О порядке организации и проведения конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Экибастузе Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен үнемі тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету қүқына конкурс ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы «Жолаушыларды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау Қағидасын бекіту туралы» № 113-1 бұйрығына сәйкес, әрі Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылгы 22 сәуірдегі "Облыстың жолаушылар көлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган туралы" № 150/4 қаулысы негізінде, автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1."Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының жолаушылар көлігін басқару бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып анықталсын.
1 -1 . Уәкілетті орган (В.В.Воронков):
Тармақша 1
1) Екібастұз қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен үнемі тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқына жеңімпаздарды анықтау бойынша конкурстық комиссия құрсын;
Тармақша 2
2) Екібастұз қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен үнемі тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқына конкурс үйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 3
3) Екібастұз қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен үнемі тасымалдау бағыттары құқын ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрінін 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген (2004 жылы 16 сәуірде нормативтік-құқықтық актілердің № 2809 мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген) жолаушылар және
автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау Қағидаларын басшылыққа алсын.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұргын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (В.В.Воронков) Екібастұз қаласында жолаушылар мен жүктерді автомобильмен үнемі тасымалдау бағыттарына қызмет көрсетуге тапсырыс беруші болып анықталсын.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.М. Көшімбаевқа жүктелсін.
Келісілді:
«Павлодар облысы бойынша
көліктік бақылау басқармасы
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А. Әубәкіров
2006 жылғы
Келісілді:
Екібастұз қалалық
мәслихатының хатшысы
Б. Шәймерденов
2006 жылғы
Келісілді:
Екібастұз қалалық ішкі істер
бөлімінің бастығы
С. Ергебаев
2006 жылғы