Об утверждении Правил установления экономической оценки ущерба от загрязнения окружающей среды Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ереж есiн бекiту туралы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысымен бекiтiлген Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының  86-бабына  сәйкес әзiрлендi және қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Зиянды экономикалық бағалауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға зиян келтiру фактiсi белгiленген күннен бастап бiр ай мерзiмде қажеттi материалдарды жинауды және талдауды жүргiзедi және қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары зиянды экономикалық бағалауды белгiлегеннен кейiн зиян келтiрген заңды және жеке тұлғаларға өз еркiмен осы зиянның орнын толтыру туралы талап не сотқа талап-арыз ұсынады.
Тармақ 4
4. Зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалар зиянды экономикалық бағалау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк бюджетке зиянды жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзуге қаржы аударады.
Тармақ 5
5. Зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу кезiнде мыналар назарға алынады: қоршаған ортаны қалпына келтiру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың салдарларын жою жөнiндегi шаралардың құны; ағымдағы жылға арнап жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкалары; келтiрiлген зиянның экологиялық қауiптiлiгiнiң дәрежесi; экологиялық тәуекел дәрежесi; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес  орман ,  жер  заңнаманы,  жануарлар дүниесiн қорғау , өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзумен келтiрген  зиянды өтеу мөлшерi .
Тармақ 6
6. Зиянды экономикалық бағалау мынадай әдiстермен белгiленедi:
Тармақша 1
1) зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi;
Тармақша 2
2) зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi.
Тармақ 2. 2. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi
2. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi
Тармақ 7
7. Зиянды экономикалық бағалаудың тура әдiсi қоршаған ортаны қалпына келтiру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзу салдарларын жою үшiн қажеттi нақты шығындарды айқындаудан тұрады.
Тармақ 8
8. Зиянды экономикалық бағалаудың көрсетiлген әдiсi келтiрiлген зиянның салдарлары инженерлiк, ұйымдастырушылық-техникалық және технологиялық iс-шараларды не өзге де барабар шараларды жүргiзу жолымен жойылуы мүмкiн болған жағдайда қолданылады.
Тармақ 9
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары бiрiншi кезекте зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру мүмкiндiгін қарастырады. Бұл ретте, қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi тиiстi мiндеттемелер зиян келтiрген заңды және жеке тұлғалардың нақты iс-шаралар мен олардың жүргiзiлу мерзiмi көрсетілген кепіл хатында жазылады.
Тармақ 10
10. Қоршаған ортаны қалпына келтiру, тозған табиғи ресурстарды толықтыру, тiрi организмдердi сауықтыру үшiн қажеттi шаралар көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзуге арналған түрлi iс-шараларды әзiрлеу жолымен айқындалады. Зиянның салдарларын жою жөнiндегi қажеттi шаралардың құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.
Тармақ 3. 3. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi
3. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi
Тармақ 11
11. Зиянды бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегі iс-шаралармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзу салдарларын жою жөнiндегi шаралар қабылдаумен келтiрiлген зиянның орны толтырылмайтындықтан тура әдiстi қолдану мүмкiн болмайтын жағдайларда қолданылады.
Тармақ 12
12. Зиянды экономикалық бағалаудың жанама әдiсi қоршаған ортаға нақты әсер ету мен белгiленген нормативтердiң арасындағы ара қатынасқа, сондай-ақ қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем ставкаларына, экологиялық қауiптiлiк және экологиялық тәуекел деңгейлерiне негiзделедi. Зиянды жанама әдiспен экономикалық бағалау, қоршаған ортаға әсер ету түрлерiне қарай ингредиент арқылы зиянды әрбiр ингредиент бойынша жеке жиынтықтау жолымен белгіленедi.
Тармақ 13
13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауiптiң деңгейiн, сондай-ақ экологиялық тәуекелдiң деңгейiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары осы  Ережеге 1  және  2-қосымшаларда  келтiрiлген критерийлердiң негiзiнде белгiлейдi.
Тармақ 14
14. Тұрақты көздерден атмосфералық ауаның ластануынан, су ресурстарының ластануынан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге  3-қосымшада  көзделген есептерге сәйкес белгіленедi.
Тармақ 15
15. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу үшiн осы Ережеге  4-қосымшаға  сәйкес есеп қолданылады.
