О реорганизации системы теплоснабжения города Усть-Каменогорска Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесін қайта ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздагы N 94 шешімімен. Өскемен қаласының жылу желiлерiнiң сенiмдiлiгiн арттыру, жылу энергиясын өндiру, тапсыру және өткiзу шығындарын, әкімшілік шығындарды қысқарту, тұтынушылар үшiн бiрыңғай тариф белгiлеу, "Усть-Каменогорские тепловые сети" Ашық Акционерлiк Қоғамының, "Востоктеплоэнерго", "Металлургжилсервис" Мемлекеттiк Кәсiпорындарының iшкi қарыздарын өтеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының жылумен қамту жүйесi төмендегiдей мақсаттар үшiн қайта ұйымдастырылсын: - "Востоктеплоэнерго", "Металлургжилсервис" Мемлекеттiк кәсiпорындары жойылып, олардың мүлiктiк кешендерi "Усть-Каменогорские тепловые сети" Акционерлiк Қоғамының жарғылық капиталына берiлсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет заңмен белгiленген тәртiпте жою және қайта ұйымдастыру үрдiсiн өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасына 1998 жылғы 13 ақпанда жасалған N 55 Басқару келiсiм-шартын 10 жылға дейiн ұзартып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тапсырылсын. Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 874 шешімімен.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарт шартымен акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқаруға берген үшiн, кәсiпорынның тұрақты және iркiлiссiз жұмысын қамтамасыз ету үшiн, жалақы бойынша, бюджетке және бюджеттен тыс қорлар алдындағы кредиторлық қарызды өтеген үшiн, жылу энергиясын өндiру және тасымалдау шығынын төмендеткен үшiн, мердiгерлiк ұйымдардың күз және қыс мезгiлiндегi жұмысқа дайындық жүргiзу қызметiне төлем жасаған үшiн сыйақы төлеу көзделсiн. Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 874 шешімімен.
Тармақ 5
5. Заңмен белгiленген тәртiпте "Облтеплокоммунэнерго" мемлекеттiк кәсiпорыны жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмiнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiм қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi.