарт аяқталатын жылы;
Тармақша 3
3) олар әскери қызметте болудың шекті жасына толуына дейін үш жыл ішінде;
Тармақша 4
4) оларды тең немесе жоғары әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда енгізілмейді. Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидалардың 45-тармағы негізінде белгіленген мерзім ішінде атқаратын лауазымдарында одан әрі әскери қызмет өткеру мақсатында ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі жасалады. Ротациялау жоспары және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен және нысан бойынша жасалады және оларды лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес аталған жоспарға және әскери лауазымдар тізіміне енгізілетіндерді тағайындау құқығы берілген уәкілетті лауазымды адам бекітеді. Ротациялау жоспарына немесе ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу талап етілетін жағдайлар туындаған кезде өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды. Әскери қызметшілерді ротациялау оның жоспары негізінде ол бекітілгеннен кейінгі келесі жыл ішінде әскери қызметшілерді осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери лауазымдарға тағайындау жолымен әскери қызметті ұйымдастыруды ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 84-1
84-1. Осы тараудың талаптары резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қолданылмайды.
Тарау 15. 15-тарау. Әскери атақ беру
15-тарау. Әскери атақ беру
Тармақ 85
85. Әскери атақтар әскери қызметшілерге дербес беріледі. Әскери атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.
Тармақ 86
86. Әскери қызметшілерге:
Тармақша 1
1) жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын – уәкілетті орган бірінші басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
Тармақша 2
2) полковник (бірінші дәрежелі капитан) әскери атағын – уәкілетті органдардың бірінші басшылары;
Тармақша 3
3) өзге де әскери атақтарды – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.
Тармақ 86-1
86-1. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағы: генерал-майор (контр-адмирал) жоғары офицерлер құрамы лауазымының алдындағы лауазымда полковник (бірінші дәрежелі капитан) атағында болғанына үш жыл өтуі бойынша және жоғары офицерлер құрамының лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткен әскери қызметшіге берілуі мүмкін; генерал-лейтенант (вице-адмирал) генерал-майор (контр-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін; генерал-полковник (адмирал) генерал-лейтенант (вице-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.
Тармақ 86-2
86-2. Әскери қызметшіде алынбаған тәртiптiк жаза болған кезде не егер оған қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілсе, ол жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беруге ұсынылмайды.
Тармақ 86-3
86-3. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беру туралы ұсынуды (бұдан әрі – ұсыну) Қазақстан Республикасы Президентінің атына:
Тармақша 1
1) уәкілетті органдардың бірінші басшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Әкімшілік) басшы лауазымды адамдары бойынша – Әкімшіліктің Басшысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) басшы лауазымды адамдары бойынша – Үкімет Аппаратының Басшысы;
Тармақша 3
3) жоғары офицерлер құрамының әскери лауазымдарын атқаратын басқа әскери қызметшілер бойынша – тиісті уәкілетті органның бірінші басшысы енгізеді. Ұсынуда әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттері, атқаратын әскери лауазымындағы қызметтік ісінің негізгі көрсеткіштері (тағайындалған кезден бастап динамикада) көрсетіледі.
Тармақ 86-4
86-4. Ұсынуға:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган алқасының* әскери атақ беруге әскери қызметшінің кандидатурасын қарау туралы шешімінің көшірмесі (үзінді көшірмесі);
Тармақша 2
2) әскери қызметшінің қызметтік тізімі;
Тармақша 3
3) әскери қызметшінің өмірбаяны қоса беріледі. Ескертпе: *алқалар құрылған уәкілетті органдарда.
Тармақ 86-5
86-5. Осы Қағидалардың 86-3 және 86-4-тармақтарында көрсетілген материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің жазбаша сұрау салуы немесе Үкімет Аппараты Басшысының, уәкілетті орган бірінші басшысының шешімі бойынша дайындалып, Әкімшілікке енгізіледі.
Тармақ 86-6
86-6. Әкімшілікке ұсынылған материалдар осы Қағидалардың 86-3 және 86-4-тармақтарында көзделген құжаттардың ресімделу сапасына және толық тізбесінің болуына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі, оны жүзеге асыру мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды. Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беру туралы материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады. Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол ұсынылған кандидаттарды зерделеу жөнінде тапсырма береді.
Тармақ 86-7
86-7. Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беруге ұсынылған кандидаттар бойынша қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратады.
Тармақ 86-8
86-8. Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі әрбір кандидат бойынша бес жұмыс күні ішінде алынған және жинақталған ақпаратты және Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын түпкілікті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
Тармақ 87
87. Әскери міндеттілерге офицерлер құрамының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі береді.
Тармақ 88
88. Алғашқы әскери атақтар:
Тармақша 1
1) офицерлер құрамы үшін – лейтенант; 2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант (екінші сатылы старшина);
Тармақша 2-1
2-1) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарын немесе запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған сержанттар құрамы үшін – сержант (бірінші сатылы старшина); 3) қатардағы жауынгерлер құрамы үшін – қатардағы жауынгер (матрос) болып саналады.
