Об утверждении квалификационных требований при лицензировании юридических лиц на право осуществления профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Берiлiп отырған заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) комиссиясы осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 15 қарашадағы
N 1391 қаулысымен
Бекiтiлген
Заңды тұлғалардың бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығын лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
📌 Ескерту. Мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен .
Бiлiктiк талаптарының күшi бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға үмiткер заңды тұлғаларға жүредi және былайша айқындалады:
Тармақ i. I. Делдалдық, дилерлiк қызмет бойынша
I. Делдалдық, дилерлiк қызмет бойынша
Тармақ 1
1. Штатта:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрi - ҚР ҰБ) аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болу керек.
📌 Ескерту. 1-тармақта сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталының болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатқа клиенттiң оның бағалы қағаздармен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс.
Тармақ 5
5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногындағы делдалдық операцияларды жүзеге асыруға берген келiсiмi болуы қажет. <*>
Тармақ 6
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болу керек.
Тармақ ii. II. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет бойынша
II. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет бойынша
Тармақ 1
1. Мынадай бiлiктi мамандар:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар;
ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiпқой қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар болуға тиiс.
Тармақ 2
2. Тiркеу қызметiн жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздармен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ тiркеушiнiң:
бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу және оларды есепке алу ережелерiне;
құжаттар айналысы, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар бойынша iшкi есеп пен есептiлiк ережелерiне;
деректер тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiне қойылатын талаптар айқындалған жұмыс регламентi болуы керек.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаз ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тиiстi түрде қамтамасыз ететiн бағдарламалық-техникалық құралдар болуы керек.
Тармақ 6
6. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн қосымша ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және тiзiлiм жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берген келiсiмi болуы қажет. <*>
Тармақ 7
7. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.
Тармақ iii. III. Депозитарлық қызмет бойынша
III. Депозитарлық қызмет бойынша
Тармақ 1
1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар бiлiктi мамандар болуы керек.
Тармақ 2
2. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздармен және ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмайтын тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ депозитарийдiң:
бағалы қағаздарға деген меншiк құқықтарын белгiлеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу мен оларды есепке алу ережелерiне;
құжаттар айналысы, операцияларға iшкi есеп жүргiзу мен олар бойынша есептiлiк ережелерiне;
деректер тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
бағалы қағаздар бойынша депо шоттар жүргiзу жүйесiне қойылатын талаптарды қамтитын жұмыс регламентi болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Депозитарий мүшелерiнiң бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензияларының болуы қажет.
Тармақ 6. IY. Кастодиалдық қызмет бойынша
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуға тиiс.
IY. Кастодиалдық қызмет бойынша
Тармақ 1
1. Мынадай:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар;
ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болуы керек.
Тармақ 2
2. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталдың жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiк фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс, сондай-ақ кастодианның:
өзiне сенiп тапсырылған бағалы қағаздарды және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарын сақтау мен есепке алу ережелерiне;
бағалы қағаздармен мәмiлелер жүргiзуге бақылау жасау ережелерiне;
құжаттар айналысына, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды есепке алу және олар бойынша есептiлiк ережелерiне;
деректер тұтастығын және ақпараттар құпиялығын қамтамасыз етуге арналған iшкi бақылау ережелерiне;
клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша шоттарының жүйесiн жүргiзуге қойылатын талаптарды қамтитын жұмыс регламентi болуға тиiс.
Тармақ 5
5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн ҚР ҰБ банк қызметiн жүзеге асыруға берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногында делдалдық операциялар жүргiзуге келiсiмi, сондай-ақ бағалы қағаздарды сейфтiк сақтауды жүзеге асыруға берiлген лицензиясы болуы қажет.
Тармақ 6. Y. Қор биржасы бойынша
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.
Y. Қор биржасы бойынша
Тармақ 1
1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмдерi бар ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болуы керек.
