О мерах по обеспечению функционирования Усть-Каменогорского Аэропорта в соответствии с требованиями международных перевозок Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықаралык тасымалдаудың талаптарына сәйкес Өскемен аэропортының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен. Халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi жағдайлар туғызу, Өскемен аэропортының ғимараты мен үйлерiн оңды техникалық және эстетикалық жағдайға келтiру үшiн ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Үлбi" авиакомпаниясы" ААҚ басшылығына (Курлыкин Г.Е.) ресми делегациялар мен жоғары дәрежелi шетелдiк жолаушылар заңының үйлерiн жаңғырту мен ресiмдеуге жобалау-сметалық құжат әзiрлеу тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық энергетика, индустрия, көлiк, телекоммуникация және сыртқыэкономикалық байланыстар басқармасы (Плотников С.В.), облыстық директорлар Кеңесiмен (Цветинский А.Д.), халықаралық тасымалдауға мұқтаждығы бар кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларымен бiрге олардың аэропортты жаңғыртуға үлестiк қатысуы жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Халықаралық кеден тексеру пунктi бойынша нақты орындалған құрылыс-монтаж және ресiмдеу жұмыстарына ақы төлеуге облыс әкiмiнiң резервтiк қорынан 2500, 330 мың теңге бөлiнсiн. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.) қаражаттар аударуды 1999 жылғы 5 мамырға дейiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы (Никитин Н.Л.) аэропортты жаңғыртуға барлық қатысушылардың iс-қимылдарын үйлестiрудi және жұмысты жүргiзу кестелерiн орындау үшiн бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.