Қолданыстағы ред. 27.04.2006

Ауданда өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы от 27.04.2006 г. № 8-3 (Ауданда өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы)

0

Ауданда өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1996 жылғы 22 қарашадағы «Өрт қауіпсіздігі туралы» және 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңдарын басшылыққа ала отырып, ауданда өрт қауіпсіздігің сақтау, өрттен шығын келтірмеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕІ:

1

1. Сырым ауданында өртті сөндіруге күш пен құрал-жабдықтарды пайдалану жоспары №1 қосымшаға сәйкес жасалсын.

2

2. Сырым ауданында үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде жоспары №2 қосымшаға сәйкес жасалсын.

3

3. Аудан көлеміндегі мекемелердің (келісім бойынша) үлкен өртті сөндіруге жұмылдыруға жататын күш кұрал-жабдықтарының тізімі №3 қосымшаға сәйкес жасалсын.

4

4. Ауылдық округ әкімдеріне:

1

1) әрбір елді мекенде тұрғындарға ерікті өрт сөндірушілер топтарын ұйымдастыруға, ауылдық округ аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен шаруа қожалықтарының жетекшілеріне өрт сөндіру мақсатында пайдаланатын техникаларға жанар-жағар май қорын жинап барлығын арнаулы төбесі жабық боксте сақтауға ұсыныс жасау;

2

2) Ауылдық округ аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және шаруа қожалықтарының жетекшілеріне өрт сөндіретін машиналар мен осы мақсатқа жарақтандырылатын техникаларды жұмысқа дайындап қоюға, өрт сөндіретін машина немесе осы мақсатқа жарақтандырылатын техника істен шыққан кезде оның орнына су таситын арнайы машиналар басқа да техникалармен ауыстырылуына ұсыныс жасау;

3

3) Ауылдық округ аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестер мен шаруа қожалығының жетекшілеріне:елді-мекендерде және объектілерде өрт сөндіруге арналған су қорымен қамтамасыз ету және ауа райы бұзылған жағдайда кезекшілік техникаларды ұйымдастыруға ұсыныс жасауға.

5

5. Өрт немесе төтенше жағдайлар жөніндегі хабар алу үшін барлық елді- мекендермен тұрақты байланыс орнату, төтенше хабар келген кездет тәулік бойы кезекшілік қойып, аудандық өрт бөлімінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету аудандық телекоммуникация торабына (С.Тажмұхан) ұсынылсын.

6

6. Аудандық №12 өрт бөлімінен (С.Рысқалиев) өрт бөлімінің жүргізушілері мен өрт сөндірушілер тобының мүшелеріне өрт сөндіретін машинаның жұмысы және өртті сөндіру тақырыбына 3 күндік семинар мен аудандық байланыс торабынан телефонискалармен сабақ өткізу сұралсын.

7

7. Аудан әкімиятының 2005 жылғы 23 сәуірдегі №8-7 «Ауданда өрт сөндіруді ұйымдастыру туралы» қаулысының (тіркеу №7-10-4, 26.05.2005ж.) күші жойылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын қадағалау каудан әкімінің орынбасары Қ.Жакиевке жүктелсін.
Келісілді:
Аудандық аумақтық басқармасының
бастығы Б.Кубайсов
Аудандық мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорының бастығы Б.Бисалиев
Аудандық телекоммуникация
торабының бастығы С.Тажмұхан
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы А.Алдабергенов
Аудандық электр тоабының
бастығы С.Тәжібаев
Аудандық №12 бөлімінің
бастығы С.Рысқалиев

12. Сырым ауданында өртті сөндіруге күш пен құрал-жабдықтарды пайдалану жоспары

Аудан әкімиятының 2006 жылғы «27» сәуірдегі №8-3 қаулысына
№1 қосымша
Сырым ауданында өртті сөндіруге күш пен құрал-жабдықтарды пайдалану жоспары