Тармақ 89
89. "Лейтенант" әскери атағы:
Тармақша 1
1) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білім беру бағдарламасы бойынша жоғары әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтаған әскери қызметшіге;
Тармақша 2
2) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, оқыған елдің заңнамасына сәйкес оқу бағдарламасы оқуды аяқтағаннан кейін офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруді көздейтін шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметшіге;
Тармақша 3
3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін;
Тармақша 4
4) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерушіге) – тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде;
Тармақша 5
5) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (әскери қызметшіге) тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде, бірақ офицерлердің әскери лауазымдарында үздіксіз бір жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында – тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде);
Тармақша 6
6) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар әскери міндеттіге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін жетіспейтін мамандықтар тізбесіне сәйкес жұмылдыру жоспары бойынша әскери бөлімнің офицерлер лауазымына тіркелген жағдайда запастағы офицерлерді даярлау бойынша әскери жиындарды аяқтағаннан кейін, бірақ оқу орнын аяқтаған соң бір жыл өткеннен кейін беріледі.
Тармақ 90
90. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы береді.
Тармақ 91
91. "Қатардағы жауынгер" ("матрос") әскери атағы әскери атағы жоқ азаматтарға:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде;
Тармақша 2
2) запасқа қойылған кезде;
Тармақша 3
3) орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған кезде беріледі.
Тармақ 92
92. "Ефрейтор" ("аға матрос") әскери атағы олар үшін әскери лауазымдар тізбесінде тиісті әскери атақтар көзделген лауазымдарға тағайындау кезінде мамандығын табысты меңгерген қатардағы жауынгерлер мен матростарға, бірақ алты ай өткеннен кейін беріледі.
Тармақ 93
93. «Сержант» («бірінші сатылы старшина») әскери атағы орта техникалық және кәсіптік білім деңгейі бойынша әскери, арнаулы оқу орнын аяқтаған әскери қызметшілерге беріледі.
Тармақ 94
94. "Кіші сержант" ("екінші сатылы старшина") әскери атағы және кейінгілері қажетті деңгейде даярлығы мен білімі бар, тиісті лауазымдарға тағайындалған әскери қызметшілерге уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен беріледі.
Тармақ 94-1
94-1. «Запастағы сержант» («запастағы бірінші сатылы старшина») әскери атағы запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа беріледі. «Запастағы сержант» («запастағы бірінші сатылы старшина») әскери атағын әскери кафедра (әскери факультет) бастығының ұсынуы бойынша жергілікті (астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың) әскери басқару органының басшысы береді.
Тармақ 95
95. Егер әскери қызметші әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымды атқаратын болса, бұрынғы әскери атағында еңбек сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін оған кезекті әскери атақ беріледі.
Тармақ 96
96. Осы Қағидалардың 89-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес кезекті әскери атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге алынбаған тәртіптік жазасы бар болған кезде, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағында тұрған (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезде) әскери қызметшілер ұсынылмайды.
Тармақ 97
97. Әскери атақтарда еңбек сіңірген мерзім әскери атақ берілген күннен бастап есептеледі. Сот үкімімен (қаулысымен) тағайындалған қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны не әкімшілік жазаны өтеу уақыты әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне есептелмейді. Әскери қызметке кірген кезде әскери атақтағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімі запастағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімін ескере отырып есептеледі.
Тармақ 98
98. Әскери оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша адъюнктурада, магистратурада, докторантурада оқитын әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар осы әскери атақтарда белгіленген еңбек сіңірген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ оқуға түсер алдында олар атқарған әскери лауазым үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атаққа сәйкес келген жағдайда беріледі.
Тармақ 99
99. Әскери борышын үлгілі орындайтын, жауынгерлік кезекшілікті атқару немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіби шеберлік пен ынта-жігер танытқан әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін, бірақ олар атқаратын әскери лауазымдар бойынша әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атақтан жоғары болмайды. Мерзімінен бұрын әскери атақ әскери атақтағы белгіленген еңбек сіңірген мерзімінің кемінде жартысы өткеннен кейін және берілетін атақ әскери лауазымдар тізбесі бойынша әскери атаққа сәйкес келген кезде беріледі, бірақ әскери қызмет өткерген кезеңде екі реттен артық берілмейді.
Тармақ 100
100. Оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және ғылыми дәрежесі бар офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтары бар офицерлерге кезекті әскери атақ полковникке дейінгіні қоса алғанда, атқаратын әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары берілуі мүмкін.
Тармақ 101
101. Қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны немесе әкімшілік жазаны өтеген уақытта әскери қызметшіге әскери атақ берілмейді.
Тармақ 102
102. Әскери міндеттіге кезекті әскери атақ әскери міндеттілерді курстық даярлық бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтағаннан немесе ол үшін әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген лауазымда әскери жиындардан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен беріледі.
Тармақ 103
103. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерлерге запас бойынша кезекті әскери атақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен әскери жиындардан өтуіне қарамастан берілуі мүмкін.
Тармақ 104
104. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген адамдарды қоспағанда, запастағы офицерлерге «запастағы полковник» кезекті әскери атағы соғыс жағдайы енгізілген кезде осы Қағидаларға сәйкес беріледі.
