«О подготовке и проведении противопаводковых мероприятий» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Су тасқынына қарсы шараларды даярлау және өткізу туралы» 2005-2006 жылдары қыс мерзімінде Риддер аумағында қар жамылғысының биіктігі былтырғы жылға қарағанда 5-7 % аз. Қолайлы болжамға қарамастан қардың жылдам еруі өзендердегі су деңгейінің бірден көтерілуіне әкелуі мүмкін. Бұл қатты су тасқынына, елді мекендердің елеулі бөлігін су басуына және әлеуеттің тіршілік қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» № 19 Заңының 13 бабының негізінде және көктемгі су тасқынының зардабын азайту, әлеуеттің кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға су тасқынына қарсы шаралардың жоспары бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Көктемгі су тасқынының жүру мерзімінде қала, ауыл және кенттік округтердің әкім аппараттарында жауапты түлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Пригородный ауылдық (Анашкин П.В.) және Үлбі кенттік (Манакова Л.Н.) Аругтерінің әкімдері көктемгі су тасқынына дейін өз округтерінің су басатын телімдеріне тексеру ұйымдастырсын, су тасқынының жағдайына тэулік бойғы бақылауды ұйымдастырсын, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін шаруа қожалықтарының базасында (келісім бойынша) уақытша механикаландырылған топтарды құрсын.
Тармақ 4
4. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына 2006 жылдың 10 наурызына дейін су тасқынына қарсы шаралардың нысандық жоспарын жасауға және оны іске асыруға кірісуге кеңес берілсін.
Тармақ 5
5. Тіршілік қамсыздандыру нысандарының басшыларына («Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны), «Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясы» акционерлік қоғамы Риддер қалалық филиалына, Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының Риддер қалалық телекоммуникация торабына, «Жолаушылар автокөлік кэсіпорны» ашық акционерлік қоғамына, «МЕКАМИДИ-К2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Лениногорск» теміржол бекетіне өз нысандарын көктемгі су тасқыны кезінде тұрақты жұмыс істеуге даярлауға және қала кәсіпорыны мен әлеуеттің тіршілік қамсыздандыруының бұзылуына жол бермеуге кеңес берілсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігі Риддер қаласының төтенше жагдайлар басқармасына (Щебет Е.И.):
Тармақша 1
1) Азаматтық қорганыстың қулақтандьшу жүйесінің даярлыгын тексеруге;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың 15 сәуіріне дейін су тасқынының жагдайы туралы ақпаратты алудың анық сызбасын жасауга және Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар және мобилизациялық даярлық департаментіне үсынуға.
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала әлеуетін көктемгі су тасқынының қауіпі мен қауіпсіздік шаралары туралы құлақтандыруға,
Тармақша 4
4) қаланың апатты құтқару қызметін даярлыққа әкелуге;
Тармақша 5
5) «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының өндірістік-қайта пайдалануға ендіру учаскесімен бірігіп су тасқынының жагдайына бақылауды ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) күнделікті су тасқынының өтуі туралы мәліметтерді қала экімі мен Шыгыс Қазақстан облысының төтенше жагдайлар және мобилизациялық даярлық департаментінің оперативті кезекшісійе ұсынуга кеңес берілсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің Риддер қалалық аймақтық басқармасының бастыгына (Өскенбаев Б.Қ.) мал көметін жерлерге тексеруді өткізуге және Риддер қаласының әкіміне жұқпалы аурулардың туындауына жол бермеу мақсатында қажетді шараларды қабылдау жөнінде сәйкес ақпаратты беруге кеңес берілсін.
Тармақ 8
8. Су тасқынының салдарын жою мен алдын алу жөніндегі шараларды рындау шыгындарын төлеу жергілікті атқарушы органының төтенше резерв қаржысынан жүргізілсін.
Тармақ 9
9. Су тасқынының жагдайына бақылау жасауга және көктемгі су тасқынының салдарын жою жөніндегі оперативті шараларды қабылдауга Риддер қаласының төтенше жағдайлар басқармасына 200 литр бензинді, 400 литр жагар майды және 10 литр жанар майды Риддер қалалық әкімдігінің резерв қаржысынан пайдалануга рұқсат етілсін.
Тармақ 10
10. Су тасқынына қарсы шараларга оперативті басшылык жасау мен осы қаулының орындалуына бақылау жасау қалалық төтенше жагдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы қала әкімінің орынбасары В.И. Агафоновқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. 2005 жылғы 27 сәуіріндегі « Шығыс Қазақстан облысй бойынша әділет Департаменті» мемлекеттік мекемесінде № 2316 тіркелген 2005 жылғы 5 сәуірдегі Риддер қаласы әкімдігінің «Су тасқынына қарсы шараларды даярлау және өткізу туралы» № 1463 каулысы өз күшін жойды деп саналсын. Келісілді: Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігі Риддер қаласының төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы, оперативті бөлімнің бастығы О. Проданова