Тармақ 16
16. Қоршаған ортаны өз бетiмен ластаудан келтiрілген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеген кезде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес есептеу формулалары қолданылады, онда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының, қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгiндiлерiнiң және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемiнiң нормативтерi нөлге тең деп қабылданады. Осы Ереженiң мақсаттарында қоршаған ортаны өз бетiмен ластау деп тұрақты көздерден атмосфераға шығарындылар, ағынды сулардың төгiндiлерi, қалдықтарды және кез келген басқа ластаушы заттарды орналастыру, сондай-ақ қоршаған ортаға рұқсатсыз физикалық және өзге де әсер ету, оның iшiнде авариялық және келiсiлмеген жаппай шығарындылар (төгiндiлер) түсiнiледi. Табиғатты пайдалануға берiлген рұқсатпен белгіленген қалдықтардың уыттылық сыныбын сақтамау, сондай-ақ қалдықтарды өз бетiмен орналастыру ретiнде қарастырылады.
Тармақ 17
17. Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге  5-қосымшада  көзделген есепке сәйкес белгiленедi.
Тармақ 4. 4. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу
4. Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу
Тармақ 18
18. Жер асты суларының ластауынан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ережеге сәйкес оларды тазалау жөнiндегi iс-шаралардың құны бойынша тура әдiспен не ағынды сулардың өз бетiмен болған төгiндiсiнiң не қалдықтарды өз бетiнше орналастырудың нақты көлемiн негiзге ала отырып, жанама әдiспен белгiленедi. Бұл ретте, жер асты суларына келiп түскен ластаушы заттардың абсолюттiк мөлшерi ластаушы заттардың концентрациясын және жер асты ағынының шығындарын не ұңғыма өнiмдiлiгiн айқындау әдiстерiмен белгiленедi.
Тармақ 19
19. Жобалық және жобадан тыс бөгеттердiң, бөгеулердiң, жолдардың бұзылуы салдарынан, сондай-ақ шаруашылық қызметiнен болған шұңқырлар мен жыралардың пайда болуы салдарынан гидрографиялық желiнiң топырақпен ластануы топырақтың гидрографиялық желiсiне тасталған өлшенген бөлшектердiң авариялық төгiндiсi ретiнде қабылданады. Мұндай ластанудың зиянын экономикалық бағалау осы Ережеге 3-қосымшаның 2-тармағына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 20
20. Жалпы таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрi - ЖПҚ) өз бетiмен өндiруден келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау өндiрiлген пайдалы қазбалардың және/немесе ЖПҚ-дан алынған өндiрiп шығарылған тауарлық өнiм құнының мөлшерiнде белгiленедi. Өндiрiлген ЖПҚ мен өндiрiп шығарылған тауарлық өнiмнiң құны бұзушылық анықталған күннен бастап бiр тоқсаннан аспайтын кезеңдегi тауарлық өнiмдi сатудың орташа нарықтық құны негiзге ала отырып айқындалады. Тауарлық өнiм сатылмаған жағдайда өндiрiлген ЖПҚ құны осы әкiмшілік-аумақтық бiрлiкте бұзушылық айқындалған тоқсанның алдындағы тоқсан iшiнде ұқсас iс-әрекеттi жүзеге асыратын табиғатты пайдаланушыларда қалыптасқан орташа нарықтық баға негiзге алына отырып айқындалады. Көрсетілген мәлiметтер жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлетті органнан не жергiлiктi атқарушы органдардан сұралады.
Тармақ 21
21. Топырақ жамылғысына оны жоюмен, жерлеумен немесе ластаумен келтiрiлген зиянды барлық санаттағы жерлер үшiн экономикалық бағалау осы Ережеге сәйкес топырақтың жоғалтқан сапасын қалпына келтiру құны бойынша тура әдiспен не ағынды сулардың өз бетiмен болған төгiндiсiнiң немесе қалдықтарды өз бетiмен орналастырудың нақты көлемiн негiзге ала отырып, жанама әдiспен белгiленедi. Бұл ретте, осы ереженiң мақсаттары үшiн топырақ жамылғысын жою деп қалпына келтiру мүмкiн емес, не арнайы жұмыстар (жердi қалпына келтiру, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар) жүргiзудi талап ететiн жердiң ерекше шаруашылық, ландшафтық-рекреациялық және экожүйелiк (су реттеу, топырақ қорғау) құндылығын толық жоғалтуға әкеп соғатын әрекеттер түсiнiледi.
Тармақ 22
22. Ауыл және орман шаруашылықтарын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған жер және орман ресурстарына келтiрiлген зиянды, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiк дүниесiне, жануарлар мен өсiмдiктердi заңсыз жинаумен, дайындаумен, зақымдаумен немесе жоюмен келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау жер, орман заңнамасының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне, балық қорына және гидробионттарға жер, су және өсiмдiк ресурстарын ластау, жою немесе зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау жер, су және өсiмдiк ресурстарына жиынтықты көлемде келтiрiлген зиянды экономикалық бағалаудың нәтижелерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар ескерiле отырып, белгіленедi.