Тарау 16. 16-тарау. Әскери атағын төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру
16-тарау. Әскери атағын төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру
Тармақ 105
105. Әскери қызметшілерді (әскери міндеттілерді) әскери атағында бір сатыға төмендету, оларды әскери атағынан айыру және әскери атағын қалпына келтіру былайша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жоғары офицерлер құрамын – Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;
Тармақша 2
2) офицерлер құрамын (жоғары офицерлер құрамынан басқа) – уәкілетті органның бірінші басшысы;
Тармақша 3
3) өзге де әскери атақтарды – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес.
Тармақ 105-1
105-1. Жоғары офицерлер құрамының әскери қызметшісіне әскери атағын бiр сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза осы Қағидалардың 86-3-тармағында көрсетілген басшылардың ұсынуы (өтінішхаты) бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады.
Тармақ 105-2
105-2. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған шешімді қоспағанда, қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі. Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын және жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынуды (өтінішхатты) уәкілетті орган және Үкімет Аппараты қызметтік тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Әкімшілікке жібереді.
Тармақ 105-3
105-3. Әкімшілікке ұсынылған материалдардың толықтығын тексеру үшін олар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі және келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады. Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады. Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.
Тармақ 105-4
105-4. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында жаза қолданылатын адам туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы), жасағаны үшін жаза қолданылатын теріс қылық және жазаның түрі көрсетіледі.
Тармақ 105-5
105-5. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын уәкілетті органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) қол қойғызып жариялайды және жеке іске қоса тіркейді.
Тармақ 105-6
105-6. Әскери қызметші жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен танысудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) тиісті акт жасайды, ол жеке іске қоса тіркеледі.
Тармақ 105-7
105-7. Әскери қызметшіні жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таныстыру мүмкін болмаған кезде уәкілетті органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) оған тиісті хатпен хабарлама жібереді.
Тармақ 105-8
105-8. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 105-9
105-9. Егер жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде әскери қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда ол тәртіптік жазасы жоқ деп саналады. Бұл ретте әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағы қалпына келтірілді деп саналмайды.
Тармақ 105-10
105-10. Жоғары офицерлер құрамының бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру осы Қағидалардың 86-3-тармағында көрсетілген басшылардың ұсынуы бойынша төмендетілген кезден бастап бір жылдан соң Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша төмендету мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі.
Тармақ 105-11
105-11. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілер (әскери міндеттілер) әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалып, заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бойынша әскери атағынан айырылады.
Тармақ 105-12
105-12. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру Қазақстан Республикасының Президентіне енгізілген, сотталған адамды осы әскери атақтан айыру туралы соттың ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі.
Тармақ 105-13
105-13. Әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған соттың айыптау үкімі уәкілетті органға келіп түскен жағдайда жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы ұсыну (өтінішхат) және соттың айыптау үкімі бес жұмыс күні ішінде Әкімшілікке жіберіледі.
Тармақ 105-14
105-14. Әкімшілікке ұсынылған материалдар ұсынылған материалдардың толықтығына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі. Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жоя алады. Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.
Тармақ 105-15
105-15. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында әскери атақтан айыру не үшін жүргізілетіні және әскери атағынан айырылатын адам көрсетіледі.
Тармақ 106
106. Әскери атағы бір сатыға төмендетілген әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру атқаратын штаттық әскери лауазымына немесе командирлердің (бастықтардың) қарамағында болуына қарамастан, төмендетілген күнінен бастап алты айдан кейін тәртібі үлгілі болған және әскери қызметін адал атқарған кезде жүргізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің төмендетілген әскери атақта болу уақыты қалпына келтірілген әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзіміне есептелмейді. Әскери атақты қайта төмендетуге жол берілмейді.
Тармақ 107
Тармақ 108
108. Офицерлер немесе сержанттар құрамдарының әскери атағынан айырылған әскери қызметші (әскери міндетті) «қатардағы жауынгер» әскери атағы беріліп, қатардағы жауынгерлер құрамының әскери есебіне ауыстырылады.
Тармақ 109
109. Әскери атағынан айырылған адамға, жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, тек соттың ақтау үкімі шыққан немесе ақтайтын негіздемелер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайларда әскери атағы қалпына келтіріледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.
Тарау 17. 17-тарау. Демалыс түрлерi
17-тарау. Демалыс түрлерi
Тармақ 110
110. Әскери қызметшілерге:
Тармақша 1
1) жыл сайынғы негізгі;
Тармақша 2
2) отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді;
Тармақша 3
3) жүктілігі және бала тууы бойынша, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша;
Тармақша 4
4) қосымша;
Тармақша 5
5) каникулдық;
Тармақша 6
6) оқу;
Тармақша 7
7) шығармашылық;
Тармақша 8
8) науқастануы бойынша;
Тармақша 9
9) көтермелеу түрінде қысқа мерзімді (тек мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін) демалыстар беріледі.
Тармақ 111
111. Демалыстар әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы негізінде беріледі.
