Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тиісті аудандық бюджет есебінен төмендегі белгіленген санаттарға әлеуметтік төлем төленсін:
Тармақша 1
1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге;
Тармақша 2
2) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге Жеңіс күніне орай;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге Жеңіс күніне орай;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге Жеңіс күніне орай;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне Жеңіс күніне орай;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған, жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінің жесірлеріне;
Тармақша 8
8) тыл еңбеккерлеріне Жеңіс күніне орай;
Тармақша 9
9) 1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне Жеңіс күніне орай;
Тармақша 10
10) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Жеңіс күніне орай.
Тармақ 2
2. Аталған санаттарға берілетін төлемдердің мөлшері мен мерзімі:
Тармақша 1
1) дербес зейнеткерлер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1030 теңге;
Тармақша 2
2) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына ай сайын 2006 жылдың 1 қаңтар айынан бастап 1 мың теңге;
Тармақ 3
3. Жеңіс күніне орай біржолғы берілетін төлем:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге.- 40000 теңге;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге - 5000 теңге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге - 3000 теңге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - 10000 теңге;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - 5000 теңге;
Тармақша 6
6) Тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
Тармақша 7
7) 1941 - 1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне – 3000 теңге;
Тармақша 8
8) бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына – 5000 теңге.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға тапсырылсын.