Об освобождении от уплаты за проезд по мосту через реку Урал Күшін жойған
Басқа 0
Орал өзені көпірінен өткені үшін төлем төлеуден босату туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы товар өндірушілерінің көптеген өтініштерін ескеріп және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орал қаласындағы Орал өзені көпірінен өткені үшін көлік құралдарына төлем белгілеу туралы» 1997 жылғы 3 ақпандағы № 135 қаулысына сәйкес Орал қаласының әкімі О.И. Рахимбердин Батыс Қазақстан облысының көлік құралдарының барлық түрлеріне тегін өтуіне рұқсат ететін болсын.
Тармақ 2
2. Облыстық жол полициясы (Маковский), Батыс Қазақстан облысы бойынша көлікті бақылау комитетінің басқармасы (Үмбеталиев) Орал өзені көпірі арқылы ірі көлемді және ауыр салмақты көліктердің, ауыл шаруашылығы машиналары мен көлік құралдарының қауыпсіз өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Ф. Маючийге жүктелсін.