Тармақ 112
112. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 113
113. Әскери қызметшілер демалыс өткізу орнына келгеннен кейін әскери есепке алуды жүргізетін органдарда әскери есепке тұрады.
Тармақ 114
114. Демалыстардың барлық түрінде болған кезеңде (жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста, олар үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болуды қоспағанда) әскери қызметшілердің ақшалай үлесі сақталады.
Тарау 18. 18-тарау. Жыл сайынғы негізгі демалыс беру
18-тарау. Жыл сайынғы негізгі демалыс беру
Тармақ 115
115. Жыл сайынғы негізгі демалыстар әскери қызметшілерге оларды пайдалану кезеңдерін кезектестіруді, сондай-ақ әскери бөлімді жауынгерлік әзірлікте ұстауды ескере отырып және демалыстар кестесіне сәйкес жылдың кез келген уақытында беріледі. Демалыстар кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктерді пайдаланатын әскери қызметшілердің санаттарын ескере отырып, әрбір күнтізбелік жылға жасалады және барлық әскери қызметшілердің назарына жеткізіледі. Демалыс уақытында, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуын қоспағанда, әскери бөлімнің (мекеменің) бастамасы бойынша әскери қызметші ауыстырылмайды және оны әскери қызметтен шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 116
116. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге берілетін жыл сайынғы негізгі демалыстың ұзақтығы Заңның 46-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес айқындалады. Офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілеріне берілетін демалыс ұзақтығы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 117
117. Әскери қызметшінің келісімшарт (әскерге шақыру) бойынша әскери қызметке кірген жылы және шығарылған жылы жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы жыл сайынғы демалыс ұзақтығын он екіге бөлу және алынған тәулік санын әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметтің толық ай санына көбейту жолымен (берілетін демалысты ескере отырып) белгіленеді. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не олар үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін әскери қызметші әйелге оның қалауы бойынша жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі.
Тармақ 118
118. Әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы жыл сайынғы негізгі демалыстың толық емес тәулік санын жинақтау арттыру жағына қарай жүргізіледі. Әскери қызметшіні әскери қызметтен уақытында шығару (әскери бөлім жеке құрамының тізімдерінен алу) мүмкін болмаған жағдайда оны шығарған күні толық пайдаланылмаған жыл сайынғы негізгі демалыс уақытының есебі әскери қызметшіге ұсыныла отырып жүргізіледі. Егер демалыс бұдан бұрын демалыстар кестесіне сәйкес пайдаланылмаған болса, мерзімінен бұрын шығару кезінде (келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін) әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы осындай тәртіппен есептеледі.
Тармақ 119
119. Әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтаған әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыс күнтізбелік есептеумен ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты көрсетілген оқу орнын аяқтағаннан кейін беріледі.
Тармақ 120
120. Әскери қызметшілердің жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы демалысты өткізу орнына дейін барып-қайту үшін қажетті уақытты ескере отырып, тәулік санына арттырылады. Егер әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыс бөлініп берілсе, онда демалысты өткізу орнына барып-қайту үшін қажетті уақыт бір рет беріледі.
Тармақ 121
121. Әскери қызметшінің баянаты және әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімі бойынша әскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстарды олардың арасын үзбей бірінен кейін бірін беруге жол беріледі.
Тармақ 122
122. Өткен жыл үшін жыл сайынғы негізгі және (немесе) қосымша демалыстар келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге дәлелді себептермен берілмеген болса, демалыс келесі жылы оның баянаты бойынша демалысты өткізу орнына барып-қайту уақыты ескеріле отырып беріледі. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін, жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстарды дәлелді себептермен пайдаланбаған офицерге көрсетілген демалыстар соңғы берілген демалыстар аяқталғаннан кейінгі келесі күні бұл ретте оны әскери бөлімнің тізімдерінен ала отырып, әскери қызметтен шығару кезінде беріледі.
Тармақ 123
123. Жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыстар кезінде (кейіннен әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығара отырып, әскери қызметтен шығару жылынан басқа) науқастанып қалған әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыс, отбасы жағдайлары бойынша демалыстан басқа, демалыс уақытына тура келетін науқастанған күндерінің тиісті санына ұзартылады. Бұл жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) әскери мекемеден немесе ол болмаған кезде, мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемеден алынған анықтама негізінде демалысты ұзартуды жүзеге асырады.
Тармақ 124
124. Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери қызметшінің демалысын ұзартқаны туралы көрсетілген әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) командирін (бастығын) дереу хабардар етеді. Демалысты ұзартқаны туралы жергілікті әскери басқару органының бастығы көрсетілген әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің командирін (мемлекеттік мекеменің басшысын) дереу хабардар етеді.
