Об утверждении Перечня целевых групп населения Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының Тізбесін бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шараларды көздесін.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілер:
Тармақша 1
1) ұйымның жойылуына, штаты немесе саны қысқартылуына байланысты қызметкерлердің алдағы босатылуы және оған жатуы мүмкін қызметкерлер саны мен санаттары туралы ақпарат босатылатын қызметкерлердің лауазымдары және кәсіптері, мамандығы, біліктілігі және еңбек ақы мөлшері және олар босатылатын мерзімдері көрсетілуімен уақытылы, босатылу басталуының алдынды кемімен бір ай бүрын, өкілетті органға үсынсын;
Тармақша 2
2) үш жұмыс күні ішінде (бос лауазым) бос жүмыс орындарының бар болуы туралы мәліметтерді өкілетті органға бағыттасын;
Тармақша 3
3) уақытылы (өкілетті орган азаматтарды оған бағыттаған күнінен бес жұмыс күн ішінде) жұмысқа қабылдау немесі жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы себебі өкілетті органымен берілген бағыттауда тиісті белгі жолымен көрсетіліп хабарласын.
Тармақ 4
4. «Халықтың нысаналы топтарының Тізбесін бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 15 ақпандағы № 67 (2005 жылғы 11 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3369, №2 «Сарыкөл» газетінде 2005 жылдың 8 шілдесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Бегалинге жүктелсін.
Басқа 9. Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 158 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдардың Тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмек немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 13
13. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.
Тармақ 14
14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.