Қолданыстағы ред. 07.04.2006

Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты үйлер туралы от 07.04.2006 г. № 48 (Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты үйлер туралы)

0

Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты үйлер туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 12-5) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылдың 13 тамыздағы № а-8/99 «Ақмола облысы аймағындағы ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету туралы» қаулысы негізінде, Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің апаттық жағдайда болуына байланысты меншік иелерін анықтап, шешімін құру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қорғалжын ауданы орталығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің апаттық жағдайда болуына байланысты меншік иелерін анықтап, бөлшектенуін шешу мақсатында жасалған құжаттардың іс жүзіне асуы және пайдалануы тек қана аудандық сот шешімінен кейін заңды түрде күшіне енсін.

2

2. 2006 жылдың 1-ші қаңтар айынан бастап, аудан көлемінде және ауыл округтерінде апаттық жағдайда тұрған көп қабатты тұрғын үйлердің, жер үйлердің және ғимараттардың сол маңайдағы тұрғындарға, қоршаған ортаға қауіп төндіруіне байланысты нысаналардың иелері анықталып, бөлшектену туралы іс-шаралар жүзеге асырылсын:
-ғимарат немесе үй иелерінің меншіктікті растайтын құжаттарын тіркеу,
-меншік иесінің келісімі бойынша бөлшектену туралы құжаттар,
-тұрғын үйдің меншік иесіне нарықтық құн мөлшерінде өтемақы төленгені туралы құжат,
-жұмысты өндіру жобасы,
-техникалық төлқұжат,
-ҚМЖ түрі тізбесімен демонтаж қызметін іске асыру үшін жасайтын және құқығы бар мердігердің мемлекеттік лицензиясы,
-авторлық қадағалауды, жобаны әзірлеуші іске асыратын жобалау ұйымдары мен тапсырыс берушінің шарты,
-бас мердігер жағынан тұлғаның жауапкершілік қолы,
-демонтаж іс-шараларын жүзеге асыратын ұйымның атынан жауапты және лауазымды тұлғалардың шарт жасау кезінде куәлігі мен қолы

3

3. Аудан тұрғындарына және мекемелер мен ұйымдарға үйлер мен ғимараттардың демонтаж кезінде ішкі істер бөлімімен бірге тиісті қауіпсіздікті сақтау туралы хабардар етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.