Тарау 19. 19-тарау. Отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс беру
19-тарау. Отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс беру
Тармақ 125
125. Әскери қызметшілерге отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс: бес тәулікке дейін:
Тармақша 1
1) әскери қызметшінің некесі тіркелген;
Тармақша 2
2) әскери қызметшінің баласы туылған жағдайларда; он тәулікке дейін:
Тармақша 1
1) әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе олар қайтыс болған (қаза тапқан);
Тармақша 2
2) әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған жағдайларда беріледі. Некесі тіркелген немесе баласы туылған жағдайларда отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге растайтын құжаттың (азаматтық хал актісі, туу туралы куәлік, туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімі) көшірмесі қоса берілген баянаттың негізінде беріледі. Әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған жағдайда, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге медициналық мекеме берген растайтын құжат қоса берілген баянат негізінде беріледі. Әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда және әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған кезде, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге баянат негізінде беріледі. Демалыстан келгеннен кейін әскери қызметші он жұмыс күні ішінде әскери қызмет орны бойынша демалыстың берілу негізін растайтын құжатты ұсынуға міндетті. Әскери қызметшіге берілетін отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыстың ұзақтығы демалысты өткізу орнына дейін барып-қайтуға қажетті тәулік санына ұлғайтылады.
Тарау 20. 20-тарау. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшілерге демалыс беру
20-тарау. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшілерге демалыс беру
Тармақ 126
126. Әскери қызметші әйелдерге жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс бала туғанға дейін ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн және бала туғаннан кейін күнтізбелік елу алты (ауыр босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күн беріледі. Есептеу жиынтықталып жүргізіледі және босанғанға дейін нақты пайдаланылған күндердің санына қарамастан демалыс толық беріледі. Көрсетілген демалыс әскери қызметшілерге тиісті медициналық мекеме берген уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде беріледі.
Тармақ 127
127. Тікелей перзентханадан жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшіге ұл баланы (қызды) асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге (ата-анасының біреуіне) демалыс беріледі.
Тарау 21. 21-тарау. Қосымша демалыстар беру
21-тарау. Қосымша демалыстар беру
Тармақ 128
128. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша демалыстар беріледі. Бұл ретте қосымша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы негізгі демалыс есебіне қосылмайды.
Тармақ 129
129. Қосымша демалыстар әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметшілерге толық көлемде беріледі.
Тармақ 130
130. Депутаттыққа кандидат ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген әскери қызметшіге, әскери қызметші кандидат ретінде тіркелген күннен бастап және сайлау нәтижелері ресми жарияланған күнге дейін оның қалауы бойынша демалыс беріледі.
Тармақ 131
131. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты объектілерде авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге олардың баянаты бойынша ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі. Демалыс өткен кезеңнің нақты жұмыс істеген уақытына қосымша демалыс беру үшін қосымша демалыс ұзақтығын он екіге бөлу және шыққан тәулік санын көрсетілген лауазымдардағы қызметтің немесе көрсетілген жұмыстарды орындаудың толық айлар санына көбейту жолымен барабар есептеліп беріледі. Қосымша демалыстың ұзақтығы (күнтізбелік күндерде) оларда жұмыс істеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін қосымша демалысқа құқық берілетін Өндірістер, цехтар, мамандықтар мен лауазымдар тізімінде, ауыр жұмыстар, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстар тізбесінде (бұдан әрі – Тізім) айқындалады. Әскери қызметшілер жыл бойы олар үшін Тізімде ұзақтығы әртүрлі қосымша демалыс көзделген әртүрлі лауазымдарда әскери қызмет өткерген жағдайларда демалыс Тізімде белгіленген осы лауазымдар бойынша қосымша демалыстың ұзақтығын қосу жолымен әрбір лауазым бойынша зиянды еңбек жағдайларында нақты еңбек еткен уақытқа барабар беріледі. Лауазымдары Тізімге енбеген, бірақ жекелеген уақыт кезеңдерінде зиянды еңбек жағдайлары бар тиісті жұмысты орындайтын әскери қызметшілерге қосымша демалыс Тізімде лауазымдары көзделген әскери қызметшілерге берілетін негіздерде беріледі.
Тармақ 132
132. Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге және барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындауға қатысатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне Заңның 49-бабына сәйкес қосымша демалыс беріледі.
Тармақ 133
133. Әскери қызметшіге:
Тармақша 1
1) ата-аналардың таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;
Тармақша 2
2) ата-анасының біріне – баланы жалғыз тәрбиелеп отырған;
Тармақша 3
3) іс жүзінде баланы тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
Тармақша 4
4) жаңа туылған ұл (қыз) баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшіге оның баянаты бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға байланысты қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақытында әскери қызметшінің әскери лауазымы сақталады.
Тарау 22. 22-тарау. Каникулдық демалыстар беру
22-тарау. Каникулдық демалыстар беру
Тармақ 134
134. Әскери, арнаулы оқу орындарында (әскери факультеттерде) күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын әскери қызметшілерге оқу сабақтарындағы үзілістер уақытында мынадай мерзімдерге каникулдық демалыстар беріледі:
Тармақша 1
1) қысқы демалыс – 14 тәулік;
Тармақша 2
2) жазғы демалыс – 30 тәулік. Каникулдық демалыстарды өткізу орнына барып-қайту үшін қажетті уақыт берілмейді.
Тарау 23. 23-тарау. Оқу демалыстарын беру
23-тарау. Оқу демалыстарын беру
Тармақ 135
135. Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.