Басқа 1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауiптiң деңгейiн айқындау критерийлерi
Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне 1-қосымша Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық қауiптiң деңгейiн айқындау критерийлерi Кри­те­рий­лер Эко­ло­ги­я­лық қа­уіп ко­эф­фи­ци­ен­ті Қал­дық­тар­ды кәс­i­по­рын­дар­дың қой­ма­ла­у­ға ар­нал­ған аумақ­та­ры­на ор­на­ла­сты­ру, қой­ма­ға және кө­му­ге (эко­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға жа­у­ап бе­ретiн объ­ек­тiлер) рұқ­сат етiл­ген жетiл­дiрiл­ген үй­iн­дiлер, по­ли­гон­дар, қой­ма­лар, көң­сақ­та­уы­штар және бас­қа аумақ­тар; су ай­дын­да­ры­на және жи­на­ғы­штар­ға ұй­ым­да­сты­ры­л­ған тө­гiн­дiлер; шы­ғын­ды­лар­дың ұй­ым­да­сты­ры­л­ған көз­дерi 1 Қал­дық­тар­ды кәс­i­по­рын­дар­дың жай­ла­сты­рыл­ма­ған аумақ­та­ры­на ор­на­ла­сты­ру; қа­ра­пай­ым жи­на­ғы­штар­ға сар­қын­ды су­лар­дың тө­гiн­дiлерi; тех­но­ло­ги­я­лық негiз­дел­ген шы­ға­рын­ды­лар­дың ұй­ым­да­сты­рыл­ма­ған көз­дерi 1,5 Кә­сі­по­рын­дар­дың ау­ма­ғын­да­ғы тех­но­ло­ги­я­лық негіз­дел­ме­ген шы­ға­рын­ды­лар мен тө­гiн­дiлер; ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ал­қап­та­ры­ның және мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры жерiнiң ор­ман өспе­ген аумақ­та­ры­на қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру 2,0 Шы­ға­рын­ды­лар, тө­гiн­дiлер, мем­ле­кет­тiк ор­ман қо­ры жерiнiң ор­ман өс­кен ау­ма­ғы­на, қо­ны­ста­ну мен ерекше қор­ға­ла­тын аумақ­тар­ға, су қор­ғау ай­мақ­та­ры­на және су то­ған­да­ры ай­дын­да­ры­на (тар­ты­л­ған­да­рын қо­са ал­ған­да) қал­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру, ауыз су­мен қам­ту көз­дерiн са­ни­тар­лық қор­ғау ай­мақ­та­ры­ның 1 және 2 бел­де­улерi, ку­рорт­тар­ды са­ни­тар­лық қор­ғау округ­терiнiң 1 және 2 ай­мақ­та­ры 3,0
Басқа 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық тәуекелдiң деңгейiн айқындау критерийлерi
Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне 2-қосымша Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық тәуекелдiң деңгейiн айқындау критерийлерi Кри­те­рий­лер Эко­ло­ги­я­лық тәу­е­кел ко­эф­фи­ци­ен­ті Соң­ғы үш жыл­да зи­ян кел­тiр­ген заң­ды және же­ке тұ­лға­лар та­ра­пы­нан осы түр­дi бiрiн­шi бұ­зу бұ­зу­шы­лық бо­лып та­бы­ла­ды 1 Соң­ғы үш жыл­да зи­ян кел­тiр­ген заң­ды және же­ке тұ­лға­лар та­ра­пы­нан осы түр­дi бiр­ден үш­ке дей­iн­гi бұ­зу жағ­дайы орын ал­ған­да 1,1 Соң­ғы үш жыл­да зи­ян кел­тiр­ген заң­ды және же­ке тұ­лға­лар та­ра­пы­нан осы түр­дi төрт­тен он­ға дей­iн­гi бұ­зу жағ­дайы орын ал­ған­да 1,5 Соң­ғы үш жыл­да зи­ян кел­тiр­ген заң­ды және же­ке тұ­лға­лар та­ра­пы­нан осы түр­дi он­нан астам бұ­зу орын ал­ған­да 2
Басқа 3. Тұрақты көздерден атмосфералық ауаны, су ресурстарын ластаудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеудiң есептерi
Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне 3-қосымша Тұрақты көздерден атмосфералық ауаны, су ресурстарын ластаудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеудiң есептерi
Тармақ 1
1. i-ингредиентi бойынша тұрақты көздерден атмосфералық ауаны белгіленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады: U i  =(С нақты i  С норм i ) х 3600/1000000 х А і  х Т х С шығ.  х 10 х К 1  х К 2 мұндағы: U i  - тұрақты көздерден атмосфералық ауаны i-ингредиентпен ластаудан келтірiлген зиянды экономикалық бағалау, теңге; С нақты і  - мемлекеттiк бақылау барысында айқындалған i-ластаушы заттың нақты шығарындысы, г/сек; С норм і  - i-ластаушы зат шығарындысының нормативi, г/сек; А і  = 1/ШЖКсс формуласы бойынша анықталатын: А і  - салыстырмалы қауiп коэффициентi, мұндағы ШЖКсс - атмосфералық ауадағы заттың шектi жол берiлетiн орта тәулiктiк концентрациясы; Т - соңғы тексерiстен кейiнгi уақыт ретiнде қабылданатын, бiрақ 90 күннен аспайтын зиян келтiру кезеңiндегi жабдықтың жұмыс уақыты, (сағатпен); С шығ.  - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың 1 шартты тоннасын шығарғаны үшін төлем ставкасы, теңге/шартты тонна; 10 - арттыру коэффицентi; К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша; К 2  - экологиялық тәуекел коэффициентi, 2-қосымша.