Тармақ 2
2. Қор биржасының жұмысына арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын және капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуға тиiс.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
Тармақ 5
5. Лицензиатта:
биржалық саудаластық ережелерiн;
биржа мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң құқықтық теңсiздiк жағдайын болдырмау кепiлдiктерiн айқындайтын ережелердi;
клиенттердiң құқықтарын қорғау тетiктерiн;
қор биржасының мүшелерiне, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне қатысты санкциялар және өзге де шаралар қолдану тәртiбiн;
бағалармен айла-шарғылық әрекеттер жасауды шектейтiн ережелердi;
бағалы қағаздарды биржа листингiне енгiзудiң шарттары мен тәртiбiн;
бағалы қағаздарды бағалауға жiберу ережелерiн;
басқаруда тең құқықтарды қамтамасыз етудi;
биржада мәмiлелер жасау, оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;
есеп айырысу тәртiбi мен тәсiлдерiн;
биржаға мүшелiкке қабылдау, биржа мүшелiгiнен шығу және одан шығарып тастау тәртiбiн;
биржалық саудаға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн;
биржалық мәмiлелер бойынша биржалық саудаға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртiбiн;
биржалық сауда ережелерiн сақтауға бақылау жасау, тексеру, жүргiзу кезiнде ақпараттардың жариялылығы тәртiбiн қамтитын жұмыс регламентi әзiрленуге тиiс.
Тармақ 6. YI. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесi бойынша
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.
YI. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесi бойынша
Тармақ 1
1. Экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар, ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар бiлiктi мамандар болуы керек.
Тармақ 2
2. Биржадан тыс рыноктың бағалау жүйесiнiң жұмыс iстеуiне арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуға тиiс.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
Тармақ 5
5. Лицензиатта:
саудаластық жүргiзу ережелерiн;
бағалау жүйесiнiң мүшелерi мен клиенттерiнiң құқықтық теңсiздiк жағдайларын болдырмау кепiлдiктерiн айқындайтын ережелердi;
клиенттердiң құқықтарын қорғау тетiктерiн;
бағалау жүйесi мүшелерiне, олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне қатысты санкциялар мен басқа да шаралар қолдану тәртiбiн;
бағалармен айла-шарғылық әрекеттер жасауды шектейтiн ережелердi;
бағалы қағаздарды бағалауға жiберу ережелерiн;
басқарудағы тең құқықтарды қамтамасыз етудi;
биржада мәмiлелер жасау, оларды тiркеу мен есепке алу тәртiбiн;
есеп айырысу тәртiбi мен тәсiлдерiн;
бағалау жүйесiне мүшелiкке қабылдау, бағалау жүйесi мүшелiгiнен шығу және одан шығарып тастау тәртiбiн;
саудаға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн;
бағалы қағаздармен мәмiле жасауға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртiбiн;
сауда тәртiбiн сақтауға тексеру жүргiзу кезiндегi ақпараттардың жариялығы тәртiбiн қамтитын жұмыс регламентi әзiрленуге тиiс.
Тармақ 6. YII. Бағалы қағаздар портфелiн басқару бойынша
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.
YII. Бағалы қағаздар портфелiн басқару бойынша
Тармақ 1
1. Мынадай мамандар:
экономикалық, техникалық, заңдық жоғары бiлiмi бар немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық арнаулы орта бiлiмi бар;
ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiпқой қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар болуы керек.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының басқа да кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасауға қажеттi ұйымдастыру техникасы, компьютерлерi мен телекоммуникациялық жабдықтары болуы керек.
Тармақ 4
4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек. Лицензиатта клиенттiң оның бағалы қағаздарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге арналған ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөнiндегi тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуы керек.
Тармақ 5
5. Екiншi деңгейдегi банктердi лицензиялау үшiн қосымша ҚР ҰБ берген лицензиясы және бағалы қағаздар рыногында делдалдық операциялар жүргiзуге келiсiмi болуы қажет.
Тармақ 6. YIII. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу бойынша
6. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болу керек.
YIII. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен Қазақстан Республикасының аумағына әкелу бойынша
Тармақ 1
1. ҚР ҰБ-да аттестациялаудан өткен және кәсiби қызметтiң осы түрi бойынша бiлiктiлiк куәлiгi бар мамандар болуы керек.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау мен әкелу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған, шеңберiнде заңды тұлға бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларымен, эмитенттермен және инвесторлармен өзара iс-әрекет жасағанда жауапкершiлiкте болатын жеке капиталы болуы керек. Жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi ҚР ҰБ нормативтiк актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Ақпараттар ағымы мен құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есептiлiкке фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi, сондай-ақ осы функцияларды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерi болуы керек.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар болуы керек.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздар бланкiлерiне қойылатын техникалық талаптар болуы керек.
Тармақ 6
6. Баспа кәсiпорындарына қойылатын режимдiк талаптар болуы керек.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздар бланкiлерiн дайындауға арналған арнаулы технологиялар мен жабдықтар болуы керек.
Тармақ 8
8. Лицензиялауға ұсынылатын құжаттардың мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы керек.