Тармақ 136
136. Оқу кезеңіндегі оқу демалыстарының ұзақтығы:
Тармақша 1
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – бір айдан аспайды;
Тармақша 2
2) тіл үйрену дайындығынан өту кезіндегі курстарда – уәкілетті органның оқу жоспарларына сәйкес белгіленеді. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) оқу орнының жазбаша шақыртуы немесе оқуға жіберу туралы бұйрық негізінде оқу демалысын береді.
Тарау 24. 24-тарау. Шығармашылық демалыстар беру
24-тарау. Шығармашылық демалыстар беру
Тармақ 137
137. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін, ғылыми дәреже ізденушісі болып табылатын әскери қызметшіге, қызметтік істерін ғылыми жұмыспен табысты ұштастырған жағдайда, ол ғылыми дәреже ізденушісі болып табылатын ғылыми кеңестің ұсынымы бойынша әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімімен жалпы ұзақтығы екі айға дейінгі шығармашылық демалыстар беріледі.
Тарау 25. 25-тарау. Науқастануы бойынша демалыстар беру
25-тарау. Науқастануы бойынша демалыстар беру
Тармақ 138
138. Науқастануы бойынша демалыс әскери қызметшіге Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде беріледі. Науқастануы бойынша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстар есебіне кірмейді.
Тарау 26. 26-тарау. Әскери қызметшіні демалыстан шақыртып алу
26-тарау. Әскери қызметшіні демалыстан шақыртып алу
Тармақ 139
139. Әскери қызметші жұмылдыру, әскери немесе төтенше жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында немесе қызметтік қажеттілік жағдайында уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алынуы мүмкін.
Тарау 27. 27-тарау. Аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттерi
27-тарау. Аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттерi
Тармақ 140
140. Аттестаттау – әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін айқындау бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім, ол аттестаттау парағына енгізілетін бағалау материалдарының жиынтығы негізінде жүргізіледі. Аттестаттау мақсаты – әскери қызметшілердің қызметтік істерін, кәсіби құзыреттілігін жан-жақты және объективті бағалау, сондай-ақ кәсіби әлеуетін ұтымды пайдалану және дамыту.
Тармақ 141
141. Аттестаттаудың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) әрбір әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттерінің, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты және объективті мінездеме беру;
Тармақша 2
2) аттестатталатын әскери қызметшілердің атқаратын лауазымдарына сәйкес келуін және оларды одан әрі қызметте пайдаланудың перспективасын айқындау;
Тармақша 3
3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің қызмет өткеру мерзімдерін ұзартудың орындылығын айқындау;
Тармақша 4
4) әскери қызметшілерді даярлауды (қайта даярлауды), оқытуды жетілдіру бағыттарын айқындау;
Тармақша 5
5) қызметі бойынша жоғарылату немесе оқуға жіберу үшін әскери қызметшілердің кадрлар резервін жасақтау;
Тармақша 6
6) орын алған кемшіліктерді жою жөнінде әскери қызметшілерге ұсынымдар әзірлеу.
Тарау 28. 28-тарау. Аттестаттауды өткізу
28-тарау. Аттестаттауды өткізу
Тармақ 142
142. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді аттестаттау уәкілетті орган бірінші басшысының шешімі бойынша кемінде үш жылда бір рет өткізіледі. Уәкілетті органдарда әскери қызметшілерді аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды. Аттестаттау парағы уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін нысан бойынша ресімделеді.
Тармақ 143
143. Әскери қызметшілерді аттестаттау мерзімдері, санаттары мен үлгілік схемасы айқындалғаннан кейін аттестаттауды дайындау және жүргізу жоспары әзірленеді. Тиісті командирлер (бастықтар) бекітетін жоспарларда мынадай іс-шаралар көзделеді: барлық әскери қызметшілердің аттестаттау тәртібін зерделеу, аттестаттауды бекітудің, жариялау мен жүргізудің соңғы мерзімдерін белгілеу; аттестаттаудың егжей-тегжейлі схемасын әзірлеу, оны тиісті командирлердің (бастықтардың) бекітуі, басшылыққа алу және әскери қызметшілердің назарына жеткізу үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге) тарату; аттестаттаудың егжей-тегжейлі схемасын әзірлеу, оны тиісті командирлердің (бастықтардың) бекітуі және басшылыққа алу және әскери қызметшілердің назарына жеткізу үшін әскери бөлімдерге (мемлекеттік мекемелерге) тарату; аттестаттау парақтарының бланкілерін, аттестаттаушыларға жадуалдар мен басқа да әдістемелік құралдарды дайындау және тарату; әскери кеңестерде, басшылық құрамның кеңестерінде аттестаттауға дайындалу және оны өткізу барысын, сондай-ақ аттестаттау тұжырымдарын іске асыру бойынша міндеттерді қоюмен аттестаттау қорытындыларын талқылау.