Тармақ 2
2. i-ингредиент бойынша су ресурстарын белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады: U і  = (С нақты і - С норм і ) х V нақты  х С төг.  х А і  х 10 х К 1  х К 2 мұндағы: U і  - i-ингредиентпен су ресурстарын ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау/теңге/; С нақты і  - ағынды сулардағы i-ластаушы заттың нақты концентрациясы, мг/л.; С норм і  - i-ластаушы зат төгiндiсiнiң нормативi, мг/л; V нақты  - соңғы тексерiстен кейiнгi уақыт ретiнде қабылданатын, бiрақ 90 күннен аспайтын кезеңдегi су беру көлемi, млн.куб.м.; А і  = 1/ШЖКв формуласы бойынша анықталатын: А і  - салыстырмалы қауiп коэффициентi, мұндағы ШЖКв - осы түрдегi су объектiсiндегi ластаушы заттың шектi жол берiлетiн концентрациясы; С төг. - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен ластаушы заттар төгiндiсiнiң 1 шартты тоннасы үшiн төлем ставкасы, теңге/шартты тонна; 10 - арттыру коэффициентi; К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша; К 2  - экологиялық тәуекел коэффициентi, 2-қосымша.
Тармақ 3
3. Қауiп сыныбына қарай, өндiрiстiк қалдықтардың i-түрiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан және тұтынудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мынадай формула бойынша анықталады: U i = (Ғ нақты і  - Ғ норм і ) х С қал. х 10 х К 1  х К 2 мұндағы: U і  - қауiп сыныбына қарай өндiрiстiк қалдықтардың і-түрiн орналастырудан және тұтынудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау, теңге; Ғ нақты і  - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде қауiп сыныбына қарай өндiрiс қалдықтарының i-түрiн орналастырудың және тұтынудың нақты көлемi, тонна немесе мың текше метр; Ғ норм і  - белгiлi бiр уақыт кезеңiнде қауiп сыныбына қарай өндiрiс қалдықтарының i-түрiн орналастырудың және тұтынудың нормативтiк көлемi, тонна немесе мың текше метр; С қал. - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен қауiп сыныбына қарай өндiрiс қалдықтарының i-түрiнiң 1 тоннасын немесе 1 мың текше метрiн орналастыру және тұтыну үшiн төлем ставкасы, теңге; 10 - арттыру коэффициентi; К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша; К 2  - экологиялық тәуекел коэффициентi, 2-қосымша.
Басқа 4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалаудың есебi
Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне 4-қосымша Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалаудың есебi Автомотор отынының i-түрi бойынша жылжымалы көздерден атмосфералық ауаны белгiленген нормативтерден асыра ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады: U i  = (С нақты - С норм )/ с норм  х R нақты і  х С шығ. і  х 10 мұндағы: U i  - автомотор отынының i-түрiн жағу кезiнде жылжымалы көздердiң атмосфералық ауаны ластауынан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау, теңге; С нақты  - мемлекеттiк бақылау барысында айқындалған ластаушы заттың нақты концентрациясы не шығарынды газдардағы түтiндiлiк көрсеткiшi, көлемдi үлесi немесе %; С норм  - ластаушы зат концентрациясының нормативтi не шығарынды газдардағы түтiндiлiк көрсеткiшi, көлемдi үлесi немесе %; R нақты і  - соңғы тексеруден кейiнгi уақыт ретiнде қабылданатын, бiрақ 90 күннен аспайтын зиян келтiру кезеңiндегi автомотор отынының i-түрiнiң шығыны тонна; С шығ. і  - ағымдағы жылға арнап жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен жылжымалы көздермен автомотор отынының i-түрiнiң 1 тоннасын жағу кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары үшiн төлем ставкасы, теңге/тонна; 10 - арттыру коэффициентi.
Басқа 5. Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеудiң есептерi
Қоршаған ортаны ластаудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеу ережесiне 5-қосымша Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан, сондай-ақ қоршаған ортаға орналастырылған құрылыс материалдарынан, тау-кен қалдықтары мен шламдарынан, ағынды және рудалық сулардан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалауды белгiлеудiң есептерi Қоршаған ортаға радиобелсендi қалдықтарды, сондай-ақ иондаушы сәулелену көздерiн белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиян уыттылығының 1 тоннасы радиобелсендiлiктiң 12 Гигабеккерелiне (ГБк) тең неғұрлым таралған радиобелсендi заттың-табиғи уранның белсендiлiгi бойынша радиобелсендi қалдықтарды орналастырғаны үшiн төлем нормативiн негiзге ала отырып белгiленедi. Бұл ретте, трансурандық элементтердi қоспағанда, жиынтықты альфа-сәулелену радионуклидтерiнiң 12 ГБк орналастырғаны үшiн төлем нормативi қоршаған ортаға қауiптiң 2 сыныбындағы өнеркәсiптiк қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлем нормативiне теңестiрiледi. Трансурандық элементтердiң 12 ГБк орналастырғаны үшiн төлем нормативi қоршаған ортаға қауiптiң бiрiншi сыныбындағы өнеркәсiптiк қалдықтардың 1 тоннасын орналастырғаны үшiн төлем нормативiне теңестiрiледi. Осылайша, трансурандық элементтердiң 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы мынаған тең: С РБҚ t  = C y1 /12; альфа радиобелсендi қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы мынаған тең: С РБҚа  = С у2 /12; бета радиобелсендi қалдықтардың 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы мынаған тең: С РБҚв  = С у2 /12х0,1; мұндағы: С у1 , С у2  - ағымдағы жылға жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен уыттылықтың 1 немесе 2 сыныбына сәйкес өнеркәсiптiк қалдықтардың 1 тоннасы үшiн төлем ставкасы; 0,1 - альфа-сәулелену радионуклидтерiнiң төменгi елеулi белсендiлiгiн (ТЕБ) салыстыру бойынша 10 есе кем бета-сәулелену радионуклидтерi үшiн ТЕБ-тi негiзге ала отырып, бета радиобелсендi қалдықтар үшiн төмендеткiш коэффициент. Радиобелсендi қалдықтарды немесе трансурандық элементтердi белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау мына формула бойынша анықталады: U = (F нақты  - F норм ) x C РБҚ a,в,t  х 10 х К 1  х К 2 мұндағы: U - радио белсендi қалдықтарды белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау (теңге); Ғ нақты  - орналастырылған радиобелсендi қалдықтардың нақты радиобелсендiлiгi, ГБк; Ғ норм  - орналастырылған радиобелсендi қалдықтардың нормативтiк радиобелсендiлiгi, ГБк; С РБҚ  - радиобелсендi қалдықтарға немесе трансурандық элементтерге сәйкес 1ГБк орналастырғаны үшiн төлем ставкасы, теңге/ГБк; 10 - арттыру коэффициентi; К 1  - экологиялық қауiп коэффициентi, 1-қосымша; К 2  - экологиялық тәуекелдiк коэффициентi, 2-қосымша. Қоршаған ортада орналастырылған 0,3 кБк/кг-нан астам артық, бiрақ альфа-сәулелену радионуклидтерi үшiн 10 кБк/кг және бета-сәулелену радионуклидтерi үшiн 100 кБк/кг аспайтын санитарлық нормалардан жоғары жасанды және табиғи радионуклидтер бар құрылыс материалдары, тау-кен қалдықтары мен шламдары, ағынды және рудалық сулар радиобелсендi қалдықтар болып табылмайды, шектеулi пайдаланылатын материалдарға жатады және өнеркәсiптiк қалдықтарды көму орындарында орналастырылады. Осындай материалдарды белгiленген нормативтерден асыра орналастырудан келтiрiлген зиянды экономикалық бағалау осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес қауiптiң 4 сыныбы бойынша айқындалады.