О мерах по сохранению саксауловых лесов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сексеуіл ормандарын сақтау жөніндегі шаралар туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.08.23. N 942 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында сексеуіл екпелеріндегі ағаш ресурстарын пайдаланудың нормалары санитарлық кесу жүргізу көлемінің шегінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) 1999-2000 жылдары сексеуіл екпелерінде негізгі пайдалануға кесуге тыйым салсын;
Тармақша 2
2) сексеуіл ормандарында 1999-2000 жылдар ішінде есепті ағаш кесілімін түзету бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне олардағы ағаш ресурстарын пайдалану нормалары жөнінде ұсыныс енгізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті жергілікті тұрғындарға санитарлық кесу жүргізу есебінен сексеуілді отынға босатуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің және Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп сексеуіл ормандарын заңсыз кесуден қорғаудың іс-шараларын әзірлеп, оның орындалуын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға арналған республикалық бюджетті жасау кезінде орман өсіру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат көздесін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.