Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару туралы" № 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағындағы 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының "2006 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы кезектi 22 сессиясының № 2 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 сәуiрдегi кезектен тыс 25 сессиясының 1 шешiмi негiзiнде, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлген Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi"»мемлекеттiк мекемесi (В.И. Мишнев) әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Петропавл қаласының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Г.И. Дорофеева) қала бюджетiмен бекiтiлiп бөлiнген қаражат шегiнде әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек 2006 жылғы 1 мамырдан 31 мамыр аралығында төленедi деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсiн.
Басқа 6
Қала әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 647 қаулысымен бекiтiлген Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ Осы Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган (әрi қарай - уәкiлеттi орган) - «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушi - Ұлы Отан соғысына қатысушысының, мүгедегiнiң статусы бар азаматтар және оларға теңестiрiлген адамдар;
Тармақша 3
3) бiржолғы әлеуметтiк көмек - Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қосымша шараларға бағытталған ақшалай төлемдердiң бiр түрi.
Тарау 2. 2. Өтiнiш жасау тәртiбi
2. Өтiнiш жасау тәртiбi
Тармақ 2
2. Өтiнiш иесi тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырады:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
Тармақша 2
2) осы санатқа жататынындығын растайтын құжат (түпнұсқасы және көшiрмесi).
Тарау 3. 3. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу тәртiбi
3. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу тәртiбi
Тармақ 3
3. Бiржолғы әлеуметтiк көмек Петропавл қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушысының, мүгедегiнiң статусы бар азаматтарға және оларға теңестiрiлген адамдарға, уәкiлеттi органға берген өтiнiшi бойынша тағайындалады және төленедi.
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк көмек бiржолға, көмектiң басқа да түрлерiне байланыссыз тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi материалдық қолдау көрсету бойынша қосымша шара ретiнде 24 мың теңге сомасында белгiленедi.
Тармақ 6. Бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау туралы өтiнiш
6. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi төлеу уәкiлеттi органның ұсынған ведомостерi негiзiнде, алушылардың ашқан жеке шоттарына сомаларды аудару үшiн, заңнамамен белгiленген тәртiппен келiсiм шарт жасалған екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүргiзiледi. Азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережесiне қосымша "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы В.И. Мишневке Бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау туралы өтiнiш ТЕГІ____________________________________________ АТЫ ____________________________________________ ӘКЕСІНІҢ АТЫ____________________________________ МЕКЕН-ЖАЙЫ _____________________________________ ТЕЛЕФОН НӨМІРІ__________________________________ ТӨЛҚҰЖАТЫНЫҢ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ КУӘЛІГІНІҢ НӨМІРІ _____ ________________________________________________ БЕРІЛГЕН КҮНІ_____________КІМ БЕРГЕН____________ ________________________________________БАНКІНІҢ ____________________________________ФИЛИАЛЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ШОТЫНЫҢ НӨМІРІ ____________________________ Маған ________(________________) теңге көлемiнде бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды сұраймын. ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮН ӨТІНІШ ИЕСІНІҢ ҚОЛЫ _________________ ___________________ Өтiнiш берушi ұсынған құжаттардың шүбәмiздiгiн растаймын. _________________________________________________________ (Т.А.Ә.) (қолы)