Материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында тұрақты тұратын әлеуметтік қорғауға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына жерлеуге және емделуге төмендегідей материалдық көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) азамат (ша) қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға 10 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде;
Тармақша 2
2) емделу үшін 5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Сисенғалиға тапсырылсын.