Об ограничении движения автомобильного транспорта Қолданыста
Басқа 0
Автомобиль көлігінің қозғалысын шектеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 2, 11) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 13-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, көктем кезеңінде жалпы пайдаланымдағы жолдарды күтіп ұстау мақсатында Федоров ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін қатысушыларға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарда 6 тонналы және одан жоғары жүк көлігі мен ауылшаруашылық техникасының қозгалысы шектелсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы Федоров ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын, жол жүретін барлық қатысушылар осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық маңызы бар жолдарда жол жүретіндерге, жүру бойынша қабылданған шектеулер жөнінде хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.С. Жақаевқа жүктелсін.