Тармақ 144
144. Аттестаттау қорытындылары бойынша тұжырымда аттестатталушының атқаратын лауазымға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні көрсетіледі, одан кейін кәсіби, іскерлік, моральдық және психологиялық қасиеттеріне, жұмыс тәжірибесіне, қабілеттері мен бейімділігіне, сондай-ақ қызмет мүдделеріне сүйене отырып, оны одан әрі қызметте анағұрлым орынды пайдалану туралы пікір жазылады. Бұл ретте мынадай ұсынымдар берілуі мүмкін:
Тармақша 1
1) жоғары лауазымға ұсыну немесе кадр резервіне енгізу туралы;
Тармақша 2
2) әскери оқу орнына оқуға жіберу туралы;
Тармақша 3
3) тең әскери лауазымға ауыстыру туралы;
Тармақша 4
4) төмен тұрған әскери лауазымға ауыстыру туралы;
Тармақша 5
5) әскери қызметтен шығару туралы;
Тармақша 6
6) тек Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының әскери қызметшілеріне қатысты– жеке кәсіптік дамыту бағдарламасын меңгергені туралы.
Тармақ 145
Тармақ 146
146. Әскери қызметшілер жүктілікке және босануға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болған, қашықтан білім беру технологияларын пайдаланып білім алушыларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алған кезеңде аттестатталуға жатпайды. Олар әскери қызметке шыққаннан кейін алты ай өткен соң және әскери қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.
Тармақ 147
147. Әскери қызметшіге жасалған аттестаттау материалы аттестаттау комиссиясының қарауына жатады. Аттестаттау комиссиясы қажет болған жағдайларда отырысқа аттестатталушы әскери қызметшілерді, сондай-ақ аттестатталушы әскери қызметшілер қарамағында болатын тиісті командирлерді (бастықтарды) шақырады.
Тармақ 148
148. Бекітілген аттестаттаулар аттестатталған әскери қызметшілерге хабарланады және олардың назарына қолын қойғызып жеткізіледі.
Тармақ 149
149. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген әскери қызметшілерді аттестаттау тәртібін уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.
Тарау 29. 29-тарау. Аттестаттау комиссиялары
29-тарау. Аттестаттау комиссиялары
Тармақ 150
150. Аттестаттау комиссиясы (Жоғары аттестаттау комиссиясы) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және тиісті командирге (бастыққа) есеп береді. Жоғары аттестаттау комиссиясы уәкілетті органда басшының шешімімен құрылады. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімімен аттестаттау комиссиялары құрылады, ол бұйрықпен жарияланады.
Тармақ 151
151. Аттестаттау комиссияларына тиісті әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімі бойынша жекелеген әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру мәселелерін қарау да жүктеледі.
Тарау 30. 30-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану
30-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану
Тармақ 152
152. Аттестаттау жүргізілген адам аттестаттау тәртібінің бұзылуына және объективті болмауына шағымды аттестаттау нәтижелерімен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, тікелей бастық арқылы (команда бойынша) жоғары тұрған лауазымды адамдарға бере алады. Бұл ретте әрбір адамның соттың қорғауына құқығы бар. Әскери қызметшінің шағымы негізді деп танылған жағдайда қайта аттестаттау жүргізіледі.
Тарау 30-1. 30-1. Президенттік резерв
30-1. Президенттік резерв
Тарау 31. 31-тарау. Сыныптық біліктілік
31-тарау. Сыныптық біліктілік
Тармақ 153
153. Әрбір әскери қызметшінің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру мақсатында уәкілетті органның бірінші басшысы белгілейтін тәртіппен сыныптық біліктілікті айқындау рәсімі жүргізіледі.
Тарау 32. 32-тарау. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару тәртібi
32-тарау. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару тәртібi
Тармақ 154
154. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару Заңның 26-бабында айқындалған негіздер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте запасқа немесе отставкаға шығару уәкілетті органның лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осыған құқығы бар лауазымды адамының бұйрығымен жүргізіледі. Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару істер мен лауазым тапсырылғаннан кейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда, істер мен лауазымды тапсыру Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді келіп түскен кезден бастап оның басталғанын белгілейді. Әскери қызметші істер мен лауазымды тапсырудан жалтарған немесе бас тартқан кезде, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару комиссия мүшелері қол қойған және әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) үш жұмыс күні ішінде бекіткен актінің негізінде белгіленген мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі. Әскери қызметші істер мен лауазымды тапсырмаған өзге жағдайларда әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару белгіленген мерзім өткенге дейін, әскери қызметшінің есебінде тұрған материалдық құралдар көрсетілген оның тікелей командирінің (бастығының) баянаты негізінде жүргізіледі. Әскери қызметші демалыста, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару жүргізілмейді.
Тармақ 155
155. Заңның 26-бабының 5, 6-тармақтарына сәйкес әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді мерзімінен бұрын әскери қызметтен шығару әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісі және әскери қызметтен шығару мән-жайларын растайтын басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тармақ 156
156. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) немесе уәкілетті лауазымды адам әскери қызметшіні әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, келісімшарт мерзімінің аяқталуы немесе әскери бөлімнің (мекеменің) штаттарын қысқартуға байланысты алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуы туралы алдын ала (кемінде бір ай бұрын) жазбаша хабардар етеді. Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару туралы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді оның назарына қолтаңбасын қойғызып жеткізіледі. Әскери қызметші демалыста, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда бұйрықтан үзінді оның назарына қайтып оралғаннан кейін жеткізіледі.
