Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарың басшылыққа алып, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Измайлов) 2006 жылдың ақпан және наурыз айларының аралығында 2006 жылы 17 жасқа толған және оданда жоғары жастағы азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу, аудан аумағында тұрақты және уақытша тұратын әртүрлі себептермен әскери міндеттегі есепке алынбаған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке жарамсыз азаматтарды куәләндіру жөне жастарды тіркеу кезінде екі әскери міндетті адамдарды коменданттық қызметке тарту ұсыныс етілсін (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдері, Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігі (Т.Қалмен), Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі (О.Қаленов), Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімі (М.Жақыпбеков) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.
Басқа 5. Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия
Аудан әкімінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 4 шешіміне № 1 қосымша Азаматтарды аудандағы шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін аудандық комиссия Комиссия төрағасы - Шыңғырлау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы майор Измайлов Ават Мұғалімұлы Комиссия төрағасының орынбасары - Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ботанов Нұржан Ибрагимұлы Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары - Сарсенов Эдуард Айтқалиұлы Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігінің дәрігері, медициналық комиссиясының төрағасы - Жұнұсова Динара Шұренқызы Шыңғырлау ауданының дене, тәрбиесі және спорт бөлімінің бастығы – Абдугазиев Хамит Салаватұлы Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы - Нұржанова Қаламқас