Кәмелетке толмаған тұлғалардың Жаңақала ауданының демалыс орындарына баруы туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмелетке толмаған тұлғалардың Жаңақала ауданының демалыс орындарына баруы туралы Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтың бұдан әрі өсуінен сақтандыру, сондай - ақ он сегізге толмаған тұлғалардың құқыққа қарсы іс - қимылдарының жолын кесу, оларды денсаулыққа зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихаттың теріс ықпалынан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергіліктік басқару туралы» Заңының 31 бабы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 36 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмаған тұлғалардың ата - анасыз (қамқоршысыз) ауданның демалыс орындарында (парктер, кинотеатрлар, түнгі клубтар, компьютер клубтары, ойын автоматтар залдары, кафелер, бильярд клубтар) болуы сағат 22 - ге дейін белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім беру бөлімі оқушы жастар мен ата- аналар (қамқоршылар) арасында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік бұзушылық туралы» Кодексінің «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы» атты 9 - тарауында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» атты VI - бөлімінде қарастырылған жауапкершіліктің бар екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Аудандық ішкі істер бөлімі демалыс орындарының қызметің осы қаулыда қарастырылған белгілеуге қатысты тиісінше бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға тапсырылсын.