Тармақ 157
157. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіде әскери қызметтен шығару үшін бірнеше негіз болған кезде ол Заңның 26-бабы 1-тармағының 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі таңдаған негіз бойынша қызметтен шығарылады.
Тармақ 159
159. Әскери қызметшілерді денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығару Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде жүргізіледі. Әскери бөлім (мекеме) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін әскери қызметтен шығаруға ұсынуды (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін – баянатты) ресімдеу жүргізіледі.
Тармақ 160
160. Әскери бөлімнің (мекеменің) штаттарын қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығару басқа әскери лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі болмаған және әскери қызметші төменгі лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 161
161. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке ауысуды қоспағанда, мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік мекемелерге ауысуына байланысты әскери қызметтен шығару мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменің бірінші басшысынан әскери қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстан сәтті өткені және оны мемлекеттік қызметке қабылдауға дайын екені туралы хабарлама келіп түскен кезде әскери қызметшінің баянаты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 162
162. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні оған қатысты келісімшарт талаптарының елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылуына байланысты әскери қызметтен шығару әскери қызметшінің баянаты және өзге де растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Әскери қызметшіні осы негіз бойынша әскери қызметтен шығарудан бас тартылған жағдайда, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) келісімшарт талаптарының сақталу фактісін құжатпен растауға тиіс.
Тармақ 163
163. Әскери қызметшіні отбасы жағдайлары бойынша шығару әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, отбасы-мүліктік тексеру актісі және шығару жағдайларын растайтын басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тармақ 164
164. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, ол тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сайлау қорытындылары негізінде қызметтен шығарылуға тиіс.
Тармақ 165
165. Әскери қызметші судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда оны тағайындау туралы тиісті актінің немесе оның тағайындалғаны туралы уәкілетті органның хабарламасы негізінде қызметтен шығарылуға тиіс.
Тармақ 166
166. Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күнінен бастап уәкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 167
167. Егер арнаулы тексерудің нәтижесінде әскери қызметшіге мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда, оны мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімдеу талап етілмейтін әскери лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде, уәкілетті мемлекеттік органның арнаулы тексеруінің нәтижелері бойынша одан әрі әскери қызмет өткерудің мүмкін болмауына байланысты әскери қызметтен шығару жүргізіледі.
Тармақ 167-1
167-1. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ әскери интерндерді, магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді оқудан шығару жағдайларын қоспағанда, әскери қызметшілерді әскери, арнаулы оқу орнынан шығарылуына байланысты әскери қызметтен шығару осы оқу орындары бастықтарының (басшыларының) оқудан шығару туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 168
168. Әскери қызметшілерді теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару:
Тармақша 1
1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;
Тармақша 2
2) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде босатылуына байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде;
Тармақша 3
3) әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
Тармақша 4
4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
Тармақша 5
5) келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзған жағдайда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде және осы Қағидаларға сәйкес әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы аталған фактілерді қарағаннан кейін;
Тармақша 6
6) жасалған күніне қарамастан, Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған жағдайларда – өз нәтижесінде әскери қызметке кіру кезінде әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз бола алатын көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну фактісі анықталатын қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыруға байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде, ал жоғары офицерлер құрамының адамдары үшін – Қазақстан Республикасы Президентінің әскери атағынан айыру туралы Жарлығы келіп түскен кезде;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы немесе ішкі істер органы әскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
Тармақша 9
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, олардың жеткізгіштерін жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуға байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
Тармақша 11
11) әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасауға байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;
Тармақша 12
12) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 169
169. Аттестаттау қорытындылары бойынша қызметі бойынша сәйкес еместігі анықталған әскери қызметшілерді шығару тиісті командир (бастық) бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 170
170. Белгіленген мерзiмдi өткерген адамдарды әскери қызметтен шығару төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда ол қолданылған кезеңге тоқтатыла тұрады. Бұл ретте олармен жасалған келісімшарт төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінің ішінде қолданылады.
Тармақ 171
Тармақ 172
172. Әскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған қолбасшылық алдында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотта шағым жасауға құқылы.
Тармақ 173
Тарау 33. 33-тарау. Резервтегі әскери қызмет және оны өткеру ерекшеліктері
33-тарау. Резервтегі әскери қызмет және оны өткеру ерекшеліктері
Тармақ 173
173. Резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттарды іріктеу осы Қағидалардың 19 – 29 және 30-1-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Заңның 40-2-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келмеу кандидатты резервтегі әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Іріктеу комиссиясы резервтегі әскери қызметке кіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келеді деп таныған кандидатты жергілікті әскери басқару органы әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу үшін әскери бөлімге (мекемеге) жібереді.
Тармақ 174
174. Қазақстан Республикасының азаматы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшартты ерікті түрде әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша жазбаша түрде жасасады.
Тармақ 175
175. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жыл мерзімге жасалады және Заңның 40-1-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 176
176. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке ауысады.