Қолданыстағы ред. 03.04.2006

Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа) от 03.04.2006 г. № 154 (Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа))

0

Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алкоголь өнімдерімен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауға лицензияға қол қою құқығы мен уәкілетті тұлға болып Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Куликешев Адильхан Апиевич тағайындалсын.

2

2. Алкоголь өнімдерімен (сырадан басқа) көтерме және бөлшек сауда жасауға лицензия беру жөніндегі құжаттар дайындауды жүзеге асырушы жұмысшы орган болып «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

3

3. Қоса берілген лицензия ережелерінің сақталуын тексеруді жүргізу Ережесі бекітілсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Куликешевке жүктелсін.

5. Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қосымша
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «3» сәуірдегі
№ 154 қаулысымен бекітілді
Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖЕЛЕРІ

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, «Лицензиялау туралы» Заңының 15 бабының 1 тармақ 2 тармақшасына, «Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы №1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген.
2 Осы Ереже лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеуді реттейді.

3

3. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензиясы бар және Бөрлі ауданы аймағында орналасқан заңды және жеке тұлғалар тексеруге жатады.

4

4. Тексерісті «Бөрлі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі аймақтық құқықтық статистика және мәліметтер орталығында тіркелген өкілетті тұлға қол қойған тексеру туралы актіге сәйкес заңды және жеке тұлғаларды тексеру туралы хабарландыру мерзімін сақтай отырып жүргізеді. «Бөрлі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзырының шегінде және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп негізінде сәйкесті мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға құкықты.

5

5. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сату лицензиялық ережелерін сақтауға тексерілуі тиіс.

1

1) фискальді есте сақтау кабілеті бар бақылау - кассалық машинасының болуы және оның дұрыс жұмыс істеуі;

2

2) сатылатын тауардың сертификатының (белгілерінің) сәйкесті болуы, жарамдылық мерзімінің сақталуы, тауар маркасы мен акциздік маркасының тәртібі сақталуы керек;

3

3) алкогольді өнімдерді сату кезінде төменгі жекелеп сату бағасының сақталуы;

4

4) Жай кешенінін болуы (сату залы, тауарды сақтау және кабылдау жайы, ыдыс пен тараны сақтау жайы, әкімшілік-тұрмыстық жай)

5

5) алкоголь өнімдерін жекелеп сатумен айналысатын субьектілердің кызметін регламенттейтін техникалық құжаттары мен нормативтік-құқтық актілерінің болуы.

6

6. «Бөрлі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізу үшін берілген тексеріс белгілеу туралы актілерді тіркейді, олар бойынша заңнамаға сәйкес есеп жүргізеді.

7

7. Тексеріс нәтижесі бойынша лицензиялау ережесін сақтауды тексеру туралы акт құрылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы №1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес лицензиар лицензияның қолданысын тоқтату себебін көрсете отырып алты айға дейін тоқтатуға құқығы бар.

8

8. Лицензияны қолдануды тоқтату мәселесі лицензиаттың қатысуымен болған тексеріс нәтижесі бойынша қаралады.

9

9. Лицензиат қол қою арқылы немесе пошта хабарландыруы арқылы лицензияны қолдануды тоқтату туралы мәселенің қаралу орны мен күні туралы хабарландырылады.

10

10. Лицензиат келмеген жағдайда лицензиар лицензияны қолдануды тоқтату туралы шешімді қабылдайды.

11

11. Лицензияны қолдануды тоқтату туралы лицензиардың шешімі лицензиатқа қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) жіберіледі.

12

12. Лицензиат лицензияны қолдануды тоқтату себебін жойғаннан кейін лицензия жалғастырылады, ол туралы лицензиат қол қою арқылы немесе поштамен хабарландыру арқылы) хабардар етіледі

13

13. Лицензия әрекетін жалғастыру туралы шешімді лицензиар тексеріс жүргізгеннен кейін қабылдайды.