Елді
мекендердің
аттары
Өрт сөндіру бөлімі, ерікті өрт сөндірушілер тобының телефоны
Өрт сөн­ді­ру­ге жұ­мыл­ды­ры­ла­тын өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі, ерік­ті өрт сөн­ді­ру­ші­лер то­бы
Ел­ді ме­кен­дер­ге дей­ін­гі ара қа­шық­тық
№ 1 ша­қы­ру № 12 өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі­нің тех­ни­ка­ла­ры
№ 2 ша­қы­ру № 12 өрт сөн­ді­ру бө­лі­мі­нің тех­ни­ка­ла­ры
Қосымша күштер
1
Жымпиты
01,31-268,
31-218
№ 12 өрт сөндіру бөлімі, ерікті өрт сөндірушілер тобы
0
Су таситын машина АЦ-30/ГАЗ-66
Су таситын машина АЦ-40/ЗИЛ-130
Өрт сөндіруге жабдықталған техникалар
2
Өлеңті
01,31-268,
31-218
-
5
-
-
-
3
Коминтерн
01,31-268,
31-210
-
25
-
-
-
4
Қосарал
01,31-268,
31-222
-
47
-
-
-
5
Жырақұдық
01,31-268,
31-220
-
27
-
-
-
6
Бұлдырты
01,31-268,
92-329
-
70
-
-
-
7
Жосалы
01,31-268,
91-112
-
57
-
-
-
8
Аралтөбе
01,31-268,
31-215
-
27
-
-
-
9
Талдыбұлақ
01,31-268,
31-212
-
57
-
-
-
10
Тасқұдық
01,31-268,
31-213
-
69
-
-
-
11
Бұлан
01,31-268,
31-221
-
12
-
-
-
12
Алғабас
01,31-268,
31-212
-
53
-
-
-
13
Тоғанас
01,31-268,
31-217
-
72
-
-
-

13. Сырым ауданында үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде ЖОСПАР

Аудан әкімиятының 2006 жылғы «27» сәуірдегі № 8-3 қаулысына
№2 қосымша
Сырым ауданында үлкен дала және орман өрттерін сөндіру жөнінде ЖОСПАР

1

1. Үлкен өртті сөндіруге күшпен құрал-жабдықтарды үшін жедел топ құрылсын:
Жакиеа Қуандық Мешітқалиұлы – аудан әкімінің орынбасары, топ жетекшісі
Алдабергенов Абай Қапанұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, топ
мүшесі (келісім бойынша)
Рысқалиев Сырым Каменұлы - аудандық № 12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, топ мүшесі (келісім бойынша)

2

2. Өртпен апатты уақытында жою үшін жедел топ өрт сөндіру жетекшісінің нұсқаумен ауданда бар күшпен құрал-жабдықтарды жұмылдырылуы қарастырылсын.

3

3. Үлкен өртті сөндіру жұмыстарын басқару № 12 өрт сөндіру бөлімінің бастығы С.Рыскалиевке жүктелсін.

4

4. Өрт сөндіруге жұмылдыратын күшпен құрал-жабдықтардың тізімін шаруашылықтармен мекемелерге бекітілсін.

5

5. Үлкен өрт болған кезде елді мекендерде тізімде көрсетілген күшпен құрал- жабықтар өртті сөндіруге жедел топтың нұсқауымен қосылады.

19. Аудан көлеміндегі мекемелердің (келісім бойынша) үлкен өртті сөндіруге жұмылдыруңа жататын күшпен құрал-жабдықтарының тізімі

Аудан әкімиятының 2006 жылғы «27» сәуірдегі № 8-3 қаулысына
№ 3 қосымша
Аудан көлеміндегі мекемелердің (келісім бойынша) үлкен өртті сөндіруге жұмылдыруңа жататын күшпен құрал-жабдықтарының тізімі
Мекемелердің аттары
Адам саны
Санитарлық
машина
Жүк таситын машина
Тракторлар
Су таситын машина
Күректер
Сыпырғыш
Аудандық ішкі істер бөлімі
20
1
0
0
0
9
10
Аудандық электр үйесі
20
1
0
1
0
8
9
Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
10
0
0
1
2
3
4
Аудандық аумақтық басқарма
20
0
0
0
0
10
10
Аудандық байланыс торабы
10
0
